Алма жеміс

Жасуша.
1. Жасушаның көбеюіне қатысады:
А) ядро
В) цитоплазма
С) қабықша
Д) вакуоль
Е) пластид
2. Жасуша бөліктерін зақымданудан қорғайды:
А) цитоплазма В) вакуоль
С) жасуша қабықшасы Д) пластидтер Е) ядро
3. Пластидтер болады:
А) жануарлар жасушасында
В) қарапайымдыларда
С) саңырауқұлақтарда
Д) вирустарда
Е) өсімдіктерде
4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:
А) пластид
В) цитоплазма
С) ядро
Д) вакуоль
Е) қабықша
5. Жасушаның сыртын қаптайды:
А) цитоплазма
В) лизосома
С) ядро
Д) рибосома
Е) мембарана
6. Өсімдікке жасыл түс беретін пластидті көрсетіңіз:
А) хлоропластар
В) хромопластар
С) лейкопластар
Д) вакуоль
Е) грана
7. Жарық микроскопының басты бөлігі:
А) бұрандасы
В) үлкейткіш шыны
С) зат үстелшесі
Д) штативі
Е) айнасы
8. Өсімдіктердің жасыл болуы... байланысты:
А) вакуольге
В) цитоплазмаға
С) хромопластарға
Д) лейкопластарға
Е) хлоропластарға
9. Жасымықшалар дегеніміз:
А) өлі жасушалар
В) сүзгілі түтіктер
С) камбий жасушалары
Д) сүрек талшықтары
Е) тыныс алуға қатысатын жасушалар
10. Лейкопластардың қызметі:
А) өсімдікке жасыл түс беру
В) гүл, жеміске қызыл, сары түс беру
С) қор затын жинауға қатысу
Д) көбеюге қатысу
Е) фотосинтезге қатысу
11. Жасушааралық зат алмасу жүретін, көршілес жасуа цитоплазмаларын өзара байланыстыратын
саңылаулар орналасады:
А) цитоплазмада
В) жасуша қабықшасында
С) ядрода
Д) вакуольде
Е) пластидтерде
12. Гүл күлтесінде, піскен жемістерге қызыл, сары түс беретін пластидтер:
А) хлоропластар
В) хромопластар
С) митохондриялар
Д) вакуоль
Е) лейкопластар
13. Цитоплазмадағы іші шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуыс:
А) ядро
В) митохондрия
С) вакуоль
Д) ядрошық
Е) пластид
14. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3 - ке бөлетін денешіктер:
А) рибосомалар
В) митохондриялар
С) вакуоль
Д) ядрошық
Е) пластидтер
Ұлпа.
1. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден сақтай ұлпа:
А) негізгі
В) түзуші
С) өткізгіш
Д) тірек
Е) жабын
2. Жасушалары үнемі бөлінуге қабілетті және өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа:
А) жабын
В) тірек
С) түзуші
Д) негізгі
Е) қор жинаушы
3. Қоректік заттар қоры жиналатын ұлпа:
А) жабын
В) өткізгіштік
С) тірек
Д) бөліп шығарушы
Е) негізгі
4. Сабаққа мықтылық қасиет береді:
А) түзуші ұлпа
В) жабын ұлпа
С) фотосинтездеуші ұлпа
Д) қор жинаушы ұлпа
Е) тірек ұлпа
5. Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін ұлпа:
А) жабын
В) тірек
С) өткізгіш
Д) түзуші
Е) негізгі
6. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:
А) ұлпа
В) молекула
С) мүше
Д) ағза
Е) жасуша
7. Өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында, тамырсабақта орналасқан ұлпа:
А) түзуші
В) негізгі
С) су жинаушы
Д) жабын
Е) тірек
8. Фотосинтездеуші ұлпа болады:
А) лейкопластар
В) хромопластар
С) хлоропластар
Д) лейкопласт және хромпластар
Е) лептесіктер
9. Қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен, екінші мүшесіне өткізуші ұлпа:
А) тірек
В) негізгі
С) түзуші
Д) жабын
Е) өткізгіш
10. Өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын организмнің бір бөлігі:
А) жасуша
В) ұлпа
С) жасушалар жүйесі
Д) организм
Е) мүше

Тамыр жүйесі.
1. Өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін
өзгертетін тамыр:
А) түйнек тамыр
В) емізік тамыр
С) жемтамыр
Д) қосалқы тамыр
Е) тіреу тамыр
2. Паразиттік тіршілік ететін тамыр:
А) қосалқы тамыр
В) емізік тамыр
С) түйнек тамыр
Д) жемтамырлар
Е) жанама тамыр
3. Негізгі тамырдың дамуы:
А) ұрық тамыршасынан
В) ұрық бүршікшесінен
С) сабақтан өсіп шығатын тамырдан
Д) жанама тамырдан
Е) қосалқы тамырдан
4. Қосалқы тамыр дамиды:
А) тұқым жарнағынан
В) сабақ пен жапырақтан
С) негізгі тамырдан
Д) ұрық сабақшасынан
Е) ұрық тамыршасынан
5. Тамырдың ең ұшын жауып тұратын:
А) өткізу аймағы
В) өсу аймағы
С) тамыр оймақшасы
Д) сору аймағы
Е) бөліну аймағы
6. Кіндік тамырлы өсімдік:
А) жүгері
В) бидай
С) сарғалдақ
Д) пияз
Е) бақбақ
7. Негізгі тамыр жақсы жетілген тамыр жүйесі:
А) негізгі
В) жанама
С) қосалқы
Д) кіндік
Е) шашақ
8. Кіндік тамыр жүйесі тән өсімдіктер:
А) бидай, үрмебұршақ, асқабақ
В) үрмебұршақ, асқабақ, қауын
С) пияз, күріш, беде
Д) жүрегі, беде, пияз
Е) жүгері, пияз, бидай
9. Негізгі тамыр басқа тамырларға қарағанда нашар дамитын тамыр жүйесі:
А) негізгі
В) жанама
С) шашақ
Д) кіндік
Е) қосалқы
10. Тамыр жүйесінде негізгі тамыры жақсы жетілген өсімдік:
А) пияз
В) үрмебұршақ
С) күріш
Д) тары
Е) сұлы
11. Шашақ тамыр жүйесі тән өсімдіктер:
А) үрмебұршақ, пияз, бидай
В) асқабақ, арпа, қауын
С) қарбыз, асқабақ, күріш
Д) күнбағыс, пияз, бидай
Е) бидай, пияз, жүгері
12. Жасушалары бөлінбей, ұзыннан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:
А) бөліну аймағы
В) сору аймағы
С) өсу аймағы
Д) тамыр оймақшасы
Е) өткізу аймағы
13. Егер өсімдікте осы минералды зат жетіспесе, жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді:
А) азот
В) фосфор
С) кальций
Д) калий
Е) магний
14. Егер өсімдікте осы минералды зат жетіспесе, өсімдік өте аласа болып
өседі және тірек ұлпасы жетілмейді:
А) азот
В) фосфор
С) кальций
Д) калий
Е) магний
15. Тамыр ұшы аймақтарының дұрыс реті:
А) өсу аймағы, бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы
В) бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы, өсу аймағы
С) бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы
Д) өткізу аймағы, бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы
Е) сору аймағы, өсу аймағы, бөліну аймағы, өткізу аймағы

Жапырақ. Көбею.
1. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді:
А) оттегі
В) жылу
С) су буы
Д) ауа
Е) көмірқышқыл газы
2. Теректің жапырақтары:
А) қынапты
В) үшқұлақ күрделі
С) саусақ салалы күрделі
Д) қауырсын күрделі
Е) жай
3. Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдік:
А) жолжелкен
В) бидай
С) алма
Д) үйеңкі
Е) үпілмәлік
4. Шірнеліктер жататын ұлпа:
А) жабын
В) негізгі
С) тірек
Д) өткізгіш
Е) бөліп шығарушы
5. Қынап жапырақты өсімдік:
А) бидай
В) жолжелкен
С) үйеңкі
Д) емен
Е) қарағай
6. Саңылау арқылы жапыраққа енеді:
А) ауа
В) жылу
С) тыңайтқыш
Д) қрахмал
Е) май
7. Өсімдіктің тыныс алуы:
А) көмірқышқыл газын сіңіру, оттегін бөлу
В) оттегін сіңіру, көмірқышқыл газын бөлу
С) оттегі мен көмірқышқыл газын сіңіру
Д) көмірқышқыл газы мен оттегін бөлу
Е) бейорганикалық заттардың ыдырауы
8. Жасушада фотосинтез процесіне қатысатын:
А) хлоропластар
В) рибосома
С) митохондрия
Д) эндоплазмалық тор
Е) гольджи жиынтығы
9. Жапырақта көмірқышқыл газы мен су қосылғанда түзіледі:
А) май
В) глюкоза (қант)
С) ақуыз
Д) оттегі
Е) көміртегі
10. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым:
А) С. Г. Навашин
В) Г. Мендель
С) Д. И. Ивановский
Д) И. Сеченов
Е) К. А. Тимирязев
11. Алма мен терек жапырақтарының жүйкеленуі:
А) саусақсалалы
В) параллель
С) үшқұлақты
Д) доғалы
Е) қауырсын тәрізді торлы
12. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайдағы жапырақтың орналасуы:
А) қарама - қарсы
В) жеке
С) буынды
Д) кезектесіп
Е) топтанып
13. Сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір - біріне қарама - қарсы бекініп орналасуы:
А) жұп
В) қарама - қарсы
С) топтанып
Д) буынды
Е) кезектесіп
14. Егер бір буында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, онда мұндай орналасу:
А) қарама - қарсы
В) кезектесіп
С) үш - үштен
Д) буынды
Е) топтанып
15. Өсімдіктердің органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген ғалым:
А) К. Тимирязев
В) Ч. Дарвин
С) Л. Пастер
Д) В. Гельмонт
Е) Н. Вавилов
17. Сарыағаштың түрі өзгерген жапырағы:
А) мұртша В) қалқан
С) шырынды жапырақ
Д) қабыршақ
Е) тікенек
18. Бунақденелілермен қоректенетін өсімдік:
А) қалақай
В) қарлыған
С) гүлшетен
Д) кактус
Е) шықшылдық
19. Телу арқылы көбейтуге жатады:
А) жапырақ
В) көзшелерінен телу
С) сабақ
Д) тамыры
Е) тамырсабақ
20. Сабақ калемшесінен өсірілетін өсімдік:
А) картоп
В) қарақат
С) қалуен
Д) бегония
Е) бүлрірген
21. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алуда қолданылатын вегетативті көбею тәсілі:
А) сұлатпа өркендеуі арқылы
В) тамырсабақ арқылы
С) өркен арқылы
Д) телу
Е) қалемшелеу
22. Жапырақ сабаққа бекінеді:
А) бүршік арқылы
В) жанаспалы жасушалар арқылы
С) тамыр арқылы
Д) сағақ арқылы
Е) жүйке арқылы
23. Кактус тікенектері - түрі өзгерген:
А) жапырақ
В) өркен
С) жеміс
Д) тамыр
Е) гүл
24. Түйнек арқылы көбейеді:
А) бүлдірген
В) құлпынай
С) картоп
Д) қарағай
Е) гиацинт (сүмбілшаш)
25. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ көбейеді:
А) тамырсабақ арқылы
В) түйнек арқылы
С) мұртшалаыр арқылы
Д) пиязшықтары арқылы
Е) қалемше арқылы
26. Фотосинтез процесі жүретін пластидтер:
А) лейкопластар
В) хлоропластарда
С) хромопластар
Д) пропластидтер
Е) амилопластар
27. Күрделі жапырақ болады:
А) алмада В) асбұршақта
С) еменде
Д) теректе
Е) қайыңда

Сабақтың ішкі және сыртқы құрылысы.
