Төртбұрыштың бұрышы нешеу
Бастауыш сынып мұғалімі
Исина А. Е.
Пән
Математика (2-сынып)
Сабақ тақырыбы
Көпбұрышты салу
Мақсаты
- Оқушыларды еркін өлшеммен көпбұрыш сызуға үйрету.
- Екі таңбалы сандарды оқуды, ұзындықтармен амалдар жүргізу дағдыларын жетілдіру.
- Логикалық ойлауын және танымдық қабілеттерін дамыту.
- Ұжымшылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар үш таңбалы сандарға орындалатын амалдарды ажыратып, негізгі анықтамаларды меңгереді және оларды тапсырмалар мен есептер шығаруда қолданады.
Оқытудағы тәсілдер мен ресурстар
Модульдер
- АКТ — ақпараттық-коммуникативтік технология
- СТО — сын тұрғысынан ойлау
- ОЖЕ — оқушылардың жас ерекшеліктері
- ТжДОЖ — талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
- ОБжК — оқытуды басқару және көшбасшылық
- ОҮБжОБ — оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- ДО — диалогтік оқыту
Бағалау түрлері
- ӨӨБ — өзін-өзі бағалау
- ЖБ — жұптық бағалау
- ТБ — топтық бағалау
- Жиынтық — жиынтық бағалау
Деректер мен құралдар
- Тақта, оқулық
- Геометриялық фигуралар
- Тапсырма жазылған парақшалар
- Слайд материалдары
- Фишкалар
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
«Математика — ең маңызды ғылым. Сондықтан бұл ғылымның тілін білу қажет».
Осы ойды басшылыққа алып, бүгінгі сабақта математиканың қыр-сырына тағы бір қадам жасаймыз. Алдымен сабаққа дайындығымызды тексеріп, сайыс сабақ форматына кірісеміз.
Сабақ бастау алдында қысқа ойын ұйымдастырылады.
2) Түсіну: топтық сұрақтар
«Үшбұрыш» тобы
- Үшбұрыштың бұрышы нешеу?
- Қабырғасы нешеу?
- Төбесі нешеу?
- Периметрін табуға бола ма?
- Екі бірдей үшбұрыштан қандай фигура шығуы мүмкін?
«Төртбұрыш» тобы
- Төртбұрыштың бұрышы нешеу?
- Қабырғасы нешеу?
- Төбесі нешеу?
- Периметрін қалай табасыңдар?
- Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалады?
«Шаршы» тобы
- Шаршының бұрышы нешеу?
- Қабырғасы нешеу?
- Төбесі нешеу?
- Шаршының қабырғалары қандай болады?
- Шаршының ең жақын «тегі» қандай фигура? Тік төртбұрыш.
3) Қолдану: негізгі ұғымдар
Жаңа айтылған фигураларды жалпы қалай атаймыз?
Анықтама: көпбұрыш
Көпбұрыш — кез келген тұйық сынық сызық. Сынық сызықтың әр бөлігі — қабырға, ал әр ұшы — төбе. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы оның периметрі болады.
Бүгінгі сабақта еркін өлшеммен көпбұрыш сызуға жаттығамыз. Сонымен қатар екі амалдан тұратын есептерді пысықтаймыз, көпбұрыштың периметрін есептейміз және шығармашылық тапсырмалар орындаймыз.
Жаңа сабақты терең меңгерту үшін сын тұрғысынан ойлаудың «Спираль» әдісі қолданылады: топтағы әр оқушы мәтінмