Төле ұлысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ақ Орда мемлекетінің құрылуын және этникалық құрамын талдай отырып, оның саяси жағдайы мен шаруашылығы туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұлтжандылыққа, елін сүюге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар мен сабақ форматы
Көрнекілігі
- Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы
- Интерактивті тақта
- «Жұлдыз» журналы
Әдіс және түрі
- Әдісі: диалогтік оқыту
- Сабақтың түрі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарын тексеру және түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Сыныпты төрт топқа бөлу және бағалау өлшемін түсіндіру.
Топтарға бөлу
1-топ: Жошы ұлысы
2-топ: Шағатай ұлысы
3-топ: Үгедей ұлысы
4-топ: Төле ұлысы
Бағалау топтардың жинаған «жер телімдері» арқылы жүргізіледі.
Алаштың атаулы күні
1928 жылғы 6 ақпанда «Жаңа әдебиет» (қазіргі «Жұлдыз») журналының алғашқы саны жарық көрді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Таза тақта» ойыны арқылы тексеріледі. Мақсаты — негізгі терминдер мен жылдарды ажыратып, қысқаша түсінік бере алу.
1155 жыл
Шыңғыс хан дүниеге келді.
1206 жыл
Моңғол империясы құрылып, Ұлы хан болып Шыңғыс хан сайланды.
«Жасақ» (Яса)
Заңдар жинағы.
«Шыңғыс хан»
Моңғолша — «Жеңісхан».
Құрылтай
Өкімет билігінің жоғарғы органы; жылына бір рет (жаз айында) жиналатын жиын.
Отырар
Қала 6 ай бойы берілмеді.
Ашнас
Қала 15 күн бойы берілмеді.
1227–1255 жылдар
Батый ханның билік жүргізген кезеңі.
Бекілербек
Әскери істерді басқарушы лауазым.
III. Жаңа сабақ
Жоспар
- 1 Ақ Орданың құрылуы және жер аумағы.
- 2 Орданың ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
- 3 Шаруашылығы.
Топтық тапсырма: «Мені түсін»
Мақсаты — әр топ өзіне берілген тақырыпты түсініп, мазмұнын ашып, қорғау.
1-топ (Жошы ұлысы)
Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы.
2-топ (Шағатай ұлысы)
Ішкі және сыртқы саяси жағдай.
3-топ (Үгедей ұлысы)
Шаруашылығы.
4-топ (Төле ұлысы)
Сұрақ-жауап дайындау және қорытындылауға бағыттау.
Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды.
IV. Бекіту кезеңі
«Төле ұлысы» тобы дайындаған сұрақтар арқылы білім бекітіледі:
- 1) Ақ Орда тарихында ерекше рөл атқарған хандарды атаңдар.
- 2) Ақ Орданың орнына қандай мемлекет құрылды?
V. Бағалау
Топтар жинаған «жер телімдерін» біріктіріп, Қазақ хандығының картасын құрастырады. Осы жұмыс арқылы Ақ Орданың қазақ халқының қалыптасуына және мемлекеттіліктің орнығуына қосқан зор үлесі айқындалады.
VI. Үй тапсырмасы
- 1) 23-тақырып: «Ақ Орда» — оқу және эссе жазу.
- 2) Атластың 11-бетіндегі XIV–XV ғасырлар, I жартысындағы Қазақстанды кескін картаға түсіру.