9. Шырмалғыш сабақты өсімдік:
А) асқабақ
В) асбұршақ
С) терек
Д) құлмақ (хмель)
Е) қияр
10. Сабақтың дәл ортасында орналасқан қабат:
А) тін
В) сүрек
С) өзек
Д) тоз
Е) камбий
11. Түрі өзгерген мүше арқылы көбейтуге жатады:
А) тамырсабақ
В) тамыр
С) сабақ
Д) гүл
Е) жапырақ
12. Су мен минералды зат қозғалады... арқылы:
А) тоз жасымықшалары
В) өзек жасушалары
С) камбий жасушалары
Д) тін жасушалары
Е) сүрек түтіктері
13. Бірнеше жыл тыныштық күйде болатын бүршік:
А) төбе
В) бүйір
С) бұйыққан
Д) қосалқы
Е) қойнау
14. Өсімдіктің кезкелген мүшесінің әр жерінен дамитын бүршік:
А) төбе
В) бүйір
С) бұйыққан
Д) қосалқы
Е) қойнау
15. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін байланыстырып тұратын орталық тірек:
А) сүзгілі түтіктер
В) өткізгіш түтіктер
С) тоз
Д) буынаралық
Е) сабақ

16. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді:
А) оттегі
В) жылу
С) су буы
Д) ауа
Е) көмірқышқыл газы
17. Теректің жапырақтары:
А) қынапты
В) үшқұлақ күрделі
С) саусақ салалы күрделі
Д) қауырсын күрделі
Е) жай
18. Жапырағы доғалы жүйкелі өсімдік:
А) жолжелкен
В) бидай
С) алма
Д) үйеңкі
Е) үпілмәлік
19. Шірнеліктер жататын ұлпа:
А) жабын
В) негізгі
С) тірек
Д) өткізгіш
Е) бөліп шығарушы
20. Қынап жапырақты өсімдік:
А) бидай
В) жолжелкен
С) үйеңкі
Д) емен
Е) қарағай
21. Жапырақ сабаққа бекінеді:
А) бүршік арқылы
В) жанаспалы жасушалар арқылы
С) тамыр арқылы
Д) сағақ арқылы
Е) жүйке арқылы
22. Кактус тікенектері - түрі өзгерген:
А) жапырақ
В) өркен
С) жеміс
Д) тамыр
Е) гүл
23. Түйнек арқылы көбейеді:
А) бүлдірген
В) құлпынай
С) картоп
Д) қарағай
Е) гиацинт (сүмбілшаш)
24. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ көбейеді:
А) тамырсабақ арқылы
В) түйнек арқылы
С) мұртшалаыр арқылы
Д) пиязшықтары арқылы
Е) қалемше арқылы
25. Күрделі жапырақ болады:
А) алмада В) асбұршақта
С) еменде
Д) теректе
Е) қайыңда
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері

Гүлдің құрылысы. Гүлшоғырлар.
1. Гүл сағағының жоғарғы кеңейген жері:
А) гүлтабан
В) гүлсағақ
С) тостағанша
Д) күлте
Е) аналық
2. Бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктер:
А) құлмақ, қарабидай, бидайық
В) жүгері, қант қызылшасы, қайың
С) саумалдық, бетеге, тары
Д) қайың, емен, үйеңкі
Е) шие, лимон, шай
3. Өсімдіктің ұрықтануының жүруі:
А) тозаңдануға дайындық кезеңінде
В) тозаңдануға дейін
С) тозаңды тасыған кезде
Д) тозаңданғаннан кейін
Е) тозаңдану кезінде
4. Өсімдіктің генеривті мүшелері:
А) жапырақ, тұқым
В) гүл, тұқым, жеміс
С) сабақ, гүл
Д) тамыр, жеміс
Е) тамыр, сабақ, жапырақ
5. Бір үйлі өсімдік:
А) қияр
В) терек
С) тал
Д) қарасора
Е) үйеңкі
6. Қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым:
А) А. Ф. Ковшарь
В) К. А. Навашин
С) В. А. Грачев
Д) А. А. Слудский
Е) С. Г. Тимирязев
7. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері:
А) гүл табаны В) гүл сағағы
С) тостағанша
Д) күлте жапырақша
Е) аналық
