Тышқанның нұсқағышын меню жолындағы файл командасына орналастырыңдар

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақта Windows жүйесінде бумалар мен белгішелерді (жарлықтарды) құру, объектінің атын өзгерту, объектілерді көшіру, орын ауыстыру және жою әрекеттері қарастырылады. Материал оқушыларға компьютердегі файлдар мен бумаларды реттеуді үйретіп, қауіпсіз жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтың тақырыбы

Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді көшіру, орын ауыстыру және жою.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекілігі

Кеспе қағаздар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру және оларды тиімді іздеу тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық

Дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу-іс әрекетін белсендіру, жүйелі ойлауын жетілдіру.

Тәрбиелік

Оқушыларды компьютермен өз бетінше, ұқыпты әрі қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Неліктен бумалар қажет?

Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді. Егер барлық файлды бір ғана бумаға жинай берсек, уақыт өте келе қажетті файлды табу қиынға соғады. Сондықтан файлдарды мазмұнына қарай бөлек бумаларға орналастырған дұрыс: мысалы, суреттерді «Суреттер» бумасына, ойындарды «Ойындар» бумасына және т.б.

Бума құру қадамдары

  1. 1 «Менің компьютерім» бумасын ашыңдар.
  2. 2 C: дискісінің бумасын ашыңдар.
  3. 3 Мәзір жолағындағы Файл командасын таңдаңдар.
  4. 4 Ашылған мәзірден Құру командасын шертіңдер (қосымша мәзір ашылады).
  5. 5 Қосымша мәзірден Қапшық (Бума) командасын таңдаңдар.
  6. 6 Жаңа бума белгішесі пайда болады.

Объектінің атын өзгерту

Файлдың немесе буманың атауын нақты әрі түсінікті етіп қою — кейін іздеу мен реттеуді жеңілдетеді. Атын өзгертудің бірнеше тәсілі бар.

1) Мәзір арқылы

  • Объектіні белгілеңдер.
  • Қапшық терезесінің мәзірінен Файл → Переименовать командасын орындаңдар.
  • Ескі атаудың айналасында жақтау пайда болады — жаңа атауды енгізіп, Enter пернесін басыңдар.

2) Перне арқылы

  • Объектіні белгілеңдер де F2 пернесін басыңдар.
  • Жаңа атауды енгізіңдер немесе ағымдағы атауды түзетіңдер.
  • Қате жіберсеңдер, Esc пернесін басып, өзгерісті болдырмауға болады.

Көшіру және орын ауыстыру

Windows жүйесінде объектілерді (файл/бума) жиі көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.

Көшіру кезінде объект бастапқы орнында қалады, ал жаңа орынға оның көшірмесі жасалады. Қажет болса, бірнеше көшірме жасауға болады.

Жылжыту кезінде объект жаңа орынға өтеді де, бастапқы орнында қалмайды.

Тышқанның оң жақ батырмасы арқылы

  1. 1 Қапшық терезесінде объектінің үстіне меңзерді апарыңдар.
  2. 2 Тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып, объектіні жаңа орынға апарыңдар да батырманы босатыңдар.
  3. 3 Пайда болған контекстік мәзірден қажетті команданы таңдаңдар: КОПИРОВАТЬ (көшіру), ПЕРЕМЕСТИТЬ (жылжыту), СОЗДАТЬ ЯРЛЫК (жарлық жасау).

Жою: қауіпсіздік ережесі

Маңызды ескерту

Бір қарағанда қажетсіз көрінетін объектіні жою — қауіпті қадам. Ойланбай жою бағдарламаның дұрыс жұмыс істемеуіне, тіпті жүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жою операциясы тек оқытушының бақылауымен орындалуы керек.

Объектіні (немесе объектілер тобын) жою тәсілдері

  • Объектіні белгілеп, Del пернесін басыңдар.
  • Белгіленген объектіде оң жақ батырмамен шертіп, мәзірден УДАЛИТЬ командасын таңдаңдар.
  • Қапшық терезесінің мәзірінен ФАЙЛ → УДАЛИТЬ командасын орындаңдар.
  • Объектіні (немесе объектілер тобын) таңдап, Жұмыс үстеліндегі СЕБЕТ белгішесіне апарыңдар.

Кез келген тәсілді қолданғанда, экранда «Өшіру керек пе?» деген сұрау терезесі шығады. ИӘ батырмасын бассаңдар, объектілер Себетке жіберіледі (кейін қалпына келтіруге болады). ЖОҚ батырмасын бассаңдар, объект жойылмайды.

Қате жою әрекетін болдырмау үшін қапшық терезесіндегі мәзірден Правка → Отменить удаление командасын орындауға болады.