Жасырылған сөздер
Сыныптан тыс іс-шара туралы
Математика апталығы аясында 5-сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс іс-шараны Жезқазған қаласы білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі КММ математика пәні мұғалімі Есенбаева Элмира Амировна дайындады.
Форматы
Топтық сайыс
Қатысушылар
5 «А» және 5 «Б» сынып оқушылары
Оқу кеңістігі
Интерактивті, көрнекі материалдарға негізделген
Мақсаты
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамыту; білімге қызығушылығын арттыру.
-
Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрылғылар мен көрнекіліктер
Интерактивті тақта
Сұрақтар мен тапсырмаларды көрсетуге
Суреті жасырылған қималар
«Жасырылған есеп» кезеңіне
Фигуралар кескінделген парақтар
Ойлау және талдау дағдыларын дамытуға
Жоспары
-
1
Топтарды таныстыру
-
2
I тур: блиц-сұрақтар
-
3
II тур: «Жасырылған есеп»
-
4
Қызықты үзіліс
-
5
Қорытындылау, марапаттау
Сайыстың барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, қадірменді көрермендер!
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға шақырамыз сіздерді!
Әділқазы алқасымен таныстырып, сайыскерлерге сәттілік тілейміз.
1-кезең: Топтарды таныстыру
Әр топқа таныстыру үшін 2 минут уақыт беріледі.
2-кезең: I тур — блиц-сұрақтар
Әр топқа 6 сұрақтан беріледі.
5 «А» тобы: блиц-сұрақтар
- Сағаттың 1/4 бөлігі неге тең? 15 минут
- Ең үлкен екі таңбалы сан? 99
- 1 кг-да неше грамм бар? 1000 г
- Радиусы 5 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 10
-
Үш алманы екі әке мен екі бала қалай бөліп алады? шешімі
Егер олар ата, әке, бала болса, үшеуі де бір-бір алма алады.
- 2-нің 2-дәрежесі? 4
5 «Б» тобы: блиц-сұрақтар
- Тәуліктің 1/24 бөлігі неге тең? 1 сағат
- Ең кіші екі таңбалы сан? 10
- 1 сағатта қанша минут бар? 60
- Радиусы 3 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 6
- Қолымызда 10 саусақ болса, 10 қолда неше саусақ болады? 100
- 16 — нешенің квадраты? 4
3-кезең: «Жасырылған есеп»
Оқушылар қималардың артында жасырылған тапсырмаларды тауып, есепті шығарады.
1-есеп
Тіктөртбұрыштың ауданы 24 см², ұзындығы 6 см. Тіктөртбұрыштың периметрін табыңыз.
2-есеп
Тіктөртбұрыштың периметрі 30 см, ұзындығы 9 см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.
4-кезең: Қызықты үзіліс
Әділқазылар алқасы ұпайларды есептегенше, көрермендермен шағын сергіту ұйымдастырылады.
Шарты
Оқушылар жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті дыбыс шығармай, тек ым-ишарамен бейнелейді.
Жасырылған сөз 1
Координаталық жазықтық
Жасырылған сөз 2
Бұрыш
Жасырылған сөз 3
Кітап
5-кезең: Қорытынды және марапаттау
Қорытынды шығару үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
Бағалау
Әділқазы ұпайларды есептеп, әділ баға береді.
Нәтиже
Жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға қолдау көрсетіледі.