8. Жай гүлсерікті өсімдікті анықтаңыз:
А) алма
В) өрік
С) шие
Д) қызғалдық
Е) итмұрын
9. Өсімдіктің вегетативті мүшесіне жатпайды:
А) тамыр
В) жапырақ
С) гүл
Д) сабақ
Е) өркен
10. Гүлдің тостағаншасы мен күлтесі түзеді:
А) гүлтабанын
В) жатынын
С) гүлсақты
Д) тостағанша жапырақшаларды
Е) гүл серігін
11. Бір гүлде аталық пен аналық болатын гүлдер:
А) бір жынысты
В) қос жынысты
С) аталық - аналық жынысты
Д) бір үйлі
Е) қос үйлі
12. Гүлшоғырлардың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сабақтарынсыз
кезектесіп орналасатын гүлшоғыр:
А) шашақ
В) себет
С) қалқанша
Д) жай масақ
Е) жай шатыр
13. Гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасқан:
А) себет
В) жай масақ
С) қалқанша
Д) жай шатыр
Е) шашақ
14. Себет гүлшоғырына жататын өсімдік:
А) ас бұршақ
В) бидай
С) қара алқа
Д) күнбағыс
Е) орамжапырақгүлділер (шаршыгүлділер)
15. Сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден таралатын гүлшоғыр:
А) шашақ
В) жай масақ
С) қалқанша
Д) жай шатыр
Е) себет
16. Күрделі гүлшоғыры:
А) шашақ
В) шатыр
С) сыпыртқы
Д) собық
Е) себет
17. Пияздың гүлшоғыры:
А) шашақ
В) себет
С) қалқанша
Д) масақ
Е) шатыр
18. Аталық тозаңының аналықтың аузына түсу процесі:
А) көбею
В) қосарынан ұрықтану
С) тозаңдану
Д) пісіп - жетілу
Е) ұрықтану
19. Жатынның тұқым бүршігі ішінде болады:
А) ядро, спермий
В) жұмыртқа жасушасы және ең ірі жасуша
С) тұқым бастамасы
Д) спермий
Е) эндосперм
20. Гүлден дамиды:
А) жеміс пен тұқым
В) жапырақ
С) өркен
Д) тамыр
Е) сабақ
21. Генеративті мүше:
А) сабақ
В) гүл
С) өркен
Д) жапырақ
Е) тамыр
22. Бақбақтың гүлшоғыры:
А) шатыр
В) собық
С) себет
Д) шоқпарбас
Е) қалқанша

Жеміс. Тұқым. Ағзаның тіршілік ортасы.
1. плюс 10 градуста өне бастайтын өсімдік:
А) қияр
В) қауын
С) асқабақ
Д) күнбағыс
Е) бидай
2. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар:
А) қауашақ
В) тұқымша
С) дәнек
Д) жаңғақ
Е) бұршаққын
3. Қауашақ жемісті өсімдік:
А) бақбақ
В) күріш
С) мақта
Д) қарақат
Е) үйеңкі
4. Ұзақ күндік өсімдік:
А) соя
В) бамбук
С) мақта
Д) тары
Е) сарысояу
5. Жасушаның құрамына жатпайды:
А) цитоплазма
В) ұлпа
С) пластидтер
Д) вакуоль
Е) ядро
6. Бұршаққапты жемісті өсімдіктер:
А) орамжапырақ (қырыққабат)
В) емен
С) інжугүл
Д) терек
Е) беде
7. Жемісі жидек:
А) қара меңдуанада
В) бидайықта
С) қарақат
Д) бидай
Е) күнбағыс
8. Шырынды жемісті өсімдік:
А) беже
В) бақ - бақ
С) емен
Д) көкнәр
Е) бұршақ
9. Қанатты жеміс кезедеседі:
А) қайың
В) күріш
С) бақбақ
Д) асбұршақ
Е) беде
9. Жемісі бұршаққынды өсімдік:
А) көкнәр
В) асбұршақ
С) картоп
Д) орамжапырақ
Е) үйеңкі
10. Жемісі тұқымша өсімдік:
А) күнбағыс
В) сарымсақ
С) қызанақ
Д) қоңырбас
Е) орамжапырақ
11. Тұқымы бір жарнақты өсімдік:
А) асқабақ
В) күріш
С) күнбағыс
Д) үрмебұршақ
Е) қарбыз
12. Тұқым бүршігінен түзіледі:
А) ұрық
В) эндосперма
С) тұқым
Д) жемісқап
Е) жеміс
13. Гүлшанақтың орналасуы:
А) генеративті бүршікте (гүл бүршік)
