PAINT терезесімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Модульдік технология
Пәнаралық байланыс
Бейнелеу өнері, математика, тарих
Көрнекілігі
Тірек-сызбалар, компьютер, слайдтар, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (Венн диаграммасы, интервью алу), көрнекілік стратегиялары, 7-сыныпқа арналған информатика оқулығы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды графикалық редактордың командаларымен, құралдарымен және үзінділермен (фрагменттермен) орындалатын жұмыс түрлерімен таныстыру; редакторда сенімді жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық
Графикалық редактор ұғымын меңгерту арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін және пәнге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғамды қалыптастыру; шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
- PAINT редакторын іске қоса алады.
- Сурет салудың негізгі кезеңдерін біледі.
- Суретті сақтайды, ашады және қағазға басып шығара алады.
Сабақтың жоспары
- 1 PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
- 2 PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
- 3 PAINT графикалық редакторының құралдары
- 4 Редактордың командалары
- 5 Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
- 6 Суретті қағазға басып шығару
Сабақтың барысы
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларға суреттер көрсетіліп, бағыттаушы сұрақтар қойылады.
Сұрақ
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (Компьютерде.)
Мұғалімнің түсіндірмесі: Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа қашап бейнелеп, кейін қағазға түсірген. Қазіргі таңда біз өз идеямызды компьютердің көмегімен де көрнекі түрде көрсете аламыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы — PAINT графикалық редакторы.
Мағынаны тану
1) PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT — әртүрлі графикалық кескіндерді салуға және өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Оның көмегімен қарапайым суреттерден бастап күрделі графикалық жұмыстарға дейін жасауға болады.
PAINT-та өзіңіз салған суреттермен қатар Windows жүйесінің басқа қолданбаларынан алмасу буфері арқылы көшірілген дайын кескіндерді кірістіруге, сондай-ақ сканер көмегімен алынған күрделі бейнелерді енгізуге болады.
2) PAINT редакторын іске қосу және негізгі жұмыс кезеңдері
Іске қосу жолы
Осы әрекеттерден кейін экранда PAINT терезесі ашылады.
Құралды таңдау
PAINT редакторында 16 құрал бар. Құралдың міндетін білу үшін курсорды құралдың үстіне апарсаңыз, қысқаша түсіндірме пайда болады.
Қалыңдық пен пішін параметрлері
Құралдар тақтасының астындағы аймақта сызықтың қалыңдығын (1–5 нүкте), қылқалам түрін және төртбұрыш типін таңдауға болады.
Кескіннің түсін таңдау
Палитрадағы қажетті түсті сол жақ батырмамен шертіңіз.
Фон түсін таңдау
Фон түсін таңдау үшін палитрадағы түсті оң жақ батырмамен шертіңіз. Бұл тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс және дөңгеленген тік төртбұрыш сияқты құралдармен жұмыс істегенде маңызды.
3) PAINT графикалық редакторының негізгі құралдары
Бейнелеу өнері сабағында қолданатын құралдар секілді, графикалық редактордың да өз құралдары бар. Төменде ең жиі қолданылатындары берілген:
-
Сызық (Line)
Түзу сызық сызу үшін.
-
Тік төртбұрыш
Боялған немесе боялмаған төртбұрыш салу үшін.
-
Дөңгеленген тік төртбұрыш
Бұрыштары жұмыр, боялған/боялмаған пішіндер.
-
Эллипс
Эллипс пен шеңбер салу (боялған/боялмаған).
-
Қисық сызық
Қисық сызықтар сызу үшін.
-
Көпбұрыш
Көпбұрыш салу үшін.
-
Құю (Fill)
Тұйық контурды бояу үшін.
-
Бүріккіш (Spray)
Бояуды бүрку эффектісін жасау үшін.
-
Қылқалам (Brush)
Тұйық емес контур бойымен бояу үшін.
-
Өшіргіш (Eraser)
Қателерді өшіру үшін.
4) Редактордың командалары: болдырмау, қайталау, сақтау, мәтін қосу
Әрекетті болдырмау және қайталау
Егер сурет ойдағыдай шықпаса, соңғы үш әрекетті болдырмауға болады: Правка → Отменить.
Ал болдырмаған әрекеттерді қайта орындау үшін: Правка → Повторить (соңғы үш әрекетке дейін).
Суретті сақтау
Жұмысты кейін қолдану үшін файлға сақтаңыз. Алғаш рет сақтау кезінде: Файл → Сохранить как.
Имя файла өрісіне атау беріп, Сохранить батырмасын басыңыз. PAINT-тағы дәстүрлі кеңейтім: .bmp.
Мәтіні бар сурет салу
Суретке мәтін қосу үшін Надпись (Жазу) құралын қолданыңыз. Қазақша мәтін енгізу үшін қаріп түрін Times New Roman етіп қою ұсынылады.
Мәтінді курсив, жартылай қалың немесе асты сызылған форматта жазу үшін қаріп тақтасын пайдаланыңыз.
5) Үзінділермен (фрагменттермен) жүргізілетін әрекеттер
Суреттің белгіленген бөлігі үзінді деп аталады. Үзіндіні белгілеудің екі негізгі тәсілі бар:
- Белгілеу — төртбұрышты үзіндіні таңдайды.
- Ерікті аймақты белгілеу — кез келген пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Үзіндімен орындалатын негізгі әрекеттер
- Алмасу буферіне қиып алу
- Алмасу буферіне көшіру
- Сурет ішінде басқа жерге апару
- Өлшемін сақтау арқылы көшіру
- Көбейту (тізбектеп көшіру)
- Пішіні мен өлшемін өзгерту
- Өлшемін өзгерту және қисайту
- Төңкеру немесе кері бұру
- Түсін өзгерту
- Өшіру
Үзіндіні жылжыту және көшіру
Алдымен үзіндіні белгілеңіз. Кейін Правка мәзірінен Вырезать (қиып алу) немесе Копировать (көшіру) командасын таңдаңыз.
Вырезать — үзіндіні суреттен алып, алмасу буферіне орналастырады. Копировать — суретті өзгертпей, буферге көшірме жасайды.
Үзіндіні көбейту (Shift арқылы)
Үзіндіні белгілеп, бастапқы орнына апарыңыз. Shift батырмасын басып тұрып, үзіндіні салу аймағында жылжытыңыз — осылайша көшірмелер тізбегі жасалады.
Үзіндіні өшіру
- 1 Правка → Очистить выделение арқылы.
- 2 Правка → Вырезать арқылы.
- 3 Рисунок → Очистить — бүкіл суретті толық өшіреді.
Үзіндіні бұру және бейнелеу
Рисунок → Отразить/Повернуть командасын таңдаңыз. Үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) оське қатысты 90°, 180°, 270° бұруға болады.
Үзіндіні еңкейту және созу
Үзіндіні еңкейту немесе созу үшін Растянуть/Наклонить командасын пайдаланыңыз. Горизонталь немесе вертикаль бағыт бойынша параметрлерді өзгертуге болады.
6) Суретті қағазға басып шығару
Суретті басып шығару үшін Файл → Печать командасын орындаңыз. Ашылған диалогтық терезеде басып шығарылатын беттерді таңдап, Число копий өрісіне дана санын енгізіңіз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы практикалық тапсырманы орындауы, құралдарды дұрыс қолдануы және файлмен жұмыс жасау дағдылары бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
3-сабақта әр жұп төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, графикалық редакторда шығармашылық жұмыстың жобасын салып, қорғауға дайындалады:
1.
Менің сүйікті аңдарым
2.
Маған ұнайтын мамандық
3.
Менің сыныбым
4.
Туған өлке