Отан қорғаушылар кімдер

Киіз үй макетін құру

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға өз еліміздің болашағы зор, тәуелсіз де керегесі кең, шаңырағы биік екенін түсіндіру. Киіз үй макетін құрастырудың қаншалықты еңбек пен жауапкершілікті қажет ететінін көрсете отырып, еліміздің болашағы мен «Мәңгілік Ел» тағдыры үшін де қажымай еңбек ету керектігі туралы білім беру.

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Киіз үй макеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Сәлемдесу, түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
  2. 2 Сабаққа дайындығын қадағалау.
  3. 3 Жаңа сабаққа назар аударту.
  4. 4 Оқушылардың киіз үй туралы ойларын тыңдау.
  5. 5 Мұғалімнің киіз үйдің шығу тарихын әңгімелеуі.

Бүгінгі сабақта ежелгі қазақ халқының көшіп-қонуға ыңғайлы баспанасы — киіз үйдің макетін құруды үйренеміз. Сабақ сайыс түрінде өтеді және негізгі 4 тапсырмадан тұрады.

Топқа бөлу

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топқа бөліну үшін әр оқушы Отан, туған жер туралы мақал-мәтел айтады.

І топ: мақал-мәтелдер

  • Отан отбасынан басталады.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Отан үшін отқа түс — күймейсің.
  • Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі.
  • Жаңбыр жауса — жер ырысы, батыр туса — ел ырысы.
  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

ІІ топ: мақал-мәтелдер

  • Өз елім — өлең төсегім.
  • Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
  • Ел ағасыз болмайды, су жағасыз болмайды.
  • Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
  • Туған жерге туың тік.
  • Ел іші — алтын бесік.

1-тапсырма: Таныстыру

Әр топ өз ұранын өлең жолдарымен таныстырады.

І топ: «Алғыр»

Ардақты біз — Алғыр тобы, Ата жолын жалғаймыз. Бүгінгі сайыс сабағында Құстай ұшып самғаймыз.

ІІ топ: «Тапқыр»

Тапқыр тобы — талантты, Қалдырмаймыз сабақты. Бүгінгі сайыс сабағында Шыңдаймыз ақыл-парасатты.

2-тапсырма: «Білімді жетер мұратқа»

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауап табылған сайын киіз үйдің керегесі жайылады.

Сұрақтар

  • Ақмола Астана болып қай жылы жарияланды?
  • Төл теңгеміз қашан дүниеге келді?
  • Тәуелсіз Қазақстанның Президенті қашан, қай жылы сайланды?
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
  • Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?
  • Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

Топ басшыларына қосымша сұрақ

Екі топ басшысына 1 сұрақ беріледі. Кім жылдам әрі дұрыс жауап берсе, сол топ есікті (сықырлауық) керегеге қосып байлау мүмкіндігіне ие болады.

Сұрақ: «Тіл туралы» заң қашан қабылданды?

3-тапсырма: Сөзжұмбақ «Президент»

Сөзжұмбақты қай топ жылдам әрі дұрыс шешсе, сол топтың басшысына шаңырақты көтеру мәртебесі беріледі.

  1. 1) Қарттарға төленетін жәрдемақы?
  2. 2) Отан қорғаушылар кімдер?
  3. 3) Үзіліссіз айналымдағы құрал?
  4. 4) Қазақстанның оңтүстігіндегі қала.
  5. 5) Табиғаты көркем жерге саяхат.
  6. 6) Қоғамның бір бөлшегі?
  7. 7) Елдің атын кім шығарады?
  8. 8) Республикамыздың бас қаласы?
  9. 9) Біздің сүйікті Отанымыз?

4-тапсырма: «Кім жылдам?» сұрақ- тест

Ереже

  • Екі топқа 22 сұрақ беріледі.
  • Әр дұрыс жауап үшін бірден 4 уық байланады.
  • Барлығы 22 сұраққа жауап берілсе, 88 уық толық байланып аяқталады.
  • Бір топ жауап таба алмаса, қарсы топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Негізгі идея

Киіз үйді құрастыру — бірлік пен еңбектің көрінісі. Әр сұраққа жауап — құрылымның бір бөлігі сияқты: уықтар көбейген сайын шаңыраққа тірек мықтая береді.

Сұрақтар (жауаптарымен)

  1. 1. Киіз үйдің сүйегіне нелер жатады? (Шаңырақ, уық, сықырлауық, кереге)
  2. 2. Шаңырақ дегеніміз не? (Киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез)
  3. 3. Уық қандай қызмет атқарады? (Кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш)
  4. 4. Кереге қандай қызмет атқарады? (Киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды)
  5. 5. Сықырлауық деп нені айтады? (Киіз үйге кіріп-шығатын есік қызметін атқаратын бұйым)
  6. 6. Киіз үй қай дәуірде пайда болған? (Қола дәуірінде)
  7. 7. Киіз үйдің үлкен-кішілігі неге байланысты? (Кереге басының санына байланысты)
  8. 8. Киіз үй үлкен-кішілігіне байланысты қалай аталады? (Қазақы үй, қырғыз үй, қараша үй)
  9. 9. Адалбақан деп нені айтамыз? (Шаңырақты көтеруге арналған ағаш)
  10. 10. Керегенің қандай түрлері бар? (6 қанатты, 12 қанатты, 30 қанатты)
  11. 11. Киіз үй туралы алғаш рет кім жазды? (Қытай тарихшысы Сыма Цянь)
  12. 12. Киіз үйдің сыртқы жабындары қандай қызмет атқарады? (Күн сәулесінен қорғау, су өткізбеу, жылуды сақтау)
  13. 13. Туырлық қандай қызмет атқарады? (Керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі бөлікті жабады)
  14. 14. Үзік қандай қызмет атқарады? (Кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жабады)
  15. 15. Түндік қандай қызмет атқарады? (Шаңырақты жабады; сүйектерді ұстастырып, сыртқы жабындарды бастырып тұрады)
  16. 16. Таңғыш деген не? (Екі керегенің сағанағын кіріктіріп таңатын жіңішке құр)
  17. 17. Шалма деген не? (Уықтардың ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр)
  18. 18. Желбау деген не? (Өрнекті, шашақты бау)
  19. 19. Басқұр деген не? (Ішкі сәндік үшін қолданылатын өрнекті жалпақ құр)
  20. 20. Бақан деген не? (Ұшы аша етіліп жасалған ұзын сырық; шаңырақты көтеруге арналған)
  21. 21. Киіз үйдің жиһаздарын ата. (Сандық, кебеже, асадал, адалбақан, ағаш төсек, жүк аяқ)
  22. 22. Киіз үйдің бұйымдарын ата. (Тұс киіз, аяққап, қоржын, кесеқап, алаша, кілем, текемет, сырмақ)

Қорытынды

Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, киіз үйдің шаңырағын елдің тұтастығының нышаны десек, оған байланып тұрған уықтар — қазақ жерінде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыстардың татулықта, бір шаңырақ астында тіршілік етіп жатқанын білдіреді.

Ал кереге — қазақ халқының кеңпейілдігі мен бауырмалдығын, жомарттығын танытатын берік негіз. Ол — іргесі сөгілмеген, төрт құбыласы тең, тәуелсіз ел болудың символы.

Үй тапсырмасы

Киіз үйдің жабдықтарын тігу (дайындау).

Түйін

Киіз үй макетін құрастырудағы әр бөлшек — бір мақсатқа қызмет етеді. Дәл сол сияқты, ел болашағы да ортақ еңбек пен жауапкершіліктен құралады.