Поезд гудогы

Сапардың басталуы: «Ана арманы» бағыты

Залға мұғалімдер нөмірлерімен кіргізіледі. Нөмірлер себетке салынып, әрі қарай тапсырмалар сол билеттер арқылы таңдалады.

Диктордың хабарламасы

ГЗК: Құрметті жолаушылар! №30 орта мектебінен «Аналар арманы» бағыты бойынша жүретін поездің жолға шығуына 5 минут қалды. Алған билеттеріңіз бойынша орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз.

ГЗК: Уважаемые пассажиры! До отправления поезда, следующего по маршруту «Школа №30 — Женская мечта», остается 5 минут. Просьба занять свои места согласно купленным билетам.

Первый поезд к «Женской мечте» отправляется!

Көрініс

Экранда поезд суреті көрсетіледі. Поезд дауысы естіледі.

Негізгі ой

Бұл сапар — аналардың арманы мен тілегін құрметтеуге арналған мерекелік саяхат.

Жолсеріктер диалогы: мейірімге толы бағыт

Диалог

Нурайка: Аға, біздің бүгінгі сапарымыз ерекше болатын сияқты.

Проводник 1: Да, Нурайка. Ты права. Сегодня, в канун самого замечательного праздника — Международного женского дня — мы отвезем вас к мечте. У всех они разные, но главное — мы думаем о вас и ваших желаниях.

Өлең жолдары

Нурайка: Ана десем, шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Проводник 1: А сейчас, уважаемые пассажиры, вас приветствует начальник поезда — Бахтыбаева Гульнар Абикеновна.

Фанфарлар ойналады. Вокзалдың шуы фонында директордың құттықтау сөзі айтылады.

Нурайка: Аға, бағытымызбен толық танысып алдыңыз ба?

Проводник 1: Иә, Нурайка. Бізді «тілектер станциялары» арқылы қызықты саяхат күтіп тұр. Кей станцияларда жолсеріктер ауысып отырады.

Проводник 1: Ал аналардың ең басты армандарының бірі — жақсы ана болу, лайықты ұрпақ тәрбиелеу.

Нурайка: Сіздер — күнсіз аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Поезд гудогы естіледі.

1-станция: «Аналық» (Материнская)

Проводник 2: Құрметті жолаушылар! Поезымыз «Аналық» станциясына келіп тоқтады. Тоқтау уақыты — 10 минут.

Нурайка: Станцияға тек 3 адам ғана шыға алады. Олар — себеттен шыққан нөмір иелері.

Тапсырма: «Баланы жылдам киіндіру»

Ұқыпсыз киінген балалар дайын тұрады. Сіз жұмысқа асығып тұрсыз, бірақ балаңызды да киіндіріп жіберуіңіз керек. Уақыт — 1 минут.

Проводник 2: Задание всем понятно? Тогда на старт, внимание, начали!

Көңілді әуен қосылады.

Сый: ән шашу

Тапсырма сәтті орындалған соң, жолсерік өзінің досы әрі сыныптасы Нұрсұлтанның әнін ұсынады.

Нурик: Осы жерде ауыссақ қалай қарайсың? Біз тынығып алайық.
Нурайка: Мен сізбен толық келісемін.

Ертегілер ойыны: сөздер «кері айналғанда»

Ләйлә: Сәлеметсіздер ме, құрметті жолаушылар! Келесі тапсырма сіздерге арналады.

Жүргізуші: Условия просты: задается название сказки, где каждое слово перевернуто на противоположное по смыслу. Нужно отгадать сказку. Мысалы: «Лиса и шестеро цыплят» → «Волк и семеро козлят».

Мысалдар

  • «Пес в рукавицах» → «Кот в сапогах»
  • «Алдау білмейтін сақалды» → «Алдар көсе»
  • «Великолепный лебедь» → «Гадкий утенок»
  • «Қола сақа» → «Алтын сақа»
  • «Крестьянка — обезьянка» → «Царевна — лягушка»
  • «Мақта мысық пен қыз» → «Мақта қыз бен мысық»
  • «Мюнхенские танцоры» → «Бременские музыканты»
  • «Ржавый замочек» → «Золотой ключик»
  • «Кубик-рубик» → «Колобок»
  • «Ай астындағы айдарлы қыз» → «Күн астындағы Күнекей қыз»
  • «Синий ботинок» → «Красная шапочка»

Ләйлә: Жарайсыздар! Неткен тапқыр, білгір жолаушылар!