В) кез - келген бүршікте
С) бастама бүршікте
Д) түрі өзгерген өркенде
Е) вегетативті бүршікте
14. Ұрықтанған жұмыртқажасушадан пайда болады:
А) жеміс
В) эндосперм
С) ұрық
Д) сабақ
Е) жапырақ
15. Ішінде тұқымдары көп сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ шырынды жеміс:
А) жидек тәрізді
В) дәнек
С) жаңғақ
Д) сүйекті
Е) жидек
16. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс:
А) бұршаққын
В) қанатты жеміс
С) бұршаққап
Д) қауашақ
Е) жаңғақ
17. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар құрғақ жеміс:
А) бұршаққап
В) қауашақ
С) жаңғақ
Д) бұршаққын
Е) тұқымша
18. Ішкі бөлімі сүйектенген, ішіндегі тұқымы біреу немесе бірнешеу, сыртқы қабығы жұмсақ, жұқа
шырынды жеміс:
А) жеміс
В) сүйекті жеміс
С) бұршаққап
Д) жидек тәрізді
Е) жаңғақ
19. Теректің тұқымы таралады:
А) бунақденелілер арқылы
В) жануарлар арқылы
С) су арқылы
Д) құстар арқылы
Е) жел арқылы
20. Бөденешөп тұқымы таралады:
А) бунақденелілер арқылы
В) жануарлар арқылы
С) су арқылы
Д) құстар арқылы
Е) жел арқылы
21. Сүйелшөп тұқымы таралады:
А) бунақденелілер арқылы
В) жануарлар арқылы
С) су арқылы
Д) құстар арқылы
Е) жел арқылы
22. Томат жемісі:
А) асқабақты
В) сүйекті
С) жидек
Д) тұқымша
Е) қауашақ
23. Капуста жемісі:
А) бұршаққын
В) қауашақ
С) бұршаққап
Д) жаңғақ
Е) тұқымша
24. Өсімдік тыныс алатын газ:
А) сутегі В) азот
С) оттегі
Д) көмір қышқыл газы
Е) хлор
25. Алма жеміс:
А) алма В) бүлдірген
С) құрма
Д) жүзім
Е) мандарин
26. Цитрусті жеміс:
А) алмұрт
В) өрік
С) мандарин
Д) алхоры
Е) айва

Алқа, ерінгүлділер және күрделігүлділер тұқымдастары.
1. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік:
А) жүгері
В) күнбағыс
С) күріш
Д) тары
Е) бидай
2. Алқа тұқымдасында сәндік өсімдік болып саналатындар:
А) картоп, қызанақ, баклажан
В) махорка, тәтті бұрыш
С) беладонна, қара мендуана
Д) шырайгүл (петуния), хош иісті темекі
Е) сасық мендуана, ащылау алқа
3. Алқа тұқымдасына жататын улы өсімдік:
А) картоп
В) сасық меңдуана
С) баклажан
Д) қызанақ
Е) болгар бұрышы
4. Оңтүстікамерикалық орталық отаны болып саналады:
А) томаттың
В) күріштің
С) бидайдың
Д) жүгерінің
Е) шәйдің
5. Жемісі жидек:
А) алма
В) шетен
С) баклажан
Д) айва
Е) қияр
Көкнәр, алабота, асқабақ және шаршыгүлділер тұқымдастары.
6. Шаршыгүлділер тұқымдасының гүлдеріндегі аталықтың саны:
А) екеу
В) төртеу
С) он
Д) алтау
Е) сегіз
7. Орамжапырақ тұқымдастарында тостағанша саны:
А) 2
В) 4
С) 5
Д) 6
Е) 3
8. Жерортатеңіздік орталық отаны болып саналады:
А) томаттың
В) құмайдың
С) орамжапырақтың
Д) күріштің
Е) мақтаның
9. Жабайы шомырдың гүлінің формуласы:
А) Т2+2 К4 А2+4 Ж(2)
В) Т0 К4 А5Ж3
С) Т2 К2 А4 Ж1
Д) Т3 К3 А2 Ж4
Е) Т2 К4 А2 Ж2
10. Орамжапырақ (қырыққабат) жемісі:
А) жидек
В) бұршаққап
С) қауашақ
Д) бұршаққын
Е) сүйекті жеміс
11. Асқабақ тұқымдастарға жатады:
А) қарбыз
В) баклажан
С) мақта
Д) алма
Е) қызылша
Құлқайыргүлділер, раушангүлділер және бұршақ тұқымдастары.
