Қайроштың прототипі кім

Сабақтың тақырыбы

Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жазушы туралы мағлұмат алады, шығарманың мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын ашады.

Тәрбиелік

Адамгершілік қасиеттер туралы түсінігі кеңейеді, өнерге қызығушылығы артады, өнерді бағалауға үйренеді.

Дамытушылық

Топта жұмыс істеуге, өздігінен ой қорытуға, қосымша ақпаратты қолдануға дағдыланады; танымдық қабілеттері дамиды.

Сабақтың сипаты

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндіру
Көрнекілігі
Шоқан Уәлиханов пен Сапарғали Бегалиннің портреттері, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау
  3. III. Жаңа сабақ
  4. IV. Сұрақ-жауап арқылы пысықтау
  5. V. Сабақты бекіту
  6. VI. Бағалау
  7. VII. Үй тапсырмасы

II. Үй тапсырмасын сұрау

Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесі бойынша білім тексеру сұрақтары:

  1. Әңгіменің мазмұнын айтып бер.
  2. Шығарма кейіпкерлерін ата: Қайрош, Шеген, Бораш, Мария апай, милиционерлер, Қайроштың апасы.
  3. Кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді байқадың?
  4. Шеген өзінің үш шартын қандай шартпен аяқтады?
  5. Шегеннің асылғышқа тартылып ойнағанын көрген анасы Қайрошқа қандай өтініш айтты?
  6. Анасы Қайрошқа қандай істі аманат етті?
  7. Қайроштың прототипі кім?

III. Жаңа сабақ

Сабақтың өзегі

Бүгін біз ұлы тұлға Шоқан Уәлихановтың балалық шағы туралы жазылған Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасымен танысамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

С. Бегалин (1894–1985) — Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Дегелең ауылында дүниеге келген.

Шығармалары: «Сәтжан», «Қыран туралы аңыз», «Ермектің алмасы» және т.б.

Ассоциация құру

Сұрақ: Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді?

(Оқушы пікірі негізінде дәлел келтіру: оқиға, әрекет, кейіпкер мінезі.)

Кейіпкерлерге мінездеме

Кейіпкер Мінездеме Шығармадағы дәлел
1 Шоқан Қайырымды, әділ, уәдеге берік, өнерді құрметтейді. Мысықты үйіне алып келіп тамақ береді, киім береді; інісінің әділетсіз әрекеттеріне тосқауыл болады; Мысықтың өнеріне қызығады.
2 Мысық Өнерлі, зерек, байқағыш. Мүсін жасайды; көргенін пайымдап, ой қорытады.
3 Жақып Тентек, сотқар мінез көрсетеді. Үйге келген балаға қырсық, өш мінезін байқатады.

Түсінік: мүсін деген не?

Мүсін — заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстен жасап шығару өнері.

IV. Сұрақ-жауап арқылы пысықтау

1)

Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала неге қатты қуанды? Оның жаз бойы сағынып жүрген досы кім еді?

2)

Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалған соң, күзекке кеңсе үйін салғызады. Сол үйдің жазғы-қысқы күзетшілері кімдер?

3)

Шоқан келген сәтте Мысық балшықтан жасаған ойыншықтарын жинай қояды. Шоқан Мысыққа не деді?

Үзінді: «Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді?»

4)

Мысық ойыншықтарын көрсетіп тұрып, неліктен бергісі келмеді? Шоқан оған қандай сөз айтты?

Үзінді: «Сен, немене, мені жатырқап қалғанбысың?»

5)

Олар үйге таяғанда алдарынан кім шықты?

6)

Мысық «ұрсады, сабайды» деп есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?

7)

Бауырсақ жеп, қымызды именіп ішіп отырған Мысыққа Шоқан қандай сөз айтты?

8)

Жақып қай әйелдің қасында отырып, қолына шыбыртқы ұстап, Мысыққа өшіге қарады?

9)

Шоқанның бұл жолы Мысықты ертіп келуіндегі басты себеп қандай еді?

10)

Сары бәйбіше Мысықтың киімінің жағасы дал-дұл болып жыртылғанын көргенде, жұмыскер әйелге не деді?

11)

«Көк қаршыға» туралы эпизодта Мысық бұрын көрмеген құсқа таңырқай қарайды. Сол сәтте Мысықтың көзінен түспеген, кейін шыға келген зат не еді?

V. Сабақты бекіту

Семантикалық карта

Тапсырма: үзінділерді кейіпкерлермен сәйкестендіріп, көркемдегіш құралдарды белгіле (теңеу, эпитет).

Шығармадан үзінді Шыңғыс Шоқан Жақып Мысық Анасы Теңеу Эпитет
1 «Сен істей ғой, шебер болсаң!»
2 «Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.»
3 «Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші.»
4 «Құйрығы қара, тап иттің құйрығы.»
5 «Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?»
6 «Жолбарыстай, балалардай.»
7 «Кесек денелі.»

VI. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың жауап беру белсенділігі, мәтінмен жұмыс істеуі, дәлел келтіруі және топтық жұмыстағы үлесі бойынша бағаланады.

VII. Үйге тапсырма

  1. «Бала Шоқан» шығармасын оқып, мазмұндау.
  2. Шоқанға арнап 5 жолды өлең құрастыру.
  3. Шығармадан көркемдегіш тәсілдерді (теңеу, эпитет, т.б.) тауып келу.