Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас · Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырып
«М» дыбысы және әрпі
Мақсаты
- Балаларды «М» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
- «М» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Дыбыстың айтылуына мән беріп, «М» әрпінің баспа түрін жазуды меңгерту.
- Буын туралы түсінігін кеңейту.
- Жаңа дыбысты қатыстырып сөз бен сөйлем құрастыру арқылы логикалық ойлауын дамыту.
- Сөздік қорын жетілдіру, зейінін тұрақтандыру.
- Адамгершілікке, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Слайд, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, «Тілек ағашы» (бағалау), «Ертегі әлемі».
Билингвизм
- Мысықкошка
- Маймасло
- Масакомар
- Маймылобезьяна
Әдіс-тәсілдер
Таныстыру, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, «Ертегі әлемі» тәсілдері.
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
ҰйымдастыруМұғалімнің сәлемдесуі және жағымды көңіл-күй қалыптастыру:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз, достарым,
Арайлап атқан күнге!
2) Өткенді қайталау
Сұрақ-жауапНегізгі ұғымдар
- 1 Дыбыс — естиміз.
- 2 Әріп — көреміз, жазамыз.
- 3 Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
Өткен сабақ
Өткен оқу іс-әрекетінде «Д» дыбысы мен әрпімен таныстық.
Танысқан сөздер:
3) Жаңа сабаққа дайындық
ЖұмбақМұғалім балаларға жұмбақ жасырады:
Мұртын сипап тілімен,
Бетін сусыз жуады.
Тышқанды аңдып түнімен,
Көзі оттай жанады.
Жауабы: мысық
«Мысық» сөзі «М» дыбысынан басталады. Бүгінгі қонағымыз — жаңа дыбыс: «М».
4) Жаңа сабақ
Таныстыру · ТүсіндіруДыбысты айту
Слайдтан «М» дыбысын көреміз. Барлығымыз бірге айтамыз: М — М — М.
«М» — дауыссыз дыбыс: созылмайды, кедергіге ұшырап барып айтылады.
Әріппен танысу
Мұғалім тақтада Мм әрпінің баспа және жазба түрін көрсетеді.
«Ертегілер еліне саяхат»: тапсырмалар тізбегі
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша тапсырмалар орындалады. Әр кейіпкер жаңа әрекетке жетелейді.
Сиырдың тапсырмасы (дәптермен жұмыс)
- Суреттегі сөздерді шапалақ арқылы буынға бөлу: қам-шы, ма-ши-на, қа-лам.
- «М» дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін анықтау.
Ағаштың тапсырмасы
Үзік сызықтарды қосып, буындап оқыту:
Қыздардың тапсырмасы
Жазу жұмысы: «м» әрпінің баспа түрін жазу.
Дүкеншінің тапсырмасы
Сергіту сәті (қимыл-қозғалыс жаттығулары).
Тауықтың тапсырмасы
«Сөз ойлап тап» ойыны: май, мата, шам сөздерін ойлап, дәптерге жазу. Сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасау.
Кел, тышқанмен ойнайық
«Сөйлем құра» ойыны: сөйлем құрастыру және оның сызбасын (схемасын) көрсету.
Талда: Алма өседі.
Талда: Алмас алма жеді.
Дидактикалық ойын: «Сөз айт, тез айт»
Ойын шарты: кубик арқылы орындалады. Балалар бір-біріне кубикті лақтырып, «М» дыбысынан басталатын сөздерді атайды.
5) Оқу іс-әрекетін қорытындылау
Қайталау- ? Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- ? «М» дыбысы қандай дыбыс?
- ? Қандай сөздермен таныстық?
6) Рефлексия және бағалау
«Тілек ағашы»Бағалау
Сабақ барысында белсенді қатысқан балалар «Тілек ағашының» қуанышты хабарламалары арқылы мадақталады.
Күтілетін нәтиже
- Нені біледі: дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын; «Мм» әрпінің баспа үлгісін таниды.
- Нені игерді: есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындайды.
- Дағдысы: «М» дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастырады.