Наурыз тойы басталды, Бәрің мұнда қараңдар
Іс-шара туралы мәлімет
- Өтетін орны
- Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға ауылы, «Мөлдір» балабақшасы
- Тақырыбы
- «Наурызым – бақытым, шаттығым»
- Тәрбиешілер
- Тлеубаева Ақбөкен Амангелдіқызы, Бұрханова Райля Биғазизқызы
- Көрнекіліктер
- Ұлыстың ұлы күніне арналған арнаулар, интерактивті тақтадағы суреттер
Мақсаты
- Балаларға Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру.
- Отанды сүюге, патриоттық рухты және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
- Ұлттық сана-сезімді ояту, өнерге қызығушылықты арттыру.
Сценарий желісі
Жүргізушінің кіріспесі
Наурыз қайта оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй — дастархан, думанымыз — сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз.
Ескерту
Ортаға Наурыз қыз шығады.
Наурыз қыздың шақыруы
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған — мұнда біз бар!
Естімеген естіңіздер, тыңдамаған тыңдаңыздар: Наурыз тойы басталды, бір орында тұрмаңыздар!
Бүгін біздің ата-әжелеріміз көрші ауылға қонаққа кетті. Бастаңғы жасаймыз ба?
— Бастаңғы, бастаңғы жасаймыз!
Қыздар, жігіттер, жүріңдер — бастаңғы жасаймыз.
Сахналық әрекет
Музыка әуенімен ұл-қыздар кіріп, үстелдің жан-жағына жайғасады.
Тақпақтар бөлімі
Ал, балалар, тұрмайық — әндетейік, шырқайық,
Думандатып би билеп, інжу-маржан шашайық.
Келген қонақ таң қалсын, өнерден күмбез жасайық!
Бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.
1-бала (С. Айару)
О, жарандар, жарандар,
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Бәрің мұнда қараңдар!
2-бала (І. Нұрайым)
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенеледі.
Соны тойлап ел енді,
Наурыз — көктем басталды.
3-бала (Ж. Айым)
Салт-дәстүріміз жарасса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той-тойлайық тамаша.
4-бала (М. Айару)
Ал, балалар, келіңдер,
Той қызығын көріңдер.
Наурыз тойға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер!
5-бала (Ж. Мерейлім)
Ақ түйе қарны жарылды,
Наурызды елім сағынды.
Асыққын сен де сол тойға —
Барлық жұрт мұнда ағылды.
6-бала (М. Санжар)
Тақпақ айтам — жыл басы,
Құлағыңды сап тыңдашы.
Бар бөбекке өзіңдей
Тыныш өмір сыйлашы.
7-бала (А. Назар)
Наурыз — шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Би
«Сүгір-ай»
Ойын
«Қыз қуу»
Көрініс
«Күн мен түн»
Күн
Сәулесі мол күнмін.
Түн
Жұлдызы мол түнмін.
Екеуі бірге
Бірдей болып біздер, теңелерміз бүгін.
Түн
Ал ертең күн ұзақ.
Күн
Түн қысқа-ақ.
Екеуі бірге
Ұйқыларың қанбай, жүрмеңдер жылап.
Айтыс бөлімі
Айтыссыз мына өмірдің несі көктем? Айтыс десе қазақтың есі кеткен. Ақынның тауып айтқан өткір сөзі тыңдаушының көкейінен тесіп өткен. Ендеше, айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма? Ортаға айтыскерлерімізді шақырайық.
1-бала
Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз.
Айтыс десе тіл қышып,
Қыздарды іздей бастаймын.
2-бала
Біржан болып сен келсең,
Ақын Сара мен болам.
Сәйгүлік сен шапсаң,
Аққу құсың мен болам.
1-бала
Бармаймын деп бақшаға
Жылауыңды қойдың ба?
Көтерші деп арқаға
Сұрауыңды қойдың ба?
2-бала
Ерке қызбын, білесің,
Бірақ кімге күлесің?
Кәмпит сұрап өзің де
Күнде жылап жүресің.
Барлығы: Сөз өнерге шөліркеп, рақаттана бір жұтқан. Қоштасайық халықпен, ақындарын пір тұтқан.
Би
«Асатаяқ»
Көрініс: Алдар көсе мен бай
Мен Алдармын, Алдармын — жамандарды алдармын.
Жақсылармен дос болып, «алда» десең, алдармын.
Уа, халайық, есек сатамын: бағасы арзан, өзі «дәмді», өзі жылдам жүреді.
Ей, Алдар, сен есекті қаншаға бағалайсың?
Екі мың теңгеге бағалаймын.
Алдар көсе, байеке, саудаласқандарыңызды қоя тұрыңыздар: бүгін бізде мереке!
Одан да балалармен ойын ойнайық. Ойын демекші, күшімізді сынап көрмейміз бе, байеке?
Ойын
«Аударыспақ»
Көрініске қатысушы
Алдар көсе
Шашу және қорытынды
Дәмнен асқан не нәрсе бар жалғанда,
Кім боламыз — оны ұмытып қалғанда?
Шашу шашып, бауырсақтан мінекей,
Дәм татыңдар, ал, халайық, жалғанда.
Құрметті ата-аналар, Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!