Оқушыларға экологиялық білім беру

Есеп туралы

Жетекші

Мұзтау экологиялық клубының жетекшісі, география пәнінің мұғалімі — Мергазина Анар Ерлановна.

Мекеме

КММ Ленин атындағы орта мектебі.

Тақырып

«Парктер шеруі – 2014» халықаралық табиғатты қорғау акциясын өткізу қорытындысы.

Акцияның басталуы және ұйымдастыру

Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің жыл сайын өткізетін халықаралық табиғатты қорғау акциясына қатысу туралы шақыру келген сәттен бастап, КММ Ленин атындағы орта мектебі «Парктер шеруі – 2014» акциясын 2014 жылғы 25 наурыз бен 10 маусым аралығында өткізуді жоспарлады.

Акция ұраны: «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!»

Іс-шараларға 1–10 сынып оқушылары толықтай тартылды. Ұлттық парк ұсынысы қабылданғаннан кейін мектеп әкімшілігінің отырысында жас ерекшеліктеріне сай жоспар бекітіліп, белгіленген мерзімде жүйелі түрде орындалды.

Мұзтау экологиялық клубының жетекшісі клуб мүшелерін жинап, 9–19 сәуір аралығына арналған экологиялық онкүндік жоспарын жасап, мектеп директорына бекіттіріп, жұмысты бастады. Жоспарға сай бірде-бір сынып назардан тыс қалған жоқ: барлық іс-шаралар толық орындалды.

Экологиялық онкүндіктің ашылуы

9 сәуір: мектепішілік ашылу

Экологиялық онкүндік 9 сәуір күні «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!» тақырыбындағы мектепішілік тізілімде ашылды. Кезекші 10 «А» сынып оқушылары туған жер туралы өлеңдер оқып, жинақталған материалдарды ауызша таныстырды.

Суреттер байқауы

Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және бейнелеу өнері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 1–10 сыныптар арасында сурет байқауы өтті. Үздік жұмыстар мектепішілік қабырға көрмесіне іріктеліп, кейін Катонқарағай Ұлттық Табиғи Паркке тапсырылды.

Байқау тақырыптары

  • «Өсімдіктер мен жануарлар әлемі»
  • «Сақтар әлемі»
  • «Өз орманыңды ұрпақтарға сақта!»

Белсенді қатысу және нәтижелер

Оқушылар әр тапсырманы ынтамен орындап, жоғары қызығушылық танытты. Үздік жұмыстар авторларына мектеп директоры атынан мақтау қағаздары табыс етілді.

Мақтау қағазын алған оқушылар

  • 4 «А»: Уалханова Мөлдір, Нургазиева Амина
  • 2 «А»: Нұрлыбекова Алуа
  • 3 «А»: Оразғалинова Саяжан, Советова Тахмина
  • 7 «В»: Шүйбеков Әлішер
  • 8 «Б»: Төлеужанов Мейір, Мұхаметжанова Тоғжан
  • 6 «А»: Манарбеков Арман, Тілеуханова Айдана

Жобалар, рефераттар және жарияланым

Әдеби жоба

«Егер мен ұлттық парктің директоры болсам...» әдеби жобалар байқауының мектепішілік қорытындысы бойынша үздік жұмыстар марапатталды.

  • 5 «А»: Серікқызы Сезім, Рақышов Рүстем
  • 7 «А»: Рахметчанова Наргиз, Мұратова Диана, Сұлтанғазина Жадыра
  • 8 «А»: Базилова Мира

Рефераттар байқауы

«Туған ауылымның тарихы» тақырыбындағы рефераттар байқауында төмендегі оқушылардың жұмыстары жоғары бағаланды.

  • 8 «Б»: Мұхаметжанова Динара, Мұхаметжанова Тоғжан

Мақала

Акция аясында атқарылған жұмыстар туралы арнайы мақала дайындалып, аудандық «Арай» газетіне ұсынылды.

Экологиялық сабақтар және сыныптан тыс жұмыстар

1–10 сыныптар арасында сынып жетекшілері жоспарлы экологиялық сабақтар өткізді. Ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, «ашық есік күні», үгіт-насихат жұмыстары МҰТП қызметкерлері және Жас туристер бекетінің эколог мамандары қатысуымен ұйымдастырылып, белсенділерге сыйлықтар табыс етілді.

