Әжемен қоштасайық, сау болыныз әже
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тәрбиеші
Кужаева Нургул Жумабаевна
Тобы
«Ер Төстік» ортаңғы топ
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Сүт өнімдері
Түрі
Ойын-зерттеу
Көрнекілік
Үй жануарлары мен сүт өнімдерінің суреттері, слайд
Әдіс-тәсілдер
Жылулық шеңбері, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, тәжірибе жасау
Мақсаты мен міндеттері
Негізгі мақсат
Балаларға үй жануарлары және сүт өнімдері туралы түсінік беріп, білімдерін толықтыру; олардың пайдасы мен маңызын ұғындыру.
Дамытушылық бағыт
- Зерттеу арқылы ой-өрісін, қиялын дамыту.
- Саусақ моторикасын жетілдіру.
- Ұқыптылыққа, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Үй жануарлары және сүт өнімдері туралы әңгімелесу, күнделікті өмірмен байланысты мысалдар келтіру.
Үштілділік компонент
Сиыр
корова — cow
Сүзбе
творог — curd
Сүт
молоко — milk
Сабақ барысы (ойын-зерттеу)
1) Жылулық шеңбері
Кәне, кәне күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйіп не керек,
Ойнап, күліп жүрейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен бас иеміз біз!
Тәрбиеші балалардан: «Аналарың сендерді қалай еркелетеді?» — деп сұрайды. Балалар өз жауаптарын айтады:
- «Мені анам ботақаным дейді»
- «Мені анам қошақаным дейді»
- «Мені анам құлыным дейді»
2) Ғажайып сәт: Дымбілмес қонақта
Жай музыка әуенімен топқа Дымбілмес кіреді. Ол балалармен амандасып, бүгін көңіл-күйі жоқ екенін айтады: үй тапсырмасына үй жануарларының пайдасы, одан алынатын өнімдер туралы мәлімет жинау керек, ал ол не айтарын білмей қиналған.
Балалардың шешімі:
«Уайымдама, Дымбілмес! Біз саған міндетті түрде көмектесеміз».
Сұрақ-жауап
-
Сұрақ
Үй жануарлары дегеніміз не?
Жауап
Олар үйде бағылады және адамға еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы пайда әкеледі.
-
Сұрақ
Биенің (жылқының) сүтін қалай атаймыз?
Жауап
Қымыз.
-
Сұрақ
Түйенің сүтін қалай атаймыз?
Жауап
Шұбат.
3) Саяхат: әженің ауылына бару
Балалар Дымбілместі ертіп, «арбаға отырып» әженің ауылына жолға шығады. Әжемен амандасып, үй жануарларының пайдасы мен сүт өнімдері туралы әңгімелеп беруін сұрайды.
Әженің көрсеткендері
- Шелектегі сүт
- Ыдыстағы қаймақ
- Май
- Сүзбе
Негізгі түсіндіру
Әже: «Мынау — сүт. Сүттен қаймақ және май жасалады. Бүгін мен құрт жасағалы отырмын, көмектесесіңдер ме?» — дейді.
4) Сергіту сәті
Тіктеп титтей құлағың,
Ботам былай жүреді.
Сыртылдатып тұяғын,
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын,
Ойнақтайды ботақан.
Көкке қарай мұрынын,
Шүйіреді бұзауқан.
5) Тәжірибе: құрт жасау
Түсіндіру
Әже: «Мынау — сүзбе. Сүзбеге тұз салсақ, дәмі ащылау болады. Сол ащы сүзбеден құрт жасалады», — деп түсіндіреді.
Қауіпсіздік және тазалық
- Арнайы киім кию.
- Қолды мұқият жуу.
- Жұмыс орнын таза ұстау.
Процесс
- 1 Сүзбені дайындап, тұз қосып араластыру.
- 2 Құртты домалақтап/пішіндеп жасау.
- 3 Дайын құрттың бетін жауып, күн көзіне шығарып кептіру.
Нәтиже:
Әже балаларға алғыс айтып, кепкен құрттан ауыз тигізеді. Балалар құртты өз қолдарымен жасауды үйренгендеріне қуанады. Дымбілмес те ертеңгі сабағына қажет көп мәлімет алғанын айтады.
6) Қайту және қорытындылау
Балалар балабақшаға қайтатын уақыт келгенін айтып, әжемен қоштасады. Топта құрттың пайдасы туралы слайд көрсетіліп, сабақ қорытындыланады.
Қорытынды сұрақтары
- Бүгінгі зерттеу іс-әрекеті ұнады ма?
- Бүгін немен айналыстық, не жасадық?
- Бізден көмек сұрап кім келді?
- Біз қайда бардық?
Балалар мадақталып, шағын сыйлықтар беріледі. Сабақ аяқталады.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі
Сүт өнімдері туралы біледі.
Қандай түсініктерді игерді
Құрттың жасалу жолдарын меңгереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері
Ұқыпты, таза жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.