Оқушылардың табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Сабақ туралы мәлімет
Мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың табиғаттың құндылығы туралы түсінігін кеңейту.
Адам мен табиғаттың үйлесімділігі туралы түсінік беру.
Табиғатқа аялы қарым-қатынасты дамыту.
Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- Табиғат суреті
- Гүл
- Ақ қағаз
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, сабаққа назар аударту.
II. «Шаттық шеңбері»
- Сәлемдесу
- Ән айту
III. Топқа бөлу
Табиғат туралы өз ойларын білдіреді.
Табиғаттың адам өмірімен байланысын сипаттайды.
IV. Ойланайық, пікірлесейік
«Табиғатпен біргеміз» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Аймен, Күнмен, жұлдыздармен тілдесіп көрдіңдер ме?
Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан қандай әсер аласыңдар?
V. Жаңа ақпарат
Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шабыттандырады. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.
VI. Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді екі топқа бөліп оқыту.
- Түсініксіз сөздермен жұмыс (мысалы: «Жел», Қ. Толыбаев мәтіні бойынша).
Талқылау сұрақтары
- Қар мен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті?
- Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?
VII. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын сергіту.
VIII. Тапсырма
Кітаптағы суретке қарап, табиғаттың сұлулығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Бақылау
Оқушылардың қызығушылығы артып, әртүрлі тақырыптардағы өзіндік жұмысқа ынтасы күшейеді. «Табиғатпен біргеміз» сабағында топтық жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қатысты.
«Адам» тобы
Табиғат туралы өз ойларыңды айтыңдар.
«Табиғат» тобы
- Табиғаттың адам өмірімен байланысын түсіндіріңдер.
- Қыздарды гүлге теңеуге болатынын мысалмен айтыңдар.
- Күн шуағын ананың құшағындай жылы әрі мейірімді сезіммен салыстырыңдар.
IX. Дәйексөз
Дәптерге жазу
«Адам мен табиғаттың тілдескені – өмірдің үндескені».
Халық даналығы
X. Дәптермен жұмыс
Дәптердегі суретті тек жасыл түспен бояу.
XI. Қорытындылау
Тақырыпты бекіту: «Табиғат».
XII. Шығармашылық жұмыс
- Табиғатпен тілдескен сәттерің туралы әңгімелеу.
- Табиғатты қорғаудың жолдарын ұсыну.
- Табиғатқа қамқорлық жасау әрекеттерін жоспарлау.
- «Табиғаттың тілегі» тақырыбында қысқа ой-толғау жазу.
XIII–XV. Қорытынды бөлім
Мадақтау
Белсенді қатысқан оқушыларды атап өту, ынталандыру.
Үй тапсырмасы
Табиғатты қорғау туралы қысқа әңгіме немесе сурет дайындау.
«Жүректен жүрекке»
Бір-біріне жылы сөз айту, жақсы тілектер білдіру.