Атты тілашар тойына қош келдіңіздер
Тілашар (презентациясымен)
Мақсаты
Сынып тәрбиеленушілерінің мектеп туралы білімін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа баулу. Мақал-мәтелдер мен өлеңдер арқылы тілін, ойын, сөздік қорын дамытып, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Құрылымы
- 1) Ұйымдастыру
- 2) «Мектеп — кеме» бөлімi
- 3) Көрініс: «Әжесі мен немересі»
- 4) Тілге құрмет
- 5) Отан туралы
- 6) Мақал-мәтелдер
- 7) Санамақтар
- 8) «Балғын суретшілер»
1) Ұйымдастыру
Жүргізуші (мұғалім)
Құрметті қонақтар! Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! МАД «Б» тобы тәрбиеленушілерінің «Не үйрендік? Не білдік?» атты тілашар тойына қош келдіңіздер!
Жүргізуші
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Ән менен күй көңіл сырын ашады.
Той деп келген қонақтарға шын рахмет!
1-бала
Қош келдіңдер, қонақтар!
Кел, келіңіз тойыма.
Тойымның аты — Тілашар.
2-бала
Шашу шашты әжелер,
Сылдырлатып теңгелер.
Тойымыздың шашуы
Жақсылыққа тең келер.
3-бала
Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды,
Тану үшін ғаламды —
Мектеп керек адамға.
4-бала
Бар байлықты басқарып,
Оқу-білім тұрады.
Кітапты көп оқыған
Білімді боп шығады.
Жүргізуші
Тыныштық — баршамыздың ұранымыз,
Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.
Арманның асқарына қанат қақсақ,
Бақытты, бейбіт елдің ұланымыз.
2) «Мектеп — кеме»
Бұл бөлімде мектептің білім мен тәрбие берудегі орны ерекше атап өтіледі. Оқушылардың оқу-білімге ынтасы, ортақ мақсатқа жұмылуы — мерекенің негізгі өзегі.
3) Көрініс
Қойылым: «Әжесі мен немересі»
Көрініс арқылы үлкенді сыйлау, ізет көрсету, тәрбие мен білімнің бірлігі айқындалады.
4) Тілге құрмет — елге құрмет
1-оқушы
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2-оқушы
Қазақ қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені —
Көргені көп тілімнің.
3-оқушы
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,
Тірілді елім.
5) Отан туралы
1-оқушы
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де,
Тәуелсіздік төрінде!
2-оқушы
Отан — сенің ата-анаң,
Отан — сенің бауырың.
Отан — өлкең, астанаң,
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
3-бала
Отан осы, достарым,
Көңілге оны түйе біл,
Оны ардақтап, сүйе біл.
6) Мақал-мәтелдер
Білімсіз күнің жоқ.
Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны біледі.
Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
7) Санамақтар
Бір
Бір дегенің — жаман баға, алады оны жаман бала.
Екі
Екі деген — нашар баға, інім, сен нашарлама.
Үш
Үш дегенім — орта баға, сапасы да орта баға.
Төрт
Төрт дегенің — жақсы баға, алады оны жақсы бала.
Бес
Бес дегенің — үздік баға, оқитын бол тек үздік қана.
8) «Балғын суретшілер»
Қорытынды бөлімде оқушылардың шығармашылығы таныстырылады: суреттер арқылы мектеп, Отан, бейбітшілік, білім тақырыптары көрініс табады.