12. Бұршақтұқымдастардың гүлінің формуласы:
А) Т3 К3 А8 Ж8
В) Т5 К5 А10 Ж2
С) Т4 К5 А9+(1) Ж2
Д) Т(5) К(5) А3 Ж3
Е) Т(5) К3+(2) А(9)+1 Ж1
13. Бұршық тұқымдас өсімдіктердің жапырағы:
А) жебе
В) бүйрек тәрізді
С) қауырсын тәрізді
Д) ромб тәрізді
Е) жүрек тәрізді
14. Бұршақ тұқымдастардың түрлерінің саны:
А) 25000
В) 14000
С) 12000
Д) 22000
Е) 15000
15. Бұршақтұқымдастардың ішті босататын дәрі ретінде пайдаланылатын түрі:
А) қараған
В) кассия (сана)
С) жантақ
Д) жалаң қызыл мия
Е) тентек мия
16. Бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік:
А) күріш В) бақбақ
С) қара алқа
Д) қызан
Е) жоңышқа
17. Бұршақтұқымдастардың ең ірі күлте жапырақшасының атауы:
А) желкен
В) қайықша
С) шашақ
Д) қайық
Е) ескек
18. Өрік өсімдігінің тұқымдасы:
А) бұршақ тұқымдас
В) құлқайыр гүлдер тұқымдас
С) алабота тұқымдас
Д) раушангүлділер тұқымдас
Е) көкнәр тұқымдас
19. Бұталы раушангүлді өсімдік:
А) алма
В) шыршай
С) қазтабай
Д) құлпынай
Е) итмұрын
20. Әсемдік үшін өсірілетін раушангүлділерге жататын өсімдік:
А) алма
В) раушан
С) шие
Д) таңқурай
Е) алмұрт
21. Раушангүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік:
А) қара сұлы
В) қазтабан
С) ақбасқурай
Д) шыршай
Е) қанат жеміс
23. Алма гүлінің формуласы:
А) Т(5) К5 А∞ Ж(5)
В) Т3+3 А3+3 Ж(3)
С) Т(5) К5 А5 Ж(5)
Д) Т0 К(5) А(5) Ж(2)
Е) Т(5) К3+(2) А(9)+1 Ж1
24. Гүлінің күлте жапырақшалары желкен, ескек және қайықша деп аталатын өсімдік:
А) бидай
В) асбұршақ
С) раушан
Д) астра
Е) баклажан
25. Мақтаның жемісі:
А) қанатты жеміс
В) тұқымша
С) бұршақ
Д) қауашақ
Е) бұршаққын
Даражарнақты өсімдіктер.
