Мәтінді Бүгін Ерлан бақылау жұмысынан
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Нұрғали Ораз — «Қулық»
Бұл сабақ жоспары мәтіннің идеясын ашуға, оқиға мен өмірлік тәжірибені байланыстыра түсінуге және адалдық пен еңбексүйгіштік құндылықтарын талқылауға бағытталған.
Негізгі мақсаттар
Сабақтың мақсаты
Мәтін мазмұнын тарау тақырыбымен байланыстыра отырып түсіну.
Сабақтың міндеттері
- Кейіпкер басынан өткен оқиғаны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
- Мәтін идеясын ашу.
Дамытушылық
Шығармашылық жұмыстар арқылы «екілік» ұғымының табиғатын зерттеу, іздену, салыстыру.
Тәрбиелік
Еңбектенуге, адалдыққа, шыншылдыққа және қиындықты жеңе білуге баулу.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
Сыныппен жылы қарым-қатынас орнатып, көңіл күйді реттеу арқылы сабаққа даярлық жасалады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Өнердің құны» ертегісін оқып келу. Мазмұнын әңгімелеу арқылы түсіну деңгейі тексеріледі.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту (сұрақ-жауап)
- Қойшының қозысы неліктен өнерді сонша бағалады?
- Өмірде патшаның да қателесетінін қалай байқадың?
- Өзің өнердің қай түрін меңгергің келеді?
IV. Жаңа сабақ
Оқушылар тақырыппен және автормен танысып, дәптерге жазады. Одан кейін мәтінмен кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіледі.
1) «Биопоэма» әдісі: «екілік» бейнесі
Оқушылар айтқан ойларды мұғалім плакатқа маркермен түсіреді. Мақсат — «екілік» бағасының мәнін, оның себеп-салдарын бейнелі түрде ашу.
- Аты
- Екілік
- Сипаты
- Нашар, ұят
- Қорқатыны
- Бестік, төрттік
- Болашақтан күтетіні (аңдитыны)
- Нашар оқушы, жалқау бала
- Мекенжайы
- Күнделік, дәптерлер, сынып журналы, табель парақшасы
- Тегі
- Ұйқы мен жалқаулықтан пайда болған
Талқылау сұрақтары: «Бұл сіздерге ұнай ма?» «Ендеше, бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?»
2) Мәтінмен жұмыс: бөліп оқу және талдау
Мәтін үш бөлікке бөлініп оқылады. Әр бөлімнен кейін сұрақтар қойылып, бөлімге ат қойылады.
Бөлім 1
Атауы: «Еңбексіз шыққан есеп»
«Бүгін Ерлан бақылау жұмысынан...» деген жерге дейін оқып, талдау жасалады.
- Ерлан неліктен есеп шығара алмады? Өзіңде осындай жағдай кездесе ме?
- Ағасы не деді? Оның сөзінен нені аңғардың?
Бөлім 2
Атауы: «Есептен де қиын қулық»
«Сөйтіп...» деген жерге дейін оқылады.
- Ерлан қандай қулық ойлады?
- Олар қандай ойын ойнады?
Бөлім 3
Атауы: «Өкініш»
Мәтін соңына дейін оқылады. Оқиғаның түйіні мен кейіпкердің күйі талданады.
3) Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру
Оқушылар мақалдардың мағынасын ой елегінен өткізіп, мәтін бөлімдерінің атауларымен сәйкестендіреді.
| Мақал | Бөлімнің атауы |
|---|---|
| Сасқан үйрек артымен жүзер. | Еңбексіз шыққан есеп |
| Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. | Есептен де қиын қулық |
| Өтірік өрге баспайды. | Өкініш |
| Ащы да болса, шындық жақсы. | Өкініш |
4) Дәптермен жұмыс: сөздік
- Есепке шорқақ
- Есеп шығаруға қиналады.
- Із кесуші
- Бір нәрсені іздеп тауып алушы, ізденуші.
5) Ойтолғау
Жазба жұмысы: «Неліктен нашар баға аламын?» Оқушылар өз ойларын дәптерге түсіреді.
V. Сабақты қорытындылау
«Биопоэмаға» қайта оралу
Мәтін толық меңгерілгеннен кейін «екілік» сипатына қандай жаңа белгілер қосуға болатыны талқыланады (мысалы: қорқынышты, сүйкімсіз).
- Қай бала «қу»? Нұрлан ба, әлде Ерлан ба?
- Мәтінде біреудің еңбегін пайдаланған кім?
- «Екілікті» тығып қою арқылы мәселе шешіле ме?
Бекіту тапсырмасы: 4 жол өлеңді аяқтау
Сабақтан мен ____________________.
Жаман бала ____________________.
Жақсылармен ____________________.
Айтқан серттен ____________________.
VI. Үй тапсырмасы
Мәтінді оқып келу.
VII. Бағалау
Оқушылардың мәтінді түсінуі, талдау сұрақтарына жауап беруі, дәптер жұмысы және белсенділігі ескеріледі.