Физика пәні мұғалімі Лайла МухатоваФизика 7 сыныпТақырыптар
Жалпы мақсат
-
Атмосфералық қысым туралы нақты әрі түсінікті мағлұмат беру.
-
Атмосфералық қысымды күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
-
Топта өзара бағалауға баулу.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Атмосфералық қысым туралы негізгі ұғымдарды меңгереді.
Қолданады
Атмосфералық қысымды күнделікті өмір жағдайларымен байланыстыра алады.
Бағалайды
Топтық жұмыста өзара бағалау жүргізе алады.
Негізгі идеялар
Ауа райы және қысым
Атмосфералық қысым ауа райына байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, ол басқа да факторларға тәуелді. Солардың бірі — биіктік.
Зерттеу әңгімесі
Бұл мәселені нақтылау үшін, жуырда саяхатқа барып, бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізіп келген Ернатты ортаға шақырамыз. Ол атмосфералық қысымның биіктікке байланысты қалай өзгеретінін түсіндіреді.
Анықтама
Жер бетіне және Жер бетіндегі барлық денелерге атмосфераның түсіретін қысымы атмосфералық қысым деп аталады.
Өлшем бірлігі
Негізгі бірлік
1 миллиметр сынап бағаны — 1 мм сын. бағ.
SI жүйесіне ауыстыру
1 мм сын. бағ. = 133,3 Па