1. Пияшықты өсімдік:
А) орамжапырақ
В) картоп
С) ермен
Д) қызғалдақ
Е) сәбіз
2. Лалагүлділер тұқымдасына даражарнақтылар класына жататын шырышты өсімдік:
А) өгейшөп
В) бақбақ
С) лапыз
Д) шие
Е) дәрмене
3. Қазақстанда лалагүлділердің кездесетін түрі:
А) 47
В) 57
С) 67
Д) 27
Е) 37
4. Жаздық бидайды себу мерзімі:
А) жаздың басы
В) күзде
С) қыста
Д) жаздың ортасында
Е) көктемде
5. Бағалы ауылшаруашылық дақылдары:
А) итмұрын, раушынгүл, қарақат
В) қауын, беде, шомыр
С) жүгері, бидай, қарабидай, күріш
Д) асбұршақ, бақбақ, сұлы
Е) орамжапырақ, қарбыз, жауқазын
6. Бидай дәнегінің едәуір бөлігін алып жатады:
А) ұрық
В) бүршікше
С) сабақша
Д) қауызы
Е) эндосперм
7. Күріш гүлінің формуласы:
А) ГС5 А5 Ж6
В) ГС5 А2 Ж4
С) Т4 К2 А5 Ж5
Д) ГС2 А3+3 Ж(3)
Е) Т0 К5 А3 Ж2
8. Жаздық және күздік іріктемелері болады:
А) жүгері, қант қамысы
В) арпа, күріш
С) жабайы сұлы
Д) бидай
Е) шалғындық атқонақ
9. Даражарнақтылар класына жататын тұқымдас:
А) Құртқашаш тұқымдасы
В) Құлқайыргүлділер
С) раушангүлділер
Д) асқабақтұқымдастар
Е) ерінгүлділер
10. Дара жарнақтылар класының тұқымдасы:
А) астық
В) раушангүлділер
С) бұршақ
Д) алабота
Е) күрделігүлділер
11. Оңтүстіказиялық тропиктік орталық отаны болып саналады:
А) өріктің
В) күріштің
С) қарақұмықтың
Д) қызылшаның
Е) картоптың
12. Орталықамерикалық орталық отаны болып саналады:
А) пияздың
В) қарақұмықтың
С) арпаның
Д) жүгерінің
Е) өріктің
13. Күздік бидай сортына (іріктеме) жатады:
А) Харьковская 46
В) Саратовская 29
С) Одесская 31
Д) Московская 21
Е) Новосибирская 67
14. Жаздық бидай сортына жатады:
А) Харьковская 46
В) Саратовская 29
С) Одесская 31
Д) Московская 21
Е) Новосибирская 67
15. Дәнді дақылға жатпайтын астық тұқымдас өсімдігі:
А) бидай
В) қара бидай
С) қара сұлы
Д) тары
Е) арпа
16. Қағаз өндірісінде шикізат ретінде және құрылыс материалы ретінде пайдаланылатын астық
тұқымдас өсімдігі:
А) бамбук
В) қонақ
С) бидайық
Д) бидай
Е) арпабас
17. Астық тұқымдасына жататын арамшөп:
А) бамбук
В) тары
С) қара сұлы
Д) қамыс
Е) сұлы
18. Құрамында фитонцид көп мөлшерде кездесетін өсімдік:
А) інжугүл
В) лапыз
С) запран
Д) сарымсақ
Е) тамырдәрі
19. Інжугүл тұқымдасына жататын улы өсімдік:
А) лалагүл
В) інжугүл
С) секпілгүл
Д) пияз
Е) тамырдәрі
20. Сүйелді кетіруге қолданылатын өсімдік:
А) айдаршөп
В) тарғақ
С) көкнәр
Д) сүйелшөп
Е) көкпек
21. Гүлшоғыры сыпыртқы, астық тұқымдасына жататын өсімдік:
А) сұлы
В) бидайық
С) бидай
Д) арпа
Е) жүгері
22. Астық тұқымдастарының жемісі:
А) бұршаққап
В) жидек
С) қабақ
Д) қауашақ
Е) дәнек
23. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығарумен айналысатын ғылым:
А) ботаника
В) селекция
С) бриология
Д) палеонтология
Е) микология
24. Қолдан шығарылған өсімдіктер түрлері:
А) түр
В) тұқымдас
С) класс
Д) қолтұқым
Е) іріктеме
25. Екінші атауы "Шыбын қуығы" деп аталатын бөлме өсімдігі:
А) пеларгония
В) бегония
С) каланхоэ
Д) хлорофитум
Е) бейқалақай



Ұқсас жұмыстар

Алма ағаштарын қалыптастыру
Жеміс ағаштарын ұластыру
Алма жемірі көбелектің систематикалық орны
Алма жемісі
Алма ағаштары және зиянкестері
Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы
Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Алма жемісі мен алма шырыны түрлері
Алманың сұрыптары
Алманың себінді телітушілері
АЛМАТЫ ҚОРЫҒЫ
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек туралы
Алматы қаласы экологиясы
Аспаптың қозғалмалы жүйесінің қозғалыс теңдеуі.
Алғашқы функция анықталмаған интеграл және оның қасиеттері
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек
«Алматылифт» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы.
Алматы – Респебликасының мәдени астанасы
ҚАЗАҚСТАНДА ӨСЕТІН ЖЕМІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазір Алматы ауасының ластану деңгей