Жұмбақ жарыс
Тақырыбы
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Әдісі
Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, мадақтау
Көрнекілігі
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер
Қатысушылар
2-сыныптар, 4 оқушы
Мақсаты
- Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын және ойлау қабілетін дамыту.
- Халық ауыз әдебиетін орынды қолдануға, сөздің жүйесін таба білуге үйрету.
- Халық ауыз әдебиетін құрметтеуге, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа және халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.
Кіріспе
Жүргізуші
Құрметті көпшілік қауым! Бүгін 2-сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын-сайысы өтеді. Басты мақсатымыз — халық ауыз әдебиетін дамыту.
Мақал-мәтелдер — ғасырлар шежіресі: онда халықтың тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетаным жолындағы ойы мен қиялының деңгейін танытады. Жұмбақ арқылы халықтың ойлау жүйесін танимыз.
Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің жанашырлары жиналып отыр. Қадамдарыңызға нұр жаусын! Осы орайда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын-сайысының ашық екенін жариялаймыз.
Жарыстың шарттары
Мақал айтыс
Мақалды жалғастыру
Сандар бойынша мақал құрастыру
Жұмбақ жарысы
Ұлттық жұмбақтар және логикалық жаттығулар
Барысы
Жүргізуші
«Мақал — сөздің атасы» демекші, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. Жарысқа 4 оқушы қатысады.
1-кезең: Бір минуттық мақал-мәтелдер
- • 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп мақал-мәтел айту.
- • Әр айтылған мақал — 1 балл.
- • Ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады. Қалған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.
2-кезең: Мақалды жалғастыру
Әр оқушыға екі мақалдың басы айтылады. Дұрыс жауап үшін 3 балл беріледі.
1
Ер қаруы — бес қару.
2
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
3
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
4
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
5
Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
6
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
3-кезең: Сандар бойынша мақал құрастыру
Қатысушылар таңдаған санға байланысты мақал-мәтел айтады немесе құрастырады. Әр мақалға 1 балл.
Ұпайлар саналып, ең аз балл жинаған оқушы сайыстан шығады.
4-кезең: Жұмбақ жарысы
Қатысушылар бір-біріне жұмбақ қойып, шешуін табады. Әр жұмбаққа 1 балл беріледі.
5-кезең: Ұлттық жұмбақтар және логикалық жаттығулар
Әр дұрыс жауап үшін 3 балл беріледі.
1. Үйдің әрбір бұрышында бір-бір мысық отыр. Әрқайсысына үш мысық қарсы отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр?
Жауабы: 4
2. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут керек?
Жауабы: 4 минут
3. Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады?
Жауабы: 30 км
4. Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы 5. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
Жауабы: 1 (қалғаны ұшып кетеді)
5. Үш май шам жанып тұр. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?
Жауабы: 2 (біреуі жанып таусылады)
6. 2,5 кг ет 2,5 сағатта піссе, 0,5 кг ет неше сағатта піседі?
Жауабы: 2,5 сағат
7. Екі стақанға бірдей су құйдық. Біреуін тәрелкеге төңкердік. Қай стақанда су көп?
Жауабы: бірдей
8. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
Қорытынды
Енді барлық кезеңнен мүдірмей өткен қатысушылардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздар марапатталады.