Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Жас информатиктер
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру; ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту; шығармашылыққа баулу; өз ойын еркін жеткізе білуін қалыптастыру; өткен тақырыптарды шапшаң еске түсіру дағдыларын жетілдіру.
Көрнекіліктер
Слайдтар, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, сыныпты түгелдеу.
  • Сыныпты екі топқа бөлу.

II. Жаңа сабақ (сайыс форматы)

Бүгінгі сайыс кезеңдерге бөлінеді. Сынып екі топқа бөлінеді: 1-топ — «Пернетақта», 2-топ — «Монитор».

Кезеңдер тізімі

  1. 1. Сұрақ–жауап
  2. 2. Сәйкестікті табу
  3. 3. Бұл кім? Бұл не?
  4. 4. Сөзжұмбақ шешу
  5. 5. Ойлан да тап
  6. 6. Компьютердің пайдасы мен зияны (пікірталас)

1-кезең: Сұрақ–жауап

1-топ («Пернетақта») сұрақтары

  1. 1. «Ақпарат» термині латын тілінен аударғанда нені білдіреді?
    Жауап: баяндау, түсіндіру, мәлімет.
  2. 2. Ақпараттың негізгі қасиеттері қандай?
    Жауап: сенімділігі, толықтылығы, құндылығы, дер кезінде берілуі, түсініктілігі, қолжетімділігі, қысқалығы, нақтылығы.
  3. 3. Ақпараттың өлшем бірліктері қандай?
    Жауап: бит және байт.
  4. 4. Есепшот Ресейде қай ғасырларда пайда болды?
    Жауап: XV–XVI ғасырлар.
  5. 5. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар.
    Жауап: монитор, жүйелік блок, пернетақта, тінтуір.
  6. 6. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
    Жауап: Қосу → Программалар → Стандартты → Paint.
  7. 7. WordPad құжатын бірінші рет қалай сақтаймыз?
    Жауап: Файл → «Сохранить как».
  8. 8. «Құю» (Заливка) құралының қызметі қандай?
    Жауап: тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
  9. 9. Жолды толықтай бас әріппен теру үшін қай перне қолданылады?
    Жауап: Caps Lock.
  10. 10. Қағаздағы кескінді сканерлеп, экранға шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы қалай аталады?
    Жауап: сканер.

2-топ («Монитор») сұрақтары

  1. 1. Информатика дегеніміз не?
    Жауап: ақпаратты жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және ұсыну әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылым.
  2. 2. Ақпараттың түрлері қандай?
    Жауап: көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу арқылы қабылданатын ақпарат.
  3. 3. «Информатика» сөзінің ақпараттық көлемін анықтаңдар.
    Жауап: 11 символ, 11 байт, 88 бит.
  4. 4. Арифмометрді (калькуляторды) құрастырған ғалым кім?
    Жауап: 1694 жылы неміс математигі Г. В. Лейбниц.
  5. 5. Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар.
    Жауап: принтер, сканер, микрофон, дыбыс колонкалары.
  6. 6. WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
    Жауап: Қосу → Программалар → Стандартты → WordPad.
  7. 7. Paint графикалық редакторындағы сурет салу құралдары нешеу?
    Жауап: 16 құрал.
  8. 8. «Формат → Шрифт» командасы арқылы не өзгертуге болады?
    Жауап: қаріптің түрін, түсін, өлшемін және параметрлерін.
  9. 9. Кіші әріптерді бас әріпке (және керісінше) ауыстыру үшін қандай перне қолданылады?
    Жауап: Shift.
  10. 10. Монитордағы көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады. Ол нүктелер қалай аталады?
    Жауап: пиксель.

2-кезең: Сәйкестікті табыңдар

Бұл кезеңде ұғымдар мен анықтамалар (немесе құрылғы мен қызметі) сәйкестендіріледі. Екі топқа да тапсырма бірдей беріледі, жауап жылдамдығы мен дәлдігі бойынша бағаланады.

3-кезең: Бұл кім? Бұл не?

  1. 1. Көптеген адамдар «компьютердің атасы» деп атаған тұлға.
    Жауап: Чарлз Бэббидж.
  2. 2. 1694 жылы Лейбниц құрастырған механикалық есептеу машинасы.
    Жауап: арифмометр.
  3. 3. 19 жасында алғаш механикалық есептеу машинасын жасаған ғалым.
    Жауап: Блез Паскаль.
  4. 4. Говард Айкен құрастырған автоматты есептеуіш машинаның атауы.
    Жауап: «Марк I».
  5. 5. 13 жасында алғашқы бағдарламасын жазып, кейін Microsoft компаниясын басқарған тұлға.
    Жауап: Билл Гейтс.
  6. 6. 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазып, алғашқы программист ретінде танылған ғалым-әйел.
    Жауап: Ада Лавлейс.
  7. 7. IX ғасырда арифметикалық амалдардың ережелерін жазып, «алгоритм» ұғымына аты берілген ғалым.
    Жауап: Әл-Хорезми.

4-кезең: Сөзжұмбақ шешу

Төмендегі сұрақтар бойынша сөзжұмбақ шешіледі. Дұрыс жауаптар информатика ұғымдарын бекітуге көмектеседі.

  1. Берілген есептің шығару жолын сипаттайтын реттелген амалдар тізбегі қалай аталады?
  2. Компьютердің негізгі құрылғыларының бірі.
  3. Аты бар байттар тізбегі қалай аталады?
  4. Компьютердің ең басты бөлігі, «компьютердің миы».
  5. Нысанның сілтеме көрсеткіші қалай аталады?
  6. Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрал.
  7. «Ақпарат» сөзі қай тілден аударылған?
  8. Суретті үлкейтуге арналған құрал.
  9. Растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
  10. Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құралы.
  11. Никлаус Вирт жасаған программалау тілі.

5-кезең: Ойлан да тап

Жағдаят: тінтуірдің шаригі кірленіп, қозғалмай қалды. Бұл жағдайда не істер едіңдер? Топтарға ойлануға 3 минут беріледі.

Берілетін заттар (8 атау)

  • 1) Табақтағы су
  • 2) Сабын
  • 3) Орамал
  • 4) Ақ бет қағаз
  • 5) Спирт
  • 6) Мақта
  • 7) Қайшы
  • 8) Сым

Үлгі шешім (әрекет реті)

  1. Тінтуірдің шаригін алып, сабынды суға жуып тазалау.
  2. Орамалмен сүртіп, ақ қағаздың үстіне толық кебу үшін қою.
  3. Тінтуірдің ішкі бөлігін спиртке малынған мақтамен сүрту.
  4. Шарикті қайта орнына салып, құрылғыны қолдану.

6-кезең: Компьютердің пайдасы мен зияны (пікірталас)

Тапсырма

Әр топқа дайындалуға 5 минут беріледі. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы қысқаша мәлімет дайындап, өз ұстанымын қорғайды.

Бағалау өлшемдері

  • Нақты дәлелдер келтіру
  • Ойды жүйелі жеткізу
  • Командалық жұмыс
  • Уақытты тиімді пайдалану

Қорытынды

Сабақ соңында ұпайлар жинақталып, жеңімпаздар анықталады. Жеңімпаз топтар марапатталып, грамоталар тапсырылады.