Сабақтың білімділік мақсаты:Әннің орындалу әдіс - тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету

Сабақтың мақсаты мен тақырыбы

Бұл сабақта ән орындаудың негізгі әдіс-тәсілдері мен ережелері қарастырылып, оқушылардың орындаушылық мәдениетін қалыптастыру көзделеді.

Білімділік мақсаты

Әннің орындалу әдіс-тәсілдері мен ережелерін жүйелі түсіндіру арқылы оқушылардың білімін тереңдету.

Дамытушылық мақсаты

Әр оқушының мүмкіндігі мен қабілетін ашып, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Музыкаға деген ықылас арқылы рухани байлықты арттыру, қайырымдылық пен мейірімділікке, адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың тақырыбы

Ән айту ережелері

Сабақтың сипаттамасы

Түрі:
Аралас сабақ
Типі:
Жаңа білімді меңгерту
Әдісі:
Түсіндірмелі, СТО әдісі, «араласқан сөздер», «сиқырлы таяқша», «суретті тану»

Құралдар мен байланыс

Көрнекіліктер:
Баян, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс:
Әдебиет, өнер

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері оқушылардың көңіл-күйін реттеуден бастап, жаңа білімді меңгерту және қорытындылауға дейін бірізді ұйымдастырылады.

Кезеңдер

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау
  3. III. Үй тапсырмасын бекіту
  4. IV. Жаңа сабақты түсіндіру
  5. V. Жаңа сабақты бекіту
  6. VI. Қорытындылау
  7. VII. Үйге тапсырма
  8. VIII. Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару. Сабақты жақсы көңіл-күймен бастау үшін бір-бірімізге жылы лебіз айтамыз.

Жылы лебіздер

  • Намысты бол
  • Табысты бол
  • Жігерлі бол
  • Әділ бол
  • Сезімтал бол
  • Жаңашыл бол
  • Салмақты бол
  • Турашыл бол
  • Шешен бол
  • Өнерлі бол

Дауыс жаттығуы

Дикцияны, тыныс пен дыбыстауды үйлестіру үшін жаттығуды мұғалім мен оқушы болып кезектесе орындаймыз.

Жаттығу мәтіні

М: Күй сандықты ашайық

О: до – до – до

М: Тілдерін біз басайық

О: до – до – до

М: Бас дыбысты бастайық

О: до – до – до

М: Жайлап әнге салайық

О: до – до – до

Бірге:

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до

До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

М: Шалқып шығар сонда күй

О: до – до – до

М: Бәрі до-дан басталар

О: до – до – до

М: До-ны қоштар басқалар

О: до – до – до

М: До-ны қоштар басқалар

О: до – до – до

Бірге:

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до

До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырма тексеріледі:

  • Тақырып: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері
  • Ән орындау: Абай — «Қараңғы түнде тау қалғып»

III. Үй тапсырмасын бекіту

Оқушылардың түсіну деңгейін нақтылау үшін төмендегі сұрақтар талқыланады:

  1. 1. Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
  2. 2. XIX ғасырдың екінші жартысындағы дәстүрлі ән өнеріне зор үлес қосқан әнші-композиторларды атаңдар.
  3. 3. Қандай дәстүрлі әншілік өнер мектептері бар?