Гүлдер ханшайымы
«Қош бол – Әсем бақшамыз» ертеңгілігі
(Залға музыка әуенімен екі бала кіреді.)
Абылайхан
Қош келдіңіздер, құрметті меймандар! Бізбен бірге қоштасу кешін тойлаңыздар.
Мадина
Гүлдей жайнап өстік бақшада, енді бізді есейді деп ойлаңыздар.
Абылайхан
Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар, білім нәрімен сусындатқан тәрбиешілер, аяулы аналар! Бүгін біз есейіп, қарлығаштай қанат жайып, білім теңізіне — яғни мектеп табалдырығын аттағалы отырмыз.
Мадина
Абылайхан, есіңде ме? Біз алғаш осы балабақшаға келгенде былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік. Мұнда ән айтып, би билеп, көп нәрсені үйрендік. Таңертең балабақшаға келгенде апайларымыз күлімдеп қарсы алушы еді.
Абылайхан
Иә, есімде, Мадина. Оларға алғысымыз шексіз.
Кішкентайымыздан тәрбиелеп, білім берген тәрбиеші апайларымызға құрмет көрсетейік! Ата-аналар, орындарыңыздан тұрып, қол соғып қошемет білдірейік.
Мадина
Толқимын… Баршаңыз да толқып тұрсыз. Мұндай күй, сірә, қаншаңызда бар екен?
Абылайхан
Ендеше балабақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған достарымызды ортаға шақырайық.
Мадина
Қарсы алыңыздар — 2015 жылдың түлектерін!
(Музыка әуенімен балалар ортаға кіреді. Ақжол жайылып, шашу шашылады.)
Тәрбиешілердің құттықтауы
Назгүл апай
Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, қонақтар және балабақша қызметкерлері! Бүгін біз тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді қиямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасуға арналған «Қош бол – Әсем бақшамыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жанаргүл апай
Бізден ұшып, талай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың, аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік.
(Балалар хорға тұрады.)
- Хор: «Тәрбиеші апай»
- Хор: «Біз мектепке барамыз»
Ертегі әлемінен қонақ
Гүлдер ханшайымы
Сәлеметсіздер ме, балалар! Музыка әуенін естіп, сендерге арнайы келдім. Қандай әдемі балалар, қандай сәнді безендірілген бөлме!
Тәрбиеші
Сәлеметсіз бе! Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр. Ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы
Мен ертегі патшалығынан келген Гүлдер ханшайымымын.
Жүргізуші
Онда төрлетіңіз, қонақ болыңыз!
Гүлдер ханшайымы
Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге бос қол келмедім — қызықты ойын ала келдім. Ойын арқылы білімдеріңді тексеремін. Ойынның аты — «Жүрек жарды тілек».
Мына гүлдің күлтешелерінде сендер танысқан әріптер жазылған. Әріптерді танимыз ба?
Балалар: Иә!
Ендеше ортаға бір бала шықсын. Күлтешеден әріпті алып, сол әріптен басталатын тілек сөзді айтсын. Айтқан тілектерің қабыл болсын!
«Жүрек жарды тілек» — балалар тілектері
- А — аспанымыз ашық болсын!
- Т — толағай табысты болайық!
- Н — нардай намысты болайық!
- Ғ — ғалым болып өсейік!
- Р — рақмет саған, балабақша!
- О — озық ойлы болып өсейік!
- М — мейірім мен махаббатқа бөленейік!
- Б — бақытты балалар болайық!
- С — сүйіспеншілікпен сіздерге, ата-аналар!
- Е — еліміз аман болсын!
- Ә — әдепті балалар болайық!
- Ө — өнерлі, өнегелі болып өсейік!
- Ү — үкілі үмітті ақтайық!
(Балалар залдан шығып кетеді.)
Өнер көрсетілімдері
Жүргізуші
Құрметті Гүлдер ханшайымы, сізге арналған өнер шашуын тамашалаңыз:
«Достарым бар қуанып, тамашалар кештерде, тал шыбықтай бұралып — биші болам өскенде», — дегендей ортада «Вальс» биі орындалады.
Ересектер (А) тобы
- Шұғыла — Нұрғиса
- Әсемай — Мейрамбек
- Дильназ — Дархан
- Жанерке — Арсен
- Жанерке — Нұрасыл
Ересектер тобы
- Ж. Дамир — Светлана
- Рахман — Бибіфатима
- Айқын — Сабина
- Жантөре — Нұрзада
Балалардың тақпақтары
Рахман
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Оқу-білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Алты жасқа толамыз,
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
Бибіфатима
«Ботақаным, бөбек!» деп
Еркелеткен ұл-қызын —
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойымыз!
Айқын
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, өнер табамыз.
Қашық емес арамыз —
Бақшаға келіп тұрамыз.
Сабина
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Біздер алты жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды,
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жантөре
Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
(Ересектер (А) тобы балаларының тақпақтары осылай жалғасады.)
Жүргізуші
Ата-анамның менмін ғой бала шағы,
Әдептілік балаға жарасады.
Жақсы азамат боламын өскенде мен,
Балалар — елімнің болашағы.
Балабақшамыздың сүйкімді әнші бүлдіршіні Ақылбекқызы Бибіфатиманың орындауында «Ата-ананы тыңдаймыз!» әнін қабыл алыңыздар.
Көркем сөз
«Қазақпын» — Арсыланұлы Абылайханның орындауында.
Оркестр
Майра апайдың жетекшілігімен «Кел, балақан» әні орындалады.
Қатысушылар: Ж. Дамир, Светлана, Шыңғысхан, Ержігіт, Асыл, Шырайлым, Нұрислам, Еркеназ, Мағди, Нұрғиса, С. Ақниет, Дильназ, Шұғыла.
Би
«Көңілді гномдар» биі.
Келіңіздер, келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол — көріңіздер,
Тамашасын көріңіздер.
Ақпарат
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі — Хайруллаева Назгүл.