Гүлдене бер, Қазақстан
Сабақтың тақырыбы
Гүлдене бер, Қазақстан!
Сабақтың мақсаты
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдарынан бергі жетістіктерімен таныстырып, Қазақстанның әлем таныған ел екенін дәлелдеу.
Міндеттері
Білімділік
Оқушылардың білімдік дағдыларын кеңейту.
Дамытушылық
Болашақ ұрпақтың рухани, тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Тәрбиелік
Отанды сүюге, ел тарихын білуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, еліміздің байлығын қорғауға және Қазақстанды өркендететін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
-
Қазақ елі туралы суреттер
Туған ел, табиғат, тарих және заманауи Қазақстан.
-
Мемлекеттік рәміздер
Ту, Елтаңба, Гимн.
-
Н. Ә. Назарбаевтың суреті
Ел тәуелсіздігі кезеңіндегі тарихи тұлға ретінде.
-
Нақыл сөздер және әндер
Қазақстан туралы патриоттық шығармалар.
Тәуелсіздікке бастар жол
1-жүргізуші
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстанның тәуелсіздігін талап етті.
2-жүргізуші
Соның нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
Өлең жолдары мен әндер
1-жүргізуші
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды — кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Қазақстан!
Ғасырлар тойы болсын — келе берер!
2-жүргізуші
Мерекең құтты болсын, егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі-бақи арман еткен
Теңдікті, бостандықты иеленген ел.
Ән
«Отаным — Қазақстан»
2-жүргізуші
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма.
Оқу оқы, білім ал — елің үшін,
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Астана және ел жетістігі
1-жүргізуші
Халқымның мақтанышы — алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақордаға.
Бәйтерек — көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Көрнекілік: Бәйтерек суреті.
2-жүргізуші
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі
Жыл сайын өсіп, қанат жайып келеді.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
Хор
«Елім менің» — сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов.
Көрнекілік: Астанаға саяхат (суреттер көрсетіледі).
Отан туралы мақал-мәтел
Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Ойын
«Мақал-мәтелдің жалғасын тап»
Мемлекеттік рәміздер: бірлік пен тәуелсіздік белгісі
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихымен сабақтас рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Гимн. Олар — халық бірлігінің айғағы. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың парызы.
Мемлекеттік Ту
2-жүргізуші
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды —
Қасиетті борышым.
Көрнекілік: Ту суреті.
Тудың мәні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы — көгілдір түсті тікбұрышты мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Көгілдір түс — ашық аспан мен бейбітшіліктің нышаны. Алтын күн — баршаға ортақ нұр мен жылуды білдіреді. Қыран құс — ерлік пен биік мұраттың белгісі. Сол жақ қапталдағы ұлттық ою-өрнек — қазақ халқының көркемдік мұрасын танытады. Бұл белгілер халқымыздың ашық келешегін, берекесі мен тыныштығын, әл-ауқатын меңзейді.
2-жүргізуші
Желбірейді шалқып Қазақстан жалауы,
Көкке қыран қалықтап, қанат қағып барады.
1-жүргізуші
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың,
Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын.
Көк байрағым көгімде желбіреп,
Алатаудай биікке өрледім, азатпын.
Мемлекеттік Елтаңба
2-жүргізуші
Бабам тұлпар жаратты,
Құлыннан-ақ танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты —
Шайқалмасын шаңырақ.
Көрнекілік: Елтаңба суреті.
1-жүргізуші
Тәуелсіздік көркі — ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді Елтаңба
Ақорданың төрінде.
Елтаңбаның мәні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан күн сәулесіндей таралған уықтар — ел бірлігі мен ортақ үйдің нышаны. Жұлдыз — Отанымыздың болашағы жарқын, бағы биік екенін білдіреді. Қанатты тұлпар бейнесі қазақтың аңыз-әңгімелеріндегі ерлік рухымен сабақтасып, азаттық пен жеңісті меңзейді. Бидай сабақтары — тоқшылық пен молшылықтың белгісі. Төменгі бөліктегі «Қазақстан» жазуы — еліміздің әлемге танымал мемлекет екенін айқындайды.
1-жүргізуші
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.
Мемлекеттік Әнұран
2-жүргізуші
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түрікті байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар: «Болмаған», — деп, — Әнұран?!
Әнұранның маңызы
Мемлекеттік рәміздердің ішіндегі ең маңыздысының бірі — Әнұран. Әнұран — мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықтың рухын көтеріп, елді әйгілейді. Оның сөздерінде халқымыздың мыңдаған жылдық тарихы, бүгінгі өмірі және келешекке деген арманы көрініс табады.
Гимн орындалады.
2-жүргізуші
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
Интерактив: сөзжұмбақ
1-жүргізуші
Көк аспанда нұрлы күн
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Сөзжұмбақ шешу.
Қорытынды ән
2-жүргізуші
Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық — жыр-әнім.
Самғап жүрсек бостандықта, биікте —
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор
«Қазақстан»