Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгісін көрсет
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.
Сабақтың мақсаты
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы түсінік қалыптастыру және нүктенің қызметін меңгерту.
Міндеттері
- Сөйлеу тілінің мақсаттары әртүрлі болатынын түсіндіру және сол мақсатқа сай сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерін меңгерту.
- Оқушылардың ойлау қабілетін, сабақтағы белсенділігін арттыру арқылы танымдық дағдыларын дамыту.
- Отбасын, ананы құрметтеуге, өз Отанын шексіз сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- Баяндау
- Жартылай-ізденушілік
- Топпен жұмыс
Көрнекіліктер
- Слайд
- Тест тапсырмалары
- Талдау түрлері
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру және дайындық
- Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық
- Сабақ ережесін құру
2) Үй тапсырмасын тексеру
Жаттығу
122-жаттығу
Тексеру форматы
Тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
1. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгісін көрсет.
- А) үтір
- В) тырнақша
- С) леп белгісі
- Д) сызықша
2. Сөйлемнің тыныс белгілерін қою үшін неше негізге сүйену керек?
- А) 4
- В) 3
- С) 2
- Д) 5
3. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгіні көрсет.
- А) қос нүкте
- В) леп белгісі
- С) нүкте
- Д) көп нүкте
4. Құрмалас сөйлемнің жігіне қойылатын тыныс белгіні көрсет.
- А) нүкте
- В) көп нүкте
- С) үтірлі сызықша
- Д) тырнақша
5. Сөйлемнің құрылысына негізделген принцип қалай аталады?
- А) грамматикалық
- В) мағыналық
- С) диалогтік
- Д) интонациялық
6. Дауыс ырғағы дегеніміз не?
- А) мағыналық
- В) интонация
- С) грамматикалық
- Д) ырғақтық
7. Құрмалас сөйлемнің жігіне қойылатын тыныс белгіні көрсет.
- А) нүктелі үтір
- В) сұрақ белгісі
- С) көп нүкте
- Д) нүкте
8. Сөйлем мен сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын айқындайтын принципті көрсет.
- А) интонация
- В) грамматикалық
- С) синтаксистік
- Д) мағыналық
9. Зат есімнің түрлерін көрсет.
- А) қатыстық, жалпы
- В) есімше, деректі
- С) жалқы, жалпы
- Д) сапалық, топтау
10. Сын есімнің сапалық түрін көрсет.
- А) жинақтық, болжалдық
- В) сапалық, жіктеу
- С) қатыстық, сапалық
- Д) өздік, жалпылау
3) Жаңа тақырып: сөйлем соңындағы тыныс белгілері
Негізгі идея
Сөйлеу тілінің мақсаты әртүрлі болуы мүмкін. Сол мақсатқа байланысты сөйлем соңына тиісті тыныс белгісі қойылады.
Сөйлеу тілінің мақсаттары
- Хабарлау
- Баяндау
- Сұрап білу
- Жауап алу
- Талап ету
- Көңіл күйді білдіру
Қойылатын белгілер
Нүкте
Хабарлы сөйлемнің соңында
Сұрақ белгісі
Сұраулы сөйлемнің соңында
Леп белгісі
Көңіл күй, бұйрық, әсерлі ой
Көп нүкте
Аяқталмаған ой, кідіріс
Қабаттасып келетін тыныс белгілері
Кейде сөйлем соңында екі белгі қатар қолданылып, мағына мен эмоцияны бірге жеткізеді.
Сұрау + леп
?!
Сұрау + көп нүкте
?...
Леп + көп нүкте
!...
Топпен жұмыс
Әр топ берілген беттердегі материалды оқып, талдап, сыныпқа түсіндіреді.
1-топ
129-бет
2-топ
131-бет (1)
3-топ
132-бет (2–4)
4) Бекіту тапсырмалары
Жаттығу
126-жаттығу
- Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін дұрыс қойыңдар.
- Леп белгісі қойылған сөйлемдерді теріп жазыңдар.
- Мына сөздердің мағынасын ашыңдар: қармап, ашутастай, жар салғысы, ұшырасқысы.
- Осы сөздерге фонетикалық және морфологиялық талдау жасаңдар.
1-топ
қармап
2-топ
ашутастай
3-топ
адамдар
5) Шығармашылық жұмыс
«Ана» тақырыбына эссе жазыңдар. Мазмұндауда құрмет, мейірім, алғыс және отбасылық құндылықтар көрініс табуына мән беріңдер.
6) Қорытындылау
Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайта қаралып, сөйлем соңындағы тыныс белгілерін қолдану бойынша сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасалады.
7) Үй тапсырмасы
Оқу
129–133-беттер
Параграф және жаттығу
10–11-параграф, 129-жаттығу