Жас қырандар алға, Айбын тобынан қалма
Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел бақыты
Бұл танымдық ойын Тәуелсіздік құндылығын ұғындыруға, оқушылардың білімін жан-жақты дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және теориялық білімін тереңдетуге бағытталған. Шара барысында оқушылар туған елін мақтан тұтуға, өткен тарихын білу арқылы отансүйгіштікке және ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.
Мақсаты
- Білімді жүйелеу және тереңдету
- Ой-өрісті кеңейту, шапшаңдық пен тапқырлықты дамыту
- Отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, бейнероликтер
- Қанатты сөздер, шарлар, жалаушалар
- Видеокамера және сахналық жабдықтар
Түрі
Танымдық ойын (тележоба үлгісіндегі білім сайысы).
Маңызды
Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр айналым соңында жасырын ән беріледі: әнді дәл тапқан топқа қосымша 2 ұпай қосылады.
Жүрісі
I
Ұйымдастыру кезеңі
II
Таныстыру кезеңі
III
Сайыс (6 айналым)
IV
Қорытынды бөлім
V
Марапаттау (Әнұран)
Кіріспе сөз
Жүргізуші: «Кең байтақ Қазақстан — туған жерім, кең пейіл, мерейі мол дархан елім. Көп ұлтты құшағына сыйдырған, бір бесіктің әніне салған елім» — дегендей, бұл ойын ұлан-байтақ Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы.
Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық мерекесі құтты болсын! Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! «Елім менің» тележоба желісіндегі «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ойынға «Айбын» және «Жас қыран» командалары қатысады. Оқушылар Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған арнайы көрмемен алдын ала танысып, білімдерін шыңдап келді.
Ереже
- Әр дұрыс жауап: 1 ұпай
- Әр айналым соңында жасырын ән: дәл тапса +2 ұпай
- Ойын соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар марапатталады; екінші топқа алғыс хат табысталады
- Жанкүйерлер өз командасына көмектесе алады
Командалар
«Жас қыран»
Топ жетекшісі: Айзада
Құрамы
- Айзадатоп басшысы
- Динара
- Сайфолла
- Жеңісбек
Ұран
Жас қырандар алға, Айбын тобынан қалма!
«Айбын»
Топ жетекшісі: Лаура
Құрамы
- Лауратоп басшысы
- Дана
- Берікқали
- Гүлназ
Ұран
Көк бөрідей жүректі қайраттымыз,
Жігерлі де білімді айбаттымыз.
Сайыс барысы: 6 айналым
Әр айналымның шарты ойын барысында нақтыланады. Төменде айналымдардың мазмұны берілген.
1-айналым: Бейнесұрақтар
5 сұрақЭкраннан фильмдер, телехабарлар, тарихи оқиғалар, бейнеклиптер немесе тұлғаларға қатысты үзінділер көрсетіледі. Жауапты шапшаң тапқан топ жауап береді. Дұрыс жауап — 1 ұпай.
1) «Балалық шағымның аспаны»
- Үзінді қай фильмнен?
- Басты кейіпкері кім?
- Қай жылы түсірілді?
- Фильм немен аяқталады?
2) «Менің атым – Қожа»
- Үзінді қай фильмнен?
- Шығарманың авторы кім?
- Қай жылы түсірілді?
3) Желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик
- Бұл қандай оқиға және қашан болды?
- Басты тұлғалары кімдер?
- Оқиғаға алып келген себептер қандай?
4) ХХХ Олимпиаданың ашылуы: Қазақстан құрамасы
- Бұл қандай тарихи оқиға?
- Қазақстан несімен ерекшеленді?
5) «Алашұлы» тобы — «Елім менің» (бейнеклип)
- Ән авторлары кімдер?
- Қандай топ орындады?
Қосымша мүмкіндік
Жасырын ән: «Қазақ елі». Әнді жазбай таныған топқа +2 ұпай. Ән орындауға Баянқұлова Алтынай қосылады.
2-айналым: Сөз сауаттылығы және фразеологизмдер
Бұл айналымда сөздердің дұрыс жазылуы мен мағынасы тексеріледі. Дұрыс жауап — 1 ұпай, қате жауапқа ұпай берілмейді.
«Айбын» тобына
- Егемендік
- Парламент
- Халықаралық
- Құқықтық
- Референдум
«Жас қыран» тобына
- Бейбітшілік
- Конституция
- Жасампаздық
- Ұлтаралық
- Зайырлы
Тұрақты сөз тіркестері
Экраннан фразеологиялық тіркестер беріледі. Тіркестің мағынасы мен баламасын дұрыс тапсаңыздар — 1 ұпай. Жанкүйерлер көмектесе алады.
Мысалдар
- Кірпік қаққанша — өте тез
- Екі көзі төрт болу — сарыла күту
- Ит өлген жер — алыс, қашық жер
Мысалдар
- Салы суға кетті — көңілсіздену
- Құр алақан қалу — барынан айырылу
- Ізі суып кетті — көптен хабарсыз кету
- Жатқан жыланның құйрығын басу — ашуландыру
Қосымша мүмкіндік
Жасырын ән: «Жаса, қазағым». Орындаушы: 9 «Ә» сынып оқушысы Қабыл Қайырбек.
3-айналым: Көнерген сөздер
Екі топ бір-біріне көнерген сөздер жасырады. Әр сөзге мағынаның үш нұсқасы беріледі, дұрыс нұсқаны табу керек. Дұрыс жауап — 1 ұпай.
