Қазақша жыл санауды оқыту
Сабақ тақырыбы
«Түйе мен тышқан» (моңғол ертегісі)
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту
Технология
Сын тұрғысынан ойлау
Сабақ мақсаты
Білімділік
- Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу.
- Мүшел туралы түсінік беру.
- Талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Өз бетінше жұмыс арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл байлығын және сөздік қорын молайту.
- Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- Адалдықты қадірлеуге баулу.
- Шапшаңдық пен ұқыптылықты дамыту.
Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Қазақша жыл санау кестесі
- Слайдтар
- Балық кескіні
- «Күн шұғылалары» кестесі
- Сөзжұмбақ
- Түйе мен тышқан ойыншықтары
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Жаңа ғасыр, жаңа үміт, жаңа арман,
Жақсы тілек, жайнаған күн шық алдан.
Білім деген шалқар теңіз шалқыған,
Тереңіне сүңги алар талпынған.
Мақсат қою: Әрбір адам қандай іске кіріссе де, оның сәтті аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз нәтижелі болуы үшін мына мақсаттарды белгілейміз: тыңдай білу, салыстыру, жүйелеу, талдау, қорытындылау.
Мақсатқа жету үшін сабаққа белсенді қатысамыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма
- Өлеңді дұрыс әрі мәнерлеп оқу.
- Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар
- Ақынның қуанышын білдіретін өлең жолдарын тауып, оқы.
- Сөзжұмбақты шешуге көмектесетін сұрақтарға жауап бер:
- Қазір қай ай?
- Желтоқсан көтерілісінің құрбаны кім?
- Алдағы мереке қандай?
- Біз, қазақ, қандай халықпыз?
- «Жеріміз бар қасиетті, киелі, соғып тұр ғой туған дала…» (жалғастыр).
- «Біз тәуелсіз елдің…» (жалғастыр).
III. Жаңа сабақ
Отанын сүйетін азамат болып өсетіндеріңе сенемін. Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы. Біз өзге елдермен достық қарым-қатынаста өмір сүреміз.
Сөзжұмбақтағы ерекшеленген әріптерді қоссақ, «ертегі» сөзі шығады. Ертегінің неше түрі бар?
(1–2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ (ОБСЕ) саммиті — халықаралық достықтың айғағы.)
Дос елдердің бірі — Моңғолия. Бүгінгі ертегінің тақырыбын табу үшін жұмбақтарды шешейік.
Жұмбақ 1
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Жауабы: Түйе
Жұмбақ 2
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан тілі қорқады.
Жауабы: Тышқан
1) Ассоциация құру
«Түйе» және «тышқан» туралы не білесіңдер? Сурет бойынша ой бөлісіңдер.
2) Тірек сөздер арқылы әңгімелеу
Ерте-ерте, ертеде; он екінші; жыл; айтыс; келісім; күннің шығуын күту; күннің алғашқы шапағы; түйенің өркеші; ызалану; күлге аунау; құр қалу.
3) Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді дауыстап оқу.
- Талдау және сұрақтарға жауап беру.
Талдау сұрақтары
- Ертеде адамдар қандай шешім қабылдады?
- Түйе мен тышқан не үшін айтысты?
- Олар қалай келісімге келді? Мәтіннен тауып оқы.
- Түйе не істеді? Ал тышқан ше?
- Күннің алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды?
- Неліктен тышқан бірінші болып көрді?
- Ұтылған түйе не істеді? Содан бері түйе күлді көрсе не істейді?
- Түйе неге жыл атына ие болмай қалды?
- Ертегіден мақтанудың жағымсыз қасиет екенін байқадың ба? Неден?
4) Дәптермен жұмыс
Бойыңа сенбе, ойыңа сен.
12 жыл — бір мүшел.
Мүшел — уақыттың өлшем бірлігі. Адамның жасын мүшелмен есептейді.
5) Ертегіні сахналау
Рөлдерге бөліп, оқиға желісін сахналаңдар. Кейіпкерлердің мінезін дауыс ырғағымен, қимылмен жеткізіңдер.
6) Қазақша жыл санау
Жыл атауларын ретімен оқимыз:
Өлең (С. Мұқанов)
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.
7) «Балық қаңқасы» ойыны
Балықтың қаңқасына (сызбаға) қарап отырып, жыл атауларын ретімен жазып шыққан топ жеңімпаз болады. Кім жылдам?
IV. Рефлексия
Синквейн
- Мереке
- Көңілді, қызықты
- Іс-әрекет
- Қуантады, тойлайды, табыстайды
- Түйін
- Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
- Кілт сөз
- 16 желтоқсан
Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын. Жылдан-жылға аман-есен жетіп, ертеңімізге сеніммен қарайық.
Өлең (С. Жиенбаев)
Тербетіп тұрса болды жыр-бесігім,
Дәулеттің тілемеймін көл-көсірін…
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,
Жалғыз-ақ — құтты болғай енді осы күн!
V. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне, жауаптарының толықтығына және тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.
VI. Үй тапсырмасы
«Түйе мен тышқан» ертегісінің мазмұнын толық әрі жүйелі түрде мазмұндау.