Картада неше жол көріп тұрсыңдар

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Таным, Қатынас, Шығармашылық

Тақырыбы: Артық, кем, тең

Мақсаты

  • «Артық», «кем», «тең» ұғымдарымен таныстыру.
  • Заттар мен суреттер жиындарын салыстыруға үйрету.
  • Зейінін, салыстыру дағдыларын, математикалық түсініктерін және ойын дамыту.
  • Бұрын алған білімдерін жетілдіру.
  • Өзара достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Даша және Алаяқ (түлкі) суреттері
  • Карта

Билингвалды компонент

Сандар

1
один / one (уан)
2
два / two (ту)
3
три / three (сри)
4
four (фо)
5
five (файф)

Сабақ барысы

Кезеңдер: мотивациялық-қызығушылық, ұйымдастыру-ізденушілік, рефлексивтік-түзету.

1) Мотивациялық-қызығушылық кезең

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларды шеңберге шақырады, шеңбердің неге ұқсайтынын сұрайды және «шеңберді үрлеуді» ұсынады.

Өлең-амандасу

Армысың, ару күнім! Армысың, арайлы аспаным! Бармысың, думанды достарым! Бармысың, қадірлі қонақтарым! Бас иіп, өздеріңе сәлем бердік.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

Балалардың күтілетін әрекеті

  • Шеңберге жиналып, қызығушылық танытады.
  • Шеңбердің допқа және шарға ұқсайтынын айтады.
  • Өлең сөздерін және қимылдарын ересекпен бірге қайталайды.
  • Қонақтармен үш тілде амандасады.

2) Ұйымдастыру-ізденушілік кезең

Сюжеттік желі: Даша қонаққа келе жатып, сыйлығын жоғалтып алады. Оны Алаяқ (түлкі) алып кеткен. Сыйлықты қайтару үшін балалар тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма 1

Картадағы жолдарды санау және түстерін атау

  • Картадан үш жол табады.
  • Ұзындығын салыстырады: қысқа және ұзын.
  • Түстерін атайды: жасыл, қызыл, көк.
  • 1-ден 5-ке дейін санайды (билингвалды нұсқаларымен).

Түс

Жасыл

green (гриин)

Түс

Қызыл

red (ред)

Түс

Көк

blue (блу)

Тапсырма 2

Ормандағы ағаштар мен гүлдерді салыстыру

Ағаштарды санау

Картаның жоғары және төменгі бөлігіндегі ағаштарды санайды: жоғарыда — 3, төменде — 3.

Қорытынды: тең (бірдей).

Гүлдерді санау

Бір жақта — 3 гүл, екінші жақта — 2 гүл.

Қорытынды: біреуі артық, біреуі кем.

Сергіту сәті

Орынымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір — отырып, бір — тұрып, Сәл демалып алайық.

Тапсырма 3

Пішіндерден көпір құрастыру және түстеріне қарай жапсыру

  • Балалар көпірдің пішіндерден құрастырылғанын анықтайды.
  • Пішіндерді түстеріне сәйкес тауып, дұрыс орынға жапсырады.
  • Жетпейтін пішінді атайды: үшбұрыш.
  • Алаяқ әкелген үшбұрыштардан әр топ әртүрлі бейне құрастырады.

Тапсырма 4

«Кім жылдам?» ойыны

Ойын шарты: жол шетіндегі саңырауқұлақтарды жинау. Кім көп жинаса — сол жеңімпаз.

Нәтиже

Ойын барысында балалар картадағы бағытпен жүріп отырып, жасырылған сыйлыққа жетеді.

Қайталау сұрақтары

  • Қандай ойын ойнадық?
  • Неден өттік?
  • Сыйлықты кім алып кеткен еді?
  • Нешеге дейін санадық?

3) Рефлексивтік-түзету кезеңі

Сабақты талдау

  • Тапсырмалардың орындалуын алгоритм бойынша талдау.
  • Балалардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік беру.
  • Ортақ жұмыс үшін мадақтау және алғыс білдіру.

Тосын сый

Тәрбиеші Дашаның балаларға әкелген сыйлығын табыстайды. Балалар алған әсерлерін айтып, сыйлықтарды қабылдайды.

Күтілетін нәтиже

  • Ереже бойынша тапсырманы орындау дағдысы қалыптасады.
  • Толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сай нақты жауап береді.
  • Өз тобының жетістігіне қуана біледі.
  • Өзін бағалай алады.