Жүргізуші: А нам пора отправляться в путь — навстречу нашим мечтам!

Поезд гудогы. Доңғалақ сықыры. Орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймыз.

Ұстаздарға алғыс және әзіл-сықақ көрінісі

Назым: Құрметті ұстаздар! Талай рет еркелік жасап, көңілдеріңізді қалдырсақ та, туған анамыздай маңдайымыздан сипап, бізді түсіне білгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз ұлан-асыр мұхиттай.

Бүгінгі әзілдеріміз сіздерге арналады. Бірақ оны шындық деп қабылдамаңыздар. Сабақта шуласақ та, білімдеріңізді бойымызға сіңіріп жүрміз. Алдын ала кешірім сұраймыз.

Пародия: сыныптағы бір күн

Көрініс: Оқушылар сыныпта отыр. Әділет есіктен сығалап, мұғалімді аңдиды.

Әділет: Ойбай, балалар! Біздің Салтуха жоқ. Орнына әжеміз келеді-ау!

Мұғалім: Ай, қарақтарым-ай! Баяғы жартас — сол жартас. Неменеге айғайлайсыңдар? Әй, Әділет, сен неге сығалап жүрсің? Сабақтан қашайын деп жүрсің бе?

Мұғалім: Сендердің мұғалімдерің 3 айлықты бітіріп, 6 айлық оқуға кеткен. Енді сынып жетекшілерің мен боламын.

Мұғалім: Қазір қай сабақ?

Кейін пәндер ауысады: биология, алгебра, география, орыс тілі. Әр сабақта тәртіп, тапсырма, баға жайлы әзіл аралас диалогтар жалғасады.

Қоңырау соғылады. «Барлығы дәптерлерін тапсырсын». «Үйге — ережені қайталау».

Құндыз: Ей, тоқтаңдаршы. Мұғалім кабинетке келіңдер деді ғой. Бәріміз бірге барайық.

Би: Үнді биі

Орындайтындар: Нұрдана, Қызғалдақ, Аида, Наргиз, Ақбота.

Ләйлә: Неткен керемет би!
Жүргізуші: Иә, келісемін.

Поезд қайта жолға шығады

Жүргізуші: Құрметті жолаушылар, поезымыз келесі станцияларға бет алады. Орындарыңызға жайғасуыңызды сұраймыз.

Гудок. Доңғалақ сықыры.

2-станция: «Әндер» (Песенная)

Ләйлә: Барлық ана бесік таянып, бала тербетіп, бесік жырын айтқан.

Жүргізуші: Выйти на станции приглашаются обладательницы билетов с номерами… (6 нөмір алынып, екі командаға бөлінеді: 3 адамнан).

Ереже

Ән айту алдында әннің өзін табу керек: әр командаға екі фрагменттен қосылады. Қалған жолаушылар қолдап, бірге қосылып айтады.

Жүргізуші: Молодцы! Сіздер шынымен де «Үздік әнші / Лучшая певица» атағына лайықсыздар.

Қатысушыларға «ЛУЧШАЯ ПЕВИЦА» медальдары табысталады.

Ұлдардың биі

Орындайтындар: Нұрсұлтан, Диас, Жандос, Әділет, Алидар.

3-станция: «Сұлулық» (Красота)

Әңгіме

Ләйлә: Салтанат, «сұлулық» дегенде нені елестетесіз?

Жүргізуші: Маған бірден кең байтақ Отанымыз, табиғаттың әсем көріністері елестейді.

Ләйлә: Ал мен гүлге толы әдемі алаңды көз алдыма келтіремін. Жолаушыларымызға жылы тілектер сыйласақ қайтеді?

Ән шашу

Ән орындайды: Наргиз.

Гудок. Поезд қайта жолға шығады.

Ойын: «Арманымдағы ер адам»

Бұл станцияда 6 қатысушы шақырылады (нөмір арқылы). Әр ханым «армандағы ер адамын» таңдайды: Стас Михайлов, Джонни Депп немесе Брэд Питт. Таңдалған есім жазылған шариктер жіпке байланады.

Жүргізуші: Ойын шарты түсіндіріледі.
Ләйлә: Молодцы! Әрқайсыңыз махаббаттарыңызды сақтап қалуға тырыстыңыздар.

Біз сіздерге мәңгілік, өте жарық, кіршіксіз сүйіспеншілік тілейміз. Нәзіктік пен махаббат, сүйген көздер әрдайым серік болсын.

4-станция: «Байлық» (Фортуна)

Жүргізуші: Любая женщина, наверняка, хотела бы быть удачливой во всем, чтобы фортуна была ее верной спутницей.

Ләйлә: Бұл станцияда сәттілік кімнің жағында екенін анықтаймыз. Нөмірі аталған билеттердің иелері сыйлық алады.

Сыйлықтар тізімі (әзіл-сықақ форматында)

  1. 1.Ұшатын аппарат (әуе шары).
  2. 2.Шағын «кір жуғыш машина» (өшіргіш).
  3. 3.Кештеріңіз көңілді өтсін — хош иісті шай (шай).
  4. 4.Ой, қандай жарайсың — ал, кәне (кәмпит).
  5. 5.Прометейдің сыйындай жылу болсын (шам).
  6. 6.Бақытты билет — ұстаңыз (қарындаш).
  7. 7.Табысыңыз арта берсін (блокнот).
  8. 8.Тәттіге — бір кәмпит (кәмпит).
  9. 9.Рояль бұйырмады, бірақ (күнтізбе).
  10. 10.Кейде өмірде «жабыспай» қалады — міне (желім).
  11. 11.Жазу машинасы жоқ болса — міне (қалам).
  12. 12.Қарапайым, бірақ керек (қағаз қыстырғыштар).
  13. 13.Сирек сыйлық — екі (майлық).
  14. 14.Өлең жазыңыз — міне (дәптер).
  15. 15.Боранда да қажет (сіріңке).
  16. 16.Сәтті билетке — цейлон шайы (шай).
  17. 17.Кеңес: ең жақсы диета — жеміс (алма).

Қорытынды сый: Вальс

Қалған қатысушыларға 10 «Б» сыныбының атынан вальс орындалады: Жансауле, Құндыз, Қызғалдақ, Назым, Нұрдана, Данияр, Нұрсұлтан, Жалғас, Жандос.

Сыйлықтар табысталады.

Ана туралы жүрек сөзі

Ана — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі әрі қамқоршысы. Ол баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге әкеліп қана қоймай, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіреді.

Баланың бойына елінің рухын сіңіретін де, жыласа жұбататын да — ана. Ана перзентінің амандығын, бақытты әрі абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер ең алдымен анадан дариды.

Ана өз баласын қандай болса да шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан ауыр таразы жоқ — өйткені оның киесі бар.

Өкінішке қарай, ата-анасын сыйламайтын жандар да кездеседі. Бірақ «ананың көңілі — балада» екенін ұмытпайық. Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, күллі адамзаттың тәрбиешісі.

Ана мейірімін сезінбей өсіп жатқан балалар да бар. Сондықтан анамызды сыйлап, құрметтейік.

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Сапардың аяқталуы

Жүргізуші 1: Вот, к сожалению, наше путешествие подошло к концу.

Ләйлә: Бірақ мереке жалғасын табады. Алдымызда екі күн демалыс бар. Армандарыңыз орындала берсін!

Қорытынды тілек

Жүргізуші: Любые ваши желания пусть сбываются. Егер шын жүректен қаласаң — міндетті түрде орындалады!

Пусть вам солнце светит ярко,
Пусть щебечут птицы за окном,
Чтоб не только день 8 марта —
Каждый день считался вашим днем!

Жүргізуші: Демеңіз, біз өнерді аяп қалдық, мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар, көріскенше. Осымен концертіміз аяқталды.