Арулармен таныстыру
Іс-шараның мақсаты
«Көктем аруы» байқауының мақсаты — кішкентай бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру, көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулу, өнерін шыңдау, тапқырлық пен ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекілігі
Нақыл сөздер, қанатты сөздер, тақырыптық безендіру.
Негізгі дағдылар
- Сахна мәдениеті және өзін таныстыру
- Өнер көрсету (ән, би, көркем сөз)
- Тапқырлық (мақал-мәтел, жұмбақ)
- Ұқыптылық, жинақылық, сән үлгісі
Байқаудың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Әдемі әуен ойналып тұрады. Жүргізуші жиналған қауымды жылы қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлайды:
Құрметті жиналған қауым! Бүгін сыныбымызда думанды той! Тыңдап, тамашалап, көңіл көтеріңіздер. Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлесін! Қош келдіңіздер!
Арулар мен аналарды ортаға шақырып, қол соғып қарсы алайық!
2) Арулармен таныстыру
Байқауға қатысушы бүлдіршіндер сахнаға кезекпен шақырылып, әрқайсысы өз ерекшелігімен таныстырылады.
1-қатысушы
Тлекқабыл Сабина
2-қатысушы
Серикова Диляра
3-қатысушы
Сердәлі Толғанай
4-қатысушы
Бакитова Әсем
5-қатысушы
Әэлита
6-қатысушы
Сымбат
7-қатысушы
Ботакөз
8-қатысушы
Ұзақбай Сайора
9-қатысушы
Малика
10-тармақ
Байқаудағы жеңіс — еңбектің нәтижесі.
3) Әділқазылар алқасы
Әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылып, бағалау талаптары қысқаша түсіндіріледі.
4) Байқау бағдарламасы
Құрметті көрермендер, бүгінгі сайыстың негізгі кезеңдері төмендегідей:
-
1. «Мен қазақтың қызымын»
Өзін таныстыру.
-
2. «Өнеріңнен айналайын»
Өнер сайысы (ән, би, көркем сөз).
-
3. «Кім тапқыр?»
Мақал-мәтелді толықтыру, жұмбақ шешу.
-
4. Ойын
Музыкамен жіп жинау (шапшаңдыққа сайыс).
-
5. «Сұлулық сыры»
Сән үлгісін көрсету.
Сайысқа қатысқан 10 ару кезекпен шығып, өздерін таныстырады. Одан кейін өнерлерін ортаға салып, тапқырлық кезеңінде білімін байқатады.
Мерекелік құттықтаулар (ер балалардың тақпақтары)
Іс-шара барысында ер балалар аналарға арнап жылы лебіздерін өлең жолдарымен жеткізеді.
Бақтығали
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік болсын жұлдызыңыз,
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға,
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Азамат
Жұмақ-құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыздың,
Еңбек сүйгіш анам!
Рашид
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Диас
Сенен өскен балалар —
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Али
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де —
Арнадым саған бәрін де.
Айдын
Ана — өмір жарығы,
Ана — өмір бұлағы.
Бесігімнің жыр-әні,
Жүрегімде тұрады.
Нұрсәт
Анам берген ақылды
Жүрегіммен ұғамын.
Оқу-білім арқылы
Үлкен өнер қуамын.
Айбар
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызбен!
Нұралы
Өмірдің қызығы
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама
Ешкім де жетпейді.
Қ. Шыңғыс
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, ана, ертең-ақ
Отың болып жанам ғой.
Санат
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.
Сырым
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Қ. Шыңғыс
Қанаттанса балапан,
Қалай ғана ұшпайды?
Әрбір қыз, әр бала
Анасына ұқсайды.
Сән үлгісі және қорытынды
«Сұлулық сыры» кезеңі
Сымбатына сән киім жарасқан бүлдіршіндер сән үлгісін көрсетіп, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетін танытады.
Қорытынды сөз
Ендігі сөз әділқазылар алқасына беріледі. Осылайша «Көктем аруы — 2015» байқауы өз мәресіне жетті.
Уақыт бөліп, тамашалағандарыңызға көп рақмет!