«Айбын» тобы ұсынатын сөздер
-
Желек
Нұсқалар: көк шөпті дала / орамал, әйелдің бас киімі / әйелдің сыртқы киімі
-
Әбдіре
Нұсқалар: үйде тұтынатын төсеніш / абыржу, сасып қалу / киіз үй жиһазы, сандық
«Жас қыран» тобы ұсынатын сөздер
-
Бесқонақ
Нұсқалар: дос-құрдасқа қыдырып барғанда айтатын сөз / қонаққа жасалатын сый-сияпат / жауын-шашын мезгілі
-
Торқа
Нұсқалар: тілек ету / ең қымбат жібек мата / құнды, бағалы жануар терісі
Қосымша мүмкіндік
Жасырын ән: «Қазақ елі осындай». Орындауға Баянқұлова Алтынай қосылады.
4-айналым: Тарихи тұлғалар мен әдеби кейіпкерлер
Топ жетекшілері өз командасына берілген тұлғалар туралы қысқаша мәлімет ұсынады. Түсіндіруге 1,5 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
«Айбын» тобына
- Ыбырай Алтынсарин
- Хиуаз Доспанова
- Әйтеке би
- Ақан сері
- Илья Ильин
- Мәдина Ералиева
- Әмина Өмірзақова
- Қасым хан
- Абайдың анасы
- Асылбек Еңсепов
«Жас қыран» тобына
- Қазыбек би
- Серік Сапиев
- Есім хан
- Абай Құнанбаев
- Құрманғазы Сағырбайұлы
- Тәуке хан
- Иманғали Тасмағамбетов
- Бауыржан Момышұлы
- Тоты Әмірова
- Дінмұхамед Қонаев
Қосымша мүмкіндік
Жасырын ән: «Ғасырнама». Орындаушы: Қабыл Қайырбек.
5-айналым: Тәуелсіз елдің тұлғалары мен нысандары
Экраннан Қазақстанның көрнекті қайраткерлері, «жарық жұлдыздары» және сәулеттік нысандары көрсетіледі. Нысанды танып, қысқаша мәлімет беру керек. Дұрыс жауап — 1 ұпай.
Ғимараттар мен тарихи орындар
- Хан Шатыр — қай қалада, қандай нысан?
- Бейбітшілік пен келісім сарайы — қай қалада, қандай нысан?
- Қорқыт Ата ескерткіші — кімнің құрметіне қойылған?
- Исатай–Махамбет ескерткіші — кімдерге арналған, қай қалада?
- Бекет Ата — киелі орын қай жерде?
- Әзірет Сұлтан мешіті — қай қалада, қашан ашылды?
- Сарайшықтағы хандар кесенесі — тарихи орынның атауы
- Алтын адам — жәдігер туралы не білеміз?
Тұлғалар
- Нұрғиса Тілендиев — кім, қандай әндерін білесің?
- Тоқтар Әубәкіров — кім, ізбасары кім?
- Бекзат Саттарханов — тарихтағы орны
- Қайрат Рысқұлбеков — өмірі мен ерлігі туралы
- Ләззат Асанова — қандай қасиеттерін үлгі тұтасың?
- Фариза Оңғарсынова — қай жерде дүниеге келген?
- Мұхтар Шаханов — патриоттық өлеңінен үзінді
- Шәмші Қалдаяқов — өнері, бір әнін орындау
Қосымша мүмкіндік
Жасырын ән: «Қазақтай ел қайда». Орындаушы: Қабыл Қайырбек.
6-айналым: Шешуші кезең (әріптер арқылы жауап беру)
1,5 минутӘр ойыншыға екі әріп тиесілі. Жүргізуші қойған сұрақтарға сол әріптер көмегімен сөз құрастырып жауап беру керек.
«Айбын» тобы
Ө Н А Р А М Е Й
- Өз келбетіңді неден көресің? (айна)
- Жігітке жеті ... де аз. (өнер)
- Қойшы көп болса, қой ... өледі. (арам)
- «Өр» етістігінің болымсыз түрі. (өрме)
- Жас жеткіншек, жас түлек, жас ... (өрен)
- Қызыл дәндері бар жеміс. (анар)
- Өзеннің ағатын жолы. (арна)
«Жас қыран» тобы
Қ А С Р Ғ Ы Л А
- Қорғасын құйылған асық. (сақа)
- Асыл тастан — ..., жастан — ... (ақыл)
- Қостанай, Астана, Атырау, Алматы — бұлар нелер? (қала)
- Екі өзеннің қосылған тұсы. (саға)
- Көп балалы аналарға алтын ... тағылады. (алқа)
- Қазақстан тек қана ... (алға)
- Өзендегі қатты ... (ағыс)
Әнмен қорытындылау
Ұпайлар есептелгенше экраннан бейнеролик көрсетіліп, «Көк тудың желбірегені» әні бірге орындалады.
Марапаттау және қорытынды
Ойын соңында барлық ұпай саны есептеліп, жеңімпаз команда сол жерде анықталып, марапатталады. Ұпайы аз командаға сайысқа белсенді қатысқаны үшін алғыс хат табысталады.
Қорытынды сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі «Елім менің» тележоба желісіндегі «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Азат еліміз аман, байтақ жеріміз тыныш болсын. Жаны жомарт ұл-қыздарымыз өсіп-өнсін! Сау болыңыздар!