Сапқа тұрыңдар
Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды
Бұл тәрбие шарасының мақсаты — ел үшін, Отан үшін жанын пида еткен ерлер мен ардагерлерге тағзым ету, оларды қадірлеуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысы
- Әнұран орындалады.
- Жүргізушілердің құттықтау сөзі және Жеңіс жылдарының мәнін ашатын өлең жолдары оқылады.
- Ерлік рухына тағзым: 1 минут үнсіздік, ескерткішке гүл шоқтарын қою.
- Көріністер, өлеңдер, әндер және тақырыптық бейнематериалдар көрсетіледі.
Жеңіс жылдары — бейбіт күннің бағасы
Жүргізуші сөзі
Фашистік Германияның мақсаты — кеңес халықтарын құлға айналдырып, жерін басып алу еді. Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты миллиондаған тағдырды ойрандап, қаншама ананы жесір, қаншама баланы жетім қалдырды. Қанды соғыстың 1418 күні мен түні ешқашан ұмытылмайды.
Тағзым және аманат
Ел үшін жанын қиған қаһармандардың рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету — ұрпаққа жүктелген қасиетті міндет. Осы күні баршамыз Отан үшін мерт болған ерлерді еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Жыр жолдары — жадының жаңғырығы
1941 жылдың жазында соғыс ашты Германия қапыда.
Атыраудан 42 509 солдат аттанып, тұрды жауынгердің сапында.
Елім 13 267 адамнан айырылып, аналар қанатынан қайырылды.
Тоғыз жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды, төртеуі Даңқ орденінің иегері болды.
Қанша тағдыр қыршынынан қиылды, барлық ұлттар бір адамдай жиылды.
Березин мен Афанасьев ағалар қан майдан даласында ерлікпен қаза тапты.
1945 жылдың мамырында елім жаудан арылып, Жеңісті бүкіл Отан тойлады.
«Жау жеңдік» деу жеңіл болғанымен, сол сөздің салмағы бар.
Қала да, дала да от құшып, талай жан оққа ұшты — Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
Сол күн үшін қан төгілді. Сондықтан бүгінгі ашық аспан — ең қымбат мұра.
Көрініс: «Соғысқа аттану»
Жаздың жайма-шуақ күні. Ауыл тіршілігі: балалар асық ойнап жүр, әже ұршық иіріп отыр, үлкендер әңгіме-дүкен құрады. Бір мезетте радиодан суық хабар естіледі: соғыс басталды. Сол сәттен бастап әр үйдің қуанышын қорқыныш басып, әр әулетке ауыр сын келеді.
Радио хабарламасы (үзінді)
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні таңғы сағат 4-те неміс-фашист әскерлері тұтқиылдан басып кірді… Отанды қорғау үшін ер азаматтар сапқа тұрсын!»
Отбасы аманаты
Әке майданға аттанады. Үйде кәрі ана, жас келін, сәби, бала-шаға қалады. Қоштасар сәттегі ең ауыр сөз — аманат: «Барлығы саған аманат». Ана жүрегі: «Оралсын аман жерің, туған еліңмен көріссін…» деп тілейді.
«Кебін киген өледі, кебенек киген келеді…» — деп келін көз жасын тия алмай шығарып салады.
Майдан көрінісі (мазмұн)
Соғыс — сұрапыл. Талай үйдің оты өшті, талай ана «қара қағазға» сенбей, баласын күтіп ғұмыр кешті. Жауынгер Отанын қорғауға ант етеді. Бірақ ұрыста ерлікпен қаза табады. Ана бейнесі арқылы халық қайғысы, ұлт жүрегінің жарасы сөйлейді: ерлік ұмытылмайды, есім жадыда қалады.
Жеңіс туралы хабар
«Тыңдаңыздар! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы қолбасшылығы жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды. 9 мамыр — Жеңіс күні!»
Ерлік — елдің мәңгілік естелігі
Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі. Оның қасіреті жанды түршіктірсе, ерлігі бас идіреді. Қиын-қыстау шақта рух пен намыс сыналады. Сол жылдары батыр қыздарымыз — Шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерліктің үлгісін көрсетті.
Әлияның монологы (ықшамдалған нұсқа)
«Мен 18-ге толдым. Бірақ өзімді ересек сезінемін. Ленинград балаларының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын көрдім. Енді фашист жыртқыштарына қарсы өзім шығамын…»
Мәншүктің монологы (ықшамдалған нұсқа)
«Отан ана жылағанда, жерге бұлт шөгеді. Біз сол қара бұлтты қақ жарайық дедік. Қолымызға қару алып, ерленіп аттандық… Біз өлдік — өзгелер өлмесін деп…»
Тарихи дерек
1945 жылы 30 сәуір күні сағат 14:25-те Рейхстагқа алғашқы туды тіккен ерлердің ерлігі — Жеңістің символына айналды.
Ардагерлерге тағзым — ұрпаққа үлгі
Жеңіс, Жеңіс! Елге таза, ашық таң атты.
Ақ жаулықты ана күлімдеп, қуанышпен қарсы алды.
Жас ұландар, биік ұста туыңды —
Жарқыратып туған жердің таңбасын.
Ардагерлерім — ержүрек ерлер, елім деп жаны елжірегендер.
Бейбіт күн сыйлап ұрпақтар үшін, көкте жалау боп желбірегендер.
Тілерім — аман жүріңіздер, шыңдарға қонған алып қырандар!
Түйін сөз
Патриоттық тағылым
Соғыс қасіретін фильмдер мен деректерден көрген сайын, бейбіт күннің құнын тереңірек сезінеміз. Майданда халқын жалынды сөзімен жігерлендірген жазушы Баубек Бұлқышевтің ойы — бүгінгі ұрпаққа да аманат: «Адал адам Отанын сүйеді… Отанға деген махаббатты өлшеуге болмайды.»
Әндер
- «Әлия» әні (орындайды: Фарида)
- «Атамекен» әні (орындайды: хор — Шынасыл, Жансая және сынып оқушылары)
Қорытынды мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Өркен орта мектебі
- Сыныбы
- 3 «Б»
- Сынып жетекшісі
- Мағданова А.