Оқушылардың көңіл - күйлерін сабаққа аудару

Сабақ тақырыбы: Бүтін өрнекті түрлендіру (ашық сабақ, 7-сынып)

Бұл ашық сабақ жоспары 7-сынып оқушыларына арналған. Негізгі назар — бүтін өрнектерді түрлендіруді түсіну, дәлелдеу мәдениетін қалыптастыру және практикалық қолдану дағдыларын дамыту.

Мақсаттары

Білімділік
Бүтін өрнекті түрлендіруді білу, мағынасын түсіну және шешімін дәлелдей алу.
Дамытушылық
Тақырып бойынша алған білімді практикада дұрыс қолдану, есептеу жылдамдығын арттыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды дәлдікке, ізденіске және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

  • Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
  • Сабақтың әдісі: саралап-деңгейлеп оқыту (Қараев Ж. А., Кобдикова Ж. У.).
  • Технология: модульдік оқыту (Жампейсова М. М.).
  • Әдіс-тәсілдер: АКТ, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекі құралдар

АКТ мүмкіндіктері Интербелсенді тақта Электронды оқулық Бағдаршам түстері Смайлик Карточка Бағалау парағы «Басбармақ»

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
  2. 2 Оқушыларды топқа бөлу, ой қозғау тапсырмаларын ұсыну.
  3. 3 Тақырыпқа қызықтырып, бағыт-бағдар беру.
  4. 4 Өзін-өзі бағалауды ұйымдастырып, жұмысты рефлексияға бағыттау.

Оқушының іс-әрекеті

  1. 1 Сабақ барысында мұқият жұмыс істеп, жеке және топтық жұмысты үйлестіреді.
  2. 2 Интербелсенді тақта арқылы берілген тапсырмаларды орындайды.
  3. 3 Сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар мен деңгейлік тапсырмаларды орындайды, есептер шығарады.
  4. 4 Ой қорытып, нәтижені қағаз бетіне түсіріп, шешімін ауызша дәлелдейді.

I кезең — Қызығушылықты ояту

Оқушылардың көңіл күйін сабаққа бағыттау үшін смайликтер қолданылады: «Қолдарыңыздағы смайликтер арқылы көңіл күйіңізді білдіріңіздер».

Топқа бөлу: «Бағдаршам» тәсілі

Оқушылар өздері қалаған түсті таңдап, сол түске сәйкес топқа орналасады. Әр топтан топ басшысы сайланады.

Бағалау: бағалау парақтары топ басшысы мен топ мүшелері тарапынан сабақ бойы толтырылып отырады.

II кезең — Үй тапсырмасын тексеру

«Жалғасын тап» тапсырмасы

Интербелсенді тақта арқылы формулалардың жалғасын табу ұсынылады.

Тексеру

Жауаптар электронды оқулық арқылы тексеріледі: «Өзіңді тексер!»

Мектеп және автор туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі.

Орындаған

Оқытушы: Б. Үстемірова.