Кірістіру мәзіріндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту

Сабақ туралы мәлімет

Орны

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбаршы орта мектебі

Пән / Сынып

Информатика, 8-сынып

Мұғалім

Қибасова Ұлпан Дүйсенғалиқызы

Сабақ тақырыбы

Диаграммаларды құру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды MS Excel бағдарламасында диаграмма құруға және оның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға үйрету.

Тәрбиелік

Компьютермен ұқыпты жұмыс істеуге, жан-жақты болуға және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Көре және ести отырып есте сақтау дағдыларын, бақылау мен талдау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілігі

ДК, Excel бағдарламасы

Сабақ барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    • Электрондық кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгіземіз?
    • Excel енгізілген мәннің формула екенін қалай анықтайды?
    • Жұмыс кітабын қалай сақтаймыз?
  3. III

    Жаңа сабақ

    Диаграмма сандық мәліметтердің өзгерісін айқын көрсетіп, талдау мен салыстыруды жеңілдетеді. Excel бағдарламасында диаграммаларды гистограмма, баған, пирамида, конус және басқа да түрлерде құруға болады. Диаграммаға тақырып, түсіндірме мәтін және қосымша белгілерді енгізуге мүмкіндік бар.

    Маңызды: Диаграмма түрін таңдауда мәліметтің сипаты мен мақсатты дұрыс анықтау қажет.

    Дөңгелек диаграмма

    Бірнеше шаманы салыстыруға қолайлы. Егер бөліктердің қосындысы 100% болса, мәлімет өте көрнекі беріледі.

    Гистограмма (бағанды диаграмма)

    Бірнеше шаманы әртүрлі нүктелерде салыстыру үшін қолайлы. Диаграмма бағандардан тұрады.

    График (түзу диаграмма)

    Уақыт бойынша немесе кезеңдер арасында өзгерістер динамикасын бақылауға ыңғайлы.

    Excel-де диаграмма құру қадамдары

    1. 1 Диаграммаға арналған мәліметтерді енгізіңіз.
    2. 2 Жұмыс парағында қажетті мәліметтер диапазонын белгілеңіз.
    3. 3 Кірістіру (Insert) мәзірінен Диаграмма командасын таңдаңыз немесе құралдар тақтасындағы батырманы басыңыз.
    4. 4 Диаграмма шеберінде қажетті диаграмма түрін таңдаңыз.
    5. 5 Келесі қадамға өту үшін Далее (Жалғастыру) батырмасын қолданыңыз.
    6. 6 Кез келген кезеңде диаграмманы аяқтау үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады.
    7. 7 Соңғы терезеде Дайын батырмасын басып, құру процесін аяқтаңыз.
  4. IV

    Тәжірибелік жұмыс

    Excel бағдарламасында берілген мәліметтер бойынша диаграмма құрып, түрін өзгертіп, тақырып пен түсіндірме элементтерін қосу.

  5. V

    Сабақты бекіту

    • Диаграмма дегеніміз не?
    • Excel диаграммаларының негізгі түрлерін атаңыз.
    • Excel-де диаграмма құру ретін жазыңыз.
  6. VI

    Үй тапсырмасы

    Тақырыпты оқу.

  7. VII

    Оқушыларды бағалау

    Сабақтағы белсенділік, практикалық жұмыстың орындалуы және сұрақтарға жауап беру сапасы бойынша бағалау.