Қазақ жастары орындайтын

«Мен елімнің жас патриотымын» — Ауған соғысының ардагерімен кездесу кешінің сценарийі

Жүргізуші: 11-сынып оқушысы.

Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,
Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен.
Думанды ауыл, саялы қалаларда,
Сыйласып бір-бірімен күні өткен.

Досы келсе, бәрін де қонақ еткен,
Жауы шапса, бас игізіп тізерлеткен.
Бабасына сиынып, тағзым еткен,
Жаны таза, қаны таза — қазақ екен.

Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Мен елімнің жас патриотымын» атты Ауған соғысының ардагерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер.

Көркем сөз

«Мәңгілік ел» — 9-сынып оқушысы оқиды.

Жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру және ұлтын сүйетін патриот азамат етіп тәрбиелеу — бүгінгі мектептің басты міндеті. Мектеп — білім ошағы, тәрбие ордасы, жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта.

Қай елде патриоттық тәрбие көрсеткіші жоғары болса, сол елде саяси тұрақтылық пен экономиканың қарқынды дамитыны белгілі. Елімізде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру — бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні.

Оқушылар дайындаған материалдар

Тақырып: Ауған соғысының ақиқаты

8-сынып

Дайындаған жұмыс

9-сынып

Дайындаған жұмыс

10-сынып

Дайындаған жұмыс

Мен қазақпын, даласында думандатқан,
Ән-күйменен жүректерден орын тапқан.
Талай ақын, талай жыршы, талай күйші,
Қазағымды мадақтап, жырға қосқан.

Ән

«Бейбітшілік» — 4-сынып оқушысы орындайды.

Тарихи дерек және кездесудің негізгі бөлігі

Қысқаша мәлімет

  • Ауған соғысы 1979–1989 жылдары, шамамен 10 жылға созылды.
  • Соғысқа Қазақстаннан 22 269 жауынгер қатысты.
  • Шамамен 1 000-ға жуық сарбаз Ауған жерінде қаза тапты.
  • 21 жауынгер хабар-ошарсыз кетті.
  • 3 000-ға жуық ардагер мүгедектік алды.

Қонаққа сөз беру

Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен елге оралған Төменарық ауылы №223 мектептің АӘД пәнінің мұғаліміне сөз беріледі.

Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің айтуынша, кеңес кезеңінде бұл санатқа мемлекет тарапынан айтарлықтай көңіл бөлінген.

Ардагерге қойылатын сұрақтар

  1. Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттердің бір бөлігі Отан алдындағы борышын өтеуден қашатыны байқалады. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?
  2. Сіз Ауған соғысына өз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасымен бардыңыз ба?
  3. Соғыс кезіндегі қиындықтар көп болды ма? Есіңізде қалған бір оқиғаны айтып бересіз бе?
  4. Қазіргі уақытта Ауған соғысы ардагерлеріне қандай көмек көрсетіледі?

Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі — Отан. Отанды сүюге тәрбиелеу қазақ отбасындағы тәрбиенің өзегі. Өз Отанын сүйетін, ұлтына қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу — ортақ міндетіміз.

Постермен жұмыс (топтық тапсырма)

Әр топқа тапсырма беріледі. Топпен жұмыс жасап, тапсырманы жан-жақты қорғау қажет.

I топ

Тақырып: «Осы күннің батырлары»

Жауапты: 10-сынып

II топ

Тақырып: «Мәңгілік ел»

Жауапты: 11-сынып, 8-сынып

III топ

Тақырып: Патриот болу үшін ер бала бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Жауапты: 9-сынып

Ән

«Қазақ жастары» — 3-сынып оқушысы орындайды.

Жастарды ұлт тарихындағы маңызды оқиғалармен, ұлттық ұлы тұлғалардың ерлік істерімен және өнегелі өмірімен таныстыра отырып тәрбиелеу — олардың нақты пікірін, орнықты ойын қалыптастырып, отансүйгіштікке баулудың тиімді жолы.

Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысындағы ерлігімен даңққа бөленген қазақтың ұл-қыздары — бүгінгі жастарға үлгі.

Қонақтарға сөз беру

Қазақ ауылының бас маманы

Ағай

Ата-аналар комитетінің төрағасы

Ағай

Ауыл кітапханашысы

Апай

Ауған соғысы туралы анықтама

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға кіргізілуі және сол елдің ішкі істеріне араласуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы 1978 жылғы сәуір төңкерісінен кейін билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдау арқылы көршілес елдің әлеуметтік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем” деген желеумен оның ішкі ісіне араласты. Бұл — “қырғи қабақ соғыс” кезеңіндегі өз ықпалын кеңейту саясатының айқын көріністерінің бірі.

Шығармашылық бөлім

Әр топ «Мен елімнің жас патриотымын» тақырыбында шығармашылық өлең жазып немесе аңыз-әңгіме айтып, өз жұмысын қорғайды.

М. Мақатаевтан тағылым

Анам маған: «Үлкенді сыйла», — деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра — ізеттілік,
Арымды соған қойған күзеттіріп.

Бұл жолдар ұлттық салт-дәстүр сабақтастығын сақтауға, ізеттілік пен құрметті өмірлік қағида етуге үндейді.

Қорытынды

Қорытынды сөз мектеп директорына беріледі.

Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы — Ауған соғысының ардагері Өтеген ағайға ой бөлісіп, сыр-сұхбат құрғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

«Мен елімнің жас патриотымын» атты кездесу кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!