Рабиға бегім сұлтан кімнің қызы

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

§ 34. Қазақстанның XIV–XV ғасырлардағы сәулет өнері

Мақсаты

Қазақстанның XIV–XV ғасырлардағы сәулет ескерткіштері және оларды салуда қолданылған материалдар туралы түсінік қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі

Қазақстан аумағындағы сәулет ескерткіштерін салыстыру арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, дәлелді пікір айтуға жетелеу.

Түйінді идея

XIV–XV ғасырлардағы сәулет өнері — өшпес мұра.

Ресурстар

  • АКТ (презентация, онлайн тест)
  • Маркер, постер, кеспе қағаздар
  • Оқулықтар, қосымша дереккөздер
  • «АҚТМ» әріптері (жылы ахуал құруға)

Сабақтың құрылымы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу: әріптер арқылы амандасу, бір-біріне жақсы тілек айту. Нәтижесінде жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

Топқа бөлу (көшпелілер қолданған материалдар арқылы)

Тері

саба, торсық, көнек, мес

Ағаш

күбі, асадал, тостаған, кереге, уық

Темір

балға, балта, ауыздық, таға

Киіз

текемет, сырмақ, үзік, киіз, кілем

Оқушылар берілген бұйымдардың қай материалдан жасалатынын ажыратып, өз тобына орналасады.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін бірнеше әдіс арқылы сұралады:

  • I. «Бейнеле, жандандыр»
  • II. «Ойлан, тап, жинақта»
  • III. «Қатесін тап, орнына қой»
  • IV. «Тарихи шеңбер»
Қолпаштау Үш шапалақ

3) Жаңа тақырыпты меңгерту: топтық жұмыс және өзара оқыту

Оқушылар тапсырмаларды мұқият оқып, топта талдайды және қорғайды. Қорғау рөлдік ойын және PowerPoint таныстырылымы арқылы жүзеге асады.

«Екеуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі

Оқушылар қайта топтасып, бір-бірімен мәлімет алмасады, кейін бастапқы орындарына оралып, қорытынды жасайды.

Бағдаршам арқылы бағалау Өзін-өзі және өзара бағалау

Топтық тапсырмалар (ескерткіштер бойынша)

1-топ

Алаша хан кесенесі, Көккесене

2-топ

Арыстан баб кесенесі

3-топ

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

4-топ

Рабиға Бегім сұлтан кесенесі

4) Сабақты бекіту: онлайн тест

Нұсқау

Оқушылар онлайн режімінде тест тапсырмаларын орындайды. Қажет жағдайда сұрақтар кейіпкерлерге ену арқылы (рөлдік элементтер) талқыланады.

АКТ қолдану Жедел кері байланыс

Тест сұрақтары

  1. 1) Арыстан баб қай ғасырларда өмір сүрген?

    • A) VII–VIII ғғ.
    • B) VI–VIII ғғ.
    • C) XIV–XV ғғ.
  2. 2) Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене:

    • A) Тектұрмас
    • B) Дәуітбек
    • C) Көккесене
  3. 3) Ахмет Йасауидің күмбезінің барабандары айналдыра қандай жазумен өрнектелген?

    • A) Қазақ
    • B) Араб
    • C) Ұйғыр
  4. 4) Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене:

    • A) Алаша хан
    • B) Арыстан баб
    • C) Көккесене
  5. 5) Рабиға Бегім сұлтан кімнің қызы?

    • A) Әмір Темір
    • B) Дәуітбек
    • C) Ұлықбек

5) Кері байланыс және бағалау

«Радиорубка» бағдарламасы

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ойларын қысқа әрі нақты жеткізеді.

«Хат» әдісі

Әр топ бір-біріне хат жолдап, маңызды ақпаратты және ұсынысты бөліседі.

Бағалау түрлері

  • «Бағдаршам» әдісі (жедел өзіндік бағалау)
  • «Екі жұлдыз, бір тілек» (өзара бағалау және ұсыныс)

6) Үй тапсырмасы және қорытынды

Үй тапсырмасы

  • § 34. Қазақстанның XIV–XV ғасырлардағы сәулет өнері (оқу, мазмұндау)
  • Қосымша мәліметтер жинақтау (ескерткіштер, материалдар, өрнек ерекшеліктері)

Қорытындылау

Сабақ соңында оқушылар әріптер арқылы сабақтан алған әсерін білдіріп, өз көңіл күйін қысқаша сипаттайды.