Дөңгелекте бұрыш болама
Сабақтың мазмұны
Бұл сабақта оқушылар бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш ұғымдарымен танысады. Сабақ аралас форматта өтеді: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, ойын және мадақтау әдістері қолданылады.
Мақсаты
Бұрыш, тікбұрыш және тіктөртбұрыш туралы бастапқы түсінік қалыптастыру; геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету.
Міндеттері
- Білімділік: геометриялық фигураларды тану дағдыларын қалыптастыру.
- Тәрбиелік: есеп шығару, сандарды салыстыру, фигураларды ажыратуға үйрету.
- Дамытушылық: логикалық ойлауын, ой-өрісін дамыту.
Көрнекіліктер
Сандар, геометриялық фигуралар, құстардың суреті, ағаштың суреті және ойынға арналған материалдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды математика сабағына дайындап, назарын сабаққа аудару.
Психожаттығу
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Бар адамды ардақтап,
Бас иеміз біз.
II. Өткенді қайталау
Сұрақ-жауап
- Қазір қай мезгіл? — Қыс.
- Бір аптада неше күн бар? — 7 (жеті).
- Бүгін аптаның қай күні? — (оқушы жауабы).
- Қай айдың нешесі? — 17 ақпан.
1-ден 10-ға дейін санау
Тура санау
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Кері санау
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
III. Жаңа сабақ
Кіріспе: бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі сыныпта қонақ ұстаздар бар. Сондықтан белсенді қатысып, тәртіпті сақтаймыз.
Әңгімелесу (бағыттаушы сұрақтар)
- Математика сабағында нені үйренеміз? — Санауды, 1-ден 10-ға дейінгі сандармен есеп шығаруды.
- Суреттен нені көріп отырмыз? — Үй.
- Үй қандай фигуралардан құралған? — Үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш.
Үшбұрыш
Үш бұрышы бар фигура. «Үшбұрыш» деп аталу себебі — үш бұрышы болады.
Дөңгелек
Дөңгелекте бұрыш болмайды.
Тіктөртбұрыш
Тіктөртбұрыштың төрт бұрышы бар. Оң және сол жақтары тік әрі ұзындау, ал жоғары және төменгі жақтары қысқалау болуы мүмкін.
IV. Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
V. Дәптермен жұмыс және ойындар
Дәптермен жұмыс
Геометриялық фигураларды сызу және бояу: үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш және басқа фигуралар.
Ойындар
- «Кім тапқыр?»
- «Не жоқ?»
- «Кім шапшаң?»
Есеп 1
Табақта 3 алма бар, қолымда 2 алма бар. Барлығы неше алма болады?
3 + 2 = 5
Есеп 2
Бұтақта 3 торғай отыр еді, 1-еуі ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды?
3 − 1 = 2
Жұмбақтар (тәулік бөліктері)
Жұмбақ
Ұйқыдан оянамыз,
Бетімізді жуамыз.
Анамызға ереміз,
Мектепке келеміз.
Жауабы: Таңертең
Жұмбақ
Серуенде жүреміз,
Анамызды күтеміз.
«Апай, сау болыңыз!» деп,
Үйімізге кетеміз.
Жауабы: Түс мезгілі
Жұмбақ
Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы.
Ертегіні тыңдап алып,
Тәтті ұйқыға батамыз.
Жауабы: Түн
Қорытындылау
Бүгінгі сабақта бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш тақырыптарымен таныстық. Оқушыларға жеке-жеке әртүрлі фигуралар таратылып, оларды атап көрсету тапсырмасы орындалады.
«Кім жылдам?» сұрақтары
- Төртбұрышта неше бұрыш бар?
- Үшбұрышта неше бұрыш бар?
- Дөңгелекте бұрыш бола ма?
Үй тапсырмасы
Үйден геометриялық фигуралардың суретін салып келу.
Мадақтау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар жұлдызшалармен немесе геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.