Қазақ елінің төл теңгесі қағаз ақша және монета түрінде болатындығын айтып түсіндіру
Жамбыл облысы • Тараз қаласы
Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогы Танрибергенова Жанат Рахимбаевна
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық теңге
Бұл сабақта бүлдіршіндер Қазақстанның ұлттық валютасымен танысып, ақшамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын меңгереді.
Мақсаты
Бүлдіршіндерді ұлттық теңгемен таныстыру.
Білімділік
Ақшамен жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын түсіндіру.
Дамытушылық
Баланың шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын, танымдық процестерін дамыту.
Тәрбиелік
Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы байқампаздыққа, жылдамдыққа, өзін көрсете білуге және бірлікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Әдістері
- Ой қозғау
- Миға шабуыл
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Дидактикалық ойындар
- Қорыту
- Бағалау
Көрнекілігі
- Монеталар
- Қағаз ақшалар
- «Дүкен» ойынына арналған суреттер
Күтілетін нәтиже
- Өтілген материалды есте сақтай алады
- Өз білімін көрсете алады
- Тапсырмаларды орындай алады
- Алғашқы экономикалық түсініктері қалыптасады
Жаңа сабақ: ұлттық валютамен танысу
Сұрақ арқылы кіріспе
Мұғалім: Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
Оқушылар: Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.
Әр елдің өз төл ақшасы болады. Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге. Көрші және басқа мемлекеттердің де валюта атаулары әртүрлі: Қырғызстан — сом, Ресей — рубль, АҚШ — доллар, Қытай — юань.
Тарихи мәлімет
Қазақстан 1993 жылы қараша айында рубльдік аймақтан шықты. 1993 жылғы 15 қараша күні ұлттық валюта — теңге енгізілді.
Теңгенің түрлері
Теңге қағаз ақша және монета түрінде болады.
Монеталар
- 1 теңге
- 2 теңге
- 5 теңге
- 10 теңге
- 20 теңге
- 50 теңге
- 100 теңге
Қағаз ақшалар
- 200 теңге
- 500 теңге
- 1000 теңге
- 2000 теңге
- 5000 теңге
- 10000 теңге
Күнделікті өмірмен байланыс
Күнделікті өмірде қажет заттардың барлығын ақшаға сатып аламыз. Мысалы, дүкенге барсақ, міндетті түрде қалтамызда ақша болуы керек. Ал әмиянымызда ақша болуы үшін ата-анамыз тынымсыз еңбек етеді. Сол еңбекті ақтау үшін біз сабағымызды жақсы оқуға ұмтыламыз.
Дидактикалық ойын: «Дүкенде»
Мақсаты
Бүлдіршіндердің қосу мен азайтуды қаншалықты меңгергенін анықтау және есептеу дағдыларын жаттықтыру.
Ойын барысы
- Слайдта ойыншықтар мен заттардың суреттері (доп, көлік, конструктор, кітап, қуыршақ, айна) және бағалары көрсетіледі.
- Сұрақтар қойылады: «Ең қымбат зат қайсысы?», «Ең арзан зат қанша тұрады?»
- Мұғалім балаларға монеталар таратады. Әр бала қажет затын «сатып алады».
- Әр сатып алуда төлем мен қайтарым ақша (қалдық) есептеледі.
Көрініс 1: Дәптер сатып алу
Бала: Сәлеметсіз бе! Маған 2 теңгеге дәптер беріңізші.
Сатушы: Сәлеметсің бе! Балақай, жасың нешеде?
Бала: Мен алтыдамын. Енді мектепке барамын.
Сатушы: Жарайсың! Сен маған 5 теңге бердің. Мен саған қанша теңге қайтаруым керек?
Бала: Маған 3 теңге қайтаруыңыз керек.
Сатушы: Тамаша! Сау бол!
Бала: Сау болыңыз!
Көрініс 2: Кітап сатып алу
Бала: Сәлеметсіз бе! Маған кітап керек еді. Кітап неше теңге тұрады?
Сатушы: Кітаптың бағасы — 5 теңге.
Бала: Міне, алыңыз. Менде 10 теңге бар.
Сатушы: Кітап алғаныңа қарағанда, ақылды бала екенсің. Айтшы, мен саған қанша теңге қайтарамын?
Бала: Маған 5 теңге қайтарасыз.
Сатушы: Дәл солай! Сау бол!
Бала: Сау болыңыз!
Көрініс 3: Салмақ пен көлемді түсіндіру
Бала: Сәлеметсіз бе! Маған 1 кг күріш пен 1 л сүт беріңізші.
Сатушы: Күріштің килограмммен, ал сүттің литрмен өлшенетінін қайдан білесің?
Бала: Мұның барлығын ұстазым үйретті.
Күріш, қант, арпа, бидай — сусымалы заттар. Оларды кг-мен өлшейміз. Ал сүт, айран, шырын, қымыз, шұбат — сұйық заттар. Сұйық заттардың барлығы л-мен өлшенеді.
Сатушы: Сүт пен күріштің бағасы — 11 теңге.
Бала: Міне, алыңыз. Менде 15 теңге бар.
Сатушы: Ақылды болған қандай жақсы. Сау бол!
Бала: Сау болыңыз! Рахмет.
Сабақты қорыту, бағалау және үй тапсырмасы
Қорыту сұрақтары
- Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
- Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
- «Дүкенде» ойыны сендерге ұнады ма?
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталып, бағаланады.
Үйге тапсырма
Қағаз ақша мен монеталардың атауларын жаттау.