Сабақ мақсаты:Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорын толықтыру.

Дамытушылық

Тақырып бойынша ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге және алған білімін шығармашылықта қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Қазақ тіліне қызығушылығын ояту, жас ерекшелігіне сай киінуге үйрету, киіну мәдениетінің қыр-сырын ұғындыратын эстетикалық тәрбие беру; әсемдікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа баулу.

Оқыту құралдары

  • Сөйлеу тілі, жазу
  • Белсенді тақта
  • Суреттер, коллаж
  • Тірек-сызбалар

Оқыту формалары

  • Топтық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Сабақтың барысы

1) Сәлемдесу

Мұғалім: «Балалар, келіңдер, сүйікті шеңберімізге тұрып, бір-бірімізбен амандасайық». Мұғалім шеңбердің ортасында айтады, оқушылар хормен қайталайды:

Сәлеметсіз бе, алтын күн?!

Сәлеметсіз бе, Жер-ана?!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіз бе, сіз?!

Сәлеметсіз бе, біз!

Оқушыларды фишкалар арқылы 3 топқа бөлу: қызыл, сары, жасыл.

2) Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген сөздерді 1–2 оқушы жатқа айтады, қалғандары параққа жазып береді.

Өзгелер

другие

Ілтипат

благодарность

Таңдау

выбирать

Құрметпен

с уважением

Қалау

желать

Ренжімеу

не обижаться

Күлімсіреу

улыбаться

Тиісті

обязан

Пайдалы

полезный

Қайтып беру

возвращать

Әдепсіздік

невоспитанность

3) Өткенді қайталау: «Сыйлықтар» тақырыбы

Орамалдың шашақтарына байланған қағаздардағы сұрақтарды оқып, жауап береді.

  1. 1. Сыйлық беру неге жатады? Әдет-ғұрыпқа
  2. 2. Сыйлықты қай кезде береді? Туған күнде, жаңа жылда, әртүрлі мерекелерде.
  3. 3. Сыйлықты қалай қабылдау керек? Құрметпен қабылдау керек.
  4. 4. Сыйлықты қалай жеткізу керек? Кешіктірмей жеткізу керек.
  5. 5. Сыйлықтың қандай түрлері бар? Ашықхат, ойыншық, киім, ақша және т.б.

4) Жаңа тақырыпқа кіріспе: киім түрлері

Мұғалім: «Алдарыңда киіз үйлер тұр. Сол киіз үйлерді ашып көріңдерші. Ішінде нелер бар?»

(Ішінен киімдердің суреттері шығады.) Суреттерді плакатқа жапсырып, әр топтағы киім түрлерін анықтаймыз. Суреттер арасындағы жазуларды плакаттың ортасына орналастырамыз.

Топтарға бөлінген киімдер

  • I топ: түнгі киімдер
  • II топ: таңертеңгі киімдер
  • III топ: сәнді киімдер

Мұғалім сұрақтары: «Мынау не?» (Киімдер.) «Бұл киімдерді қай уақытта киеді?» (Таңертең, түнде, мерекелерде.)

Сабақтың тақырыбы: «Киім кию туралы»

5) Жаңа сөздер (97-бет)

қалмау

не отставать

ерекшеліктер

особенности

жеткіліксіз

недостаточно

кию

одевать

санасу

считаться

қалай болса солай

как попало

салақ

неопрятно

қарапайым

простой

қолайлы

удобный

жарасымды

подходящий

Жұмыс түрлері: мұғалім оқиды — оқушылар қайталайды; бір топ қазақша оқиды, екінші топ аударады; сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.

Қосымша сұрақ: осы сөздердің ішінде етістік бар ма? (Тұйық етістік.) Тұйық етістік қалай жасалады? (Ережені айту.)

6) Мәтінмен жұмыс (97-бет, 1-тапсырма)

Мәтін

Киім кию туралы

Талғаммен киіну үшін стильден қалмау және өз тұлғаңның ерекшеліктерін ескеру ғана жеткіліксіз. Бұған қоса, қай жерде нені кию керегін біліп, жас ерекшелігімен санасу қажет.

Түнгі киімге көйлек пен пижама жатады. Оларды тек ұйықтағанда ғана киеді. Таңертеңгі киімге халат жатады: оны таңертең жуынып, таранып болғаннан кейін киеді.

Үйде киетін киім қандай болуы керек? Кейбір адамдар «үй ішінде ешкім көрмейді» деп, қалай болса солай, салақ киініп жүруге болады деп есептейді. Бұл — дұрыс емес. Үйде мақта матадан тігілген қарапайым, бірақ әдемі халат-көйлек киіп жүрген жөн. Үй киімі қолайлы, әдемі, таза және жарасымды болуға тиіс.

Жұмыс тәртібі: мәтінді мұғалім оқиды; мәтін 3 бөлікке бөлініп, әр топ өз бөлімін аударады; кейін бір оқушы қазақша оқып, екіншісі аударады; мәтін бойынша сұрақтар құрастырылады.

7) Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

8) 2-тапсырма: тұйық етістіктер

Мәтіннен тұйық етістіктерді табу: киіну, кию, қалмау, жүру.

I топ

«киіну» сөзін тәуелдеу.

II топ

«қалмау» сөзін септеу.

III топ

«жүру» сөзіне көптік жалғауын жалғап, фонетикалық талдау жасау.

Әр топ өз жұмысын оқып қорғайды.

9) «Дұрыс — бұрыс» ойыны

Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар дұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды.

  1. Мен мерекеге пижаманы кидім.
  2. Таңертең тұрған соң аяғыма туфли кидім.
  3. Түнде мен көйлек пен пижаманы киіп, ұйықтадым.

10) Қорытынды және диалог құрастыру

Мәтінге сүйеніп, коллаждағы суреттер бойынша диалог құрастырамыз. Үлгі сұрақ-жауаптар:

1)

— Түнгі киімге не жатады?

— Түнгі киімге көйлек пен пижама жатады.

2)

— Көйлек пен пижаманы қашан киеді?

— Оларды тек ұйықтағанда ғана киеді.

3)

— Халатты қашан киеді?

— Халатты таңертең жуынып, таранып болғаннан кейін киеді.

4)

— Үйде киетін киім қандай болу керек?

— Үй киімі қолайлы, әдемі, таза және жарасымды болуға тиіс.

5)

— Сәнді киімді қашан киеді?

— Сәнді киімді туған күнде, мерекелерде, мерейтойларда киеді.

Қосымша тапсырма: «Киім» тақырыбы бойынша білетін мақал-мәтелдерді айту.

Бағалау

Сабақ барысында белсенді қатысып, жақсы жауап берген оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • Рефлексия жазу.

Рефлексия

1) Бүгін сабақта маған _____ қызықты болды.

2) Маған _____ қиындық туғызды.

3) Менің көңіл-күйім _____.