Зат есімнің сұрақтарын ата
Сабақтың тақырыбы
Жалқы есім және жалпы есім.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Жалқы және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулар арқылы сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы
Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі
Бірлікке, ұйымшылдыққа және бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары мен форматы
Көрнекілігі
- Суреттер
- Ребус
- Сөзжұмбақ
Түрі, әдісі, байланысы
- Түрі: жаңа сабақ
- Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көркем сөз оқу, топтастыру, тірек-сызба, Венн диаграммасы
- Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру • Үй тапсырмасы • Өткенді қайталау
1) Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
376-жаттығу: Сөздерді оқып, кім? және не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жазыңдар.
Кім?
- ата
- апа
- ағатай
- інішек
Не?
- кірпіш
- тауық
- шыны
- кептер
- сағат
- қанат
3) Өткенді қайталау
«Сиқырлы кесте» арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімге мысалдар келтір.
II. Мағынаны тану
Түсіндіру • Жаттығу • Қолдану
1) Суретпен жұмыс
- Суретке қарап, астындағы сөздерді оқыңдар.
- Неліктен бір сөз кіші әріптен, ал екіншісі бас әріптен басталып жазылғанын түсіндіріңдер.
2) Тірек-сызба арқылы
Зат есім екіге бөлінеді: жалқы және жалпы.
3) Дәптермен жұмыс
Көркем жазу: Ж ж әрпі.
4) Оқулықпен жұмыс және «Еркін жазу» стратегиясы
392-жаттығу: Жаңылтпаштарды бірнеше рет оқып, жатқа айтыңдар. Кісі аты мен жер атын табыңдар.
Арман атай, Аралағаны — Тарбағатай. Арман атай атын Тарбағатайда тағалай алмай, Айғайды салған атай.
5) Өзіндік жұмыс
393-жаттығу: Төмендегі жалқы есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрап жазыңдар:
6) Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды, жай-жай, Міне былай, міне былай, жай-жай. Шапалақтап қолыңды, тез-тез, Міне былай, міне былай, тез-тез-тез...
7) «Топтастыру» стратегиясы
395-жаттығу: Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді бір бөлек, жалпы есімдерді бір бөлек теріп жазыңдар.
Жалқы есімдер
Оқушылар толтырады.
Жалпы есімдер
Оқушылар толтырады.
8) Көру диктанты
Ақсу, Көксу, Сарысу — Бұл — сумен түстеп танысу. Ырғыз, Торғай, Аягөз — Сай-саланың бәрі су. Есіліп Есіл ағады, Жайылып Жайық барады. Сылаң қақса Сыр сұлу, Шу шулап атой салады.
9) Шығармашылық жұмыс
396-жаттығу: Ребусты шешіңдер. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Шешуі: Алматы.
III. Ой толғаныс
Жинақтау • Бекіту • Бағалау
1) Венн диаграммасы
Жалқы есім мен жалпы есімнің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар.
2) Сұрақ-жауап
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтір.
3) Үй тапсырмасы
Күнделікті енді ашайық, Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді Ұмытпай, есте сақтап алайық.
397-жаттығу: Жалқы есімдерді бір бағанға, жалпы есімдерді екінші бағанға бөліп жазыңдар.
4) Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен жұмыс белсенділігіне қарай бағаланады.