Жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу

Сабақ тақырыбы

С. Мәуленовтің «Менің Республикам» өлеңі (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; кең байтақ Қазақстанды ұлықтау; табиғатының көркемдігін сипаттау арқылы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.

Оқушыларды өз елін сүюге, қастерлеуге және бейбітшілікті дәріптеуге тәрбиелеу.

Негізгі идея

Қазақ жерінің кеңдігін, байлығын, тамылжыған табиғатын суреттеу арқылы Отанға деген перзенттік мақтаныш сезімін ояту.

Сілтеме

  • Әдебиет, 5-сынып: Ә. Дайыр, Қ. Айтқалиев
  • Оқыту әдістемесі: Г. Құрманбаев, Е. Жұматаева

Міндеттер

  • Жаңа ақпаратпен танысады.
  • Жаңа идеяларды бұрынғы біліммен байланыстырып үйренеді.
  • Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға, сараптауға дайындалады.
  • Топпен жұмыс істеу дағдысы дамиды.

Күтілетін нәтиже

Оқу дағдылары

  • Мәтінмен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
  • Әдеби талдау жасауға үйренеді.

Ойлау және қарым-қатынас

  • Сыни тұрғыдан ойлайды.
  • Өз ойын талдайды, бағалайды, қорытындылайды.
  • Ортақ пікірге келіп, белсенділік көрсетеді.

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиясы Диалогтік оқыту Сөзжұмбақ Еркін жазу Топтастыру «Балық қаңқасы» «Автор орындығы»

Көрнекіліктер мен ресурстар

Презентациялық материалдар

  • Слайдтар
  • Қазақстан Республикасының картасы

Құралдар

  • Маркерлер
  • Смайликтер (кері байланыс үшін)

Әдеби дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • С. Мәуленовтің 2 томдық өлеңдер жинағы

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім әрекеті

  • Оқушыларды топқа бөледі.
  • Үй тапсырмасын сұрайды.
  • Сөзжұмбақ шешуді ұйымдастырады.

Оқушы әрекеті

  • Топқа бөлінеді.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Сөзжұмбақты бірлесе шешеді.

2) Негізгі бөлім

Оқу әрекеттері

  • «Менің Республикам» өлеңін мәнерлеп оқу.
  • «Еркін жазу» әдісі арқылы ой жинақтау.
  • Сөздікпен жұмыс.
  • Әдебиет теориясы бойынша талдау.
  • Мақал-мәтелдер сайысы.

Оқушының белсенділігі

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Өз бетінше ойланып, ізденеді.
  • Бір-бірінің пікірін тыңдап, толықтырады.
  • Жеке жауапкершілікті сезініп, қорытынды жасайды.

Топтық тапсырмалар

1-топ

«Менің елім» тақырыбында эссе жазу.

Стратегия: Топтастыру.

2-топ

Өлең құрылысына талдау жасау.

Әдіс: «Балық қаңқасы».

3-топ

Отан, туған жер туралы ақындар өлеңдерінен үзінді айту және сурет салу.

Әдіс: «Автор орындығы» (өлеңнен алған әсер).

Сергіту сәті

«Көк тудың желбірегені» әнін орындау немесе тыңдау арқылы сергіту.

3) Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау.

Бағалау

  • Өзін-өзі бағалау.
  • Топтық бағалау (топтар бір-бірін бағалайды).
  • Жиынтық бағалау.