Болымсыз етістік
Қазақ тілі • 6-сынып
Етістік тақырыбы бойынша сабақ жоспары және тапсырмалар
Оқушылар төмендегі бос орындарға жауап жазады (асты сызылған курсив сөздердің орнына оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады).
Формат
Үй тапсырмасы + топтық жұмыс
I кезең — «Көпір» тапсырмалары
Оқушылар үйде орындап, сабаққа дайындалып келеді.
1) Етістік дегеніміз не?
Жауабы: Етістік — заттың іс-әрекетін білдіретін сөз табы.
2) «Не істеді? Қайтті? Не қылды?» сұрақтарына жауап беретін сөз табы қайсы?
Жауабы: Бұл сұрақтарға етістік жауап береді.
3) Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Жауабы: Құрамына қарай дара және күрделі
4) Етістік құрылысына қарай қалай бөлінеді?
Жауабы: Құрылысына қарай негізгі және туынды
II кезең — Топтық жұмыс арқылы жаңа сабақты меңгеру
1-бөлім (10 минут)
Оқушылар «Білу, Түсіну, Талдау, Жинақтау» тәсілдеріне сай тапсырмаларды өздері толтырады.
2-бөлім (10 минут)
Жауаптарды мұғаліммен бірге талдайды, қорытынды ауызша бағаланады.
Теория: «Білу»
Бағдар сұрақтар: Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?
1) Іс-әрекеттің жүзеге асуына немесе аспауына байланысты етістіктің түрлері қалай аталады?
Жауабы: болымды және болымсыз
2) Табыс септігін қажет ететін етістік қалай аталады?
Жауабы: сабақты етістік.
3) Етістік қалай жасалады?
Жауабы: Етістік жұрнақ арқылы зат есім мен еліктеуіш сөздерден жасалады.
4) Зат есімнен етістік тудыратын үлгілер
Мысалдар: бас + қар, бас + қыз, бас + тыр.
5) Етіс мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Жауабы: ырықсыз, өздік, өзгелік, ортақ.
6) Іс-әрекеттің атқарушысы арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетін етістік түрі қалай аталады?
Жауабы: ырықсыз етіс.
7) «-ғалы, -гелі, -қалы, -келі» тұлғалы көсемше туралы
Жауабы: Бұл тұлғалы көсемше жіктелмейді.
8) Тұйық етістік (-у) жалғанғанда болатын дыбыс өзгерісі
Ереже: Қатаң п, қ, к дыбысына біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы п → б, қ → ғ, к → г болып өзгеруі мүмкін.
9) Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі
Жауабы: Етістіктің ең негізгі қызметі — баяндауыш болу.
10) Болымсыздық мағына қалай беріледі?
Жауабы: Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына береді.
Теория: «Түсіну»
Бағдар сұрақтар: Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?
1) Неліктен етістік сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады?
Жауабы: Себебі етістік заттың іс-әрекетін білдіреді, ал сөйлемде әрекеттің негізгі хабарын баяндауыш береді.
2) Неліктен «-ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе» жұрнағы арқылы жасалған етістік болымсыз етістік деп аталады?
Жауабы: Себебі бұл жұрнақтар іс-әрекеттің болмайтынын білдіреді. Мысал: оқыма, жазба, айтпа.
3) Неліктен өзгелік етіс деп аталады?
Жауабы: Себебі іс-әрекетті сөйлемдегі іс иесі өзі емес, басқа орындаушы арқылы істетеді.
4) «Жуыс, көтеріс, жөндес» сөздері неліктен ортақ етіске жатады?
Жауабы: Себебі бұл сөздер ортақ етістің -ыс/-іс/-с жұрнақтары арқылы жасалған.
Талдау: Венн диаграммасы бойынша салыстыру
Болымды етістік
- Іс-әрекеттің болатынын білдіреді.
- Сұрақтары: Қайтеді? Не істейді?
Ұқсастығы
- Екеуі де іс-әрекетті білдіреді.
- Қызметі бірдей: сөйлемде баяндауыш бола алады.
- Екеуі де жұрнақ арқылы жасалады.
Болымсыз етістік
- Іс-әрекеттің болмайтынын білдіреді.
- -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалады.
- жоқ, емес сөздерімен тіркесуі арқылы да жасалады.
- Сұрақтары: Қайтпейді? Не істемейді?
Жинақтау: тақырыптың басты идеясы
Ұқсастығы
- Екеуі де іс-әрекетті білдіреді.
- Екеуінің де атқаратын қызметі бірдей.
- Екеуі де жұрнақ арқылы жасалады.
Болымды етістікке тән
- Іс-әрекеттің болатынын білдіреді.
- Сұрақтары: Қайтеді? Не істейді?
Болымсыз етістікке тән
- Іс-әрекеттің болмайтынын білдіреді.
- -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалады.
- жоқ, емес сөздерімен тіркесуі арқылы да жасалады.
- Сұрақтары: Қайтпейді? Не істемейді?
Автор
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі — Ибрагим Бегімхан Керімханұлы