Өткізілген таңдаулы іс-шаралар

1 «А» — Р. С. Адилова

«Табиғат — аң-құсымен ажарлы» ауызша журналы

2 «А» — М. Т. Темірханова

«Табиғатты аяла» саяхат сабағы

4 «Б» — Ж. А. Исмаилова

«Земля — наш общий дом» («Жұлдызды сәт» ойыны)

6 «В» — Г. А. Рамазанова

«Цветник — Семицветник» экологиялық ойын сабағы

7 «В» — Е. С. Кусеков

«Природа не прощает ошибок» сынып сағаты

9 «В», 10 «Б» — Ф. М. Нұртазин, О. В. Төлежанова

«Земля — колыбель человечества» тақырыбындағы тәрбие сағаттары

18 сәуір: «Жер-Ана, тіршілік бесігі» ауызша журналы

Ұйымдастырушылар

Іс-шара мектептің акт залында өтті. Ұйымдастырушылар: Мұзтау экологиялық клубының жетекшісі А. Е. Мергазина, орыс сыныптарында Г. А. Рамазанова, биология пәнінің мұғалімі А. Б. Бердібеков.

Мақсаты

  • Оқушыларға экологиялық білім беру, адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктердің маңызын ұғындыру.
  • Экология мәселелеріне және қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға тәрбиелеу, табиғатқа сүйіспеншілікті дамыту.
  • Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастырып, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеу.

Бағдарлама құрылымы (4 бет)

  1. «Экология және Қазақстан» — ой шақыру, бейнефильм
  2. «Экология және қоршаған орта»
  3. «Менің өлкем»
  4. «Гүлдей бер, Жер-Ана»

Ән

Ағайынды Бұланбек Елдос пен Ердос «Адамдар, аққуларды атпаңдаршы» әнін орындады.

Би

9 «Б» сынып оқушылары «Гүлдер» биін билеп, көрермен ықыласына бөленді.

Қойылым

6–8 сыныптардан іріктелген топ «Ойлан, достым!» қойылымын ұсынып, көрерменді ойландырды.

Іс-шараға қатысқан оқушылар көптеген құнды дерек алып, экологиялық білімін толықтырды.

Үгіт-насихат және қоғаммен байланыс

Тазалық акциялары

Оқушылар Байқонақова көшесінде «Тазалық өзімізден басталады» тақырыбында үгіт-насихат парақшаларын таратып, ауыл тұрғындарын тазалыққа шақырды.

Өрттің алдын алу

Мектеп ішінде жоспарға сай «Орманды өрттен сақтайық!» тақырыбында үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Бастауыш сыныптардың экосағаттары

1–4 сыныптар арасында «Табиғат», «Жер», «Су», «Ауа» тақырыптарында ертеңгіліктер мен ашық тәрбие сағаттары өтті. Оқушылар табиғат компоненттерін бейнелейтін киім үлгілерін киіп, «Табиғатты қорғайық!» ұрандарын айтты. Дайындалған көріністер көрерменнің көңілінен шығып, іс-шараға шақырылған қонақтар мен мектеп оқушылары тарапынан жоғары бағаланды.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты — экологиялық білім берумен қатар, оқушылардың жылдам ойлау, тапқырлық, шешендік қабілеттерін дамытып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Көгалдандыру және тұрақты тазалық дәстүрі

Көшет отырғызу

Жыл сайын қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп директоры О. Уранбаевтың басшылығымен ұстаздар қауымы «Бір тал кессең, он тал ек» ұранымен 60 көшет отырғызып, мектеп ауласын көркейтуге үлес қосты.

Апта сайынғы тазалық

«Тазалық — денсаулық кепілі» қағидасына сай, әр жұма күні мұғалімдер бекітілген мөлтек аудан мен көшелерде, мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар мен мектеп ұжымы да апта сайын белгіленген аумақтарды бір кісідей тазалап, тәртіп сақтауға атсалысады.

Қорытынды және келесі оқу жылына жоспар

22 сәуір: шығармашылық жұмыстар көрмесі

2013–2014 оқу жылындағы «Парктер шеруі – 2014» акциясының қорытындысы 22 сәуір күні мектепте өтті. Технология және бейнелеу өнері мұғалімдері ұйымдастырған оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмесі ұсынылып, мектепішілік әділқазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар Катонқарағай МҰТП тапсырылды.

Жасалған жұмыстардың таныстырылымы

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ғылыми ізденістері, буклеттері, рефераттары, тақырыптық ашық сабақтары және экологиялық-саяхат сабақтары рет-ретімен мазмұндалып, слайд-презентация арқылы жинақталып қорытындыланды.

Клубтың жылдық отырысы

Мұзтау экологиялық клубының жылдық қорытынды отырысы өткізіліп, 2014–2015 оқу жылына арналған жоспар әзірленіп, мектеп әкімшілігіне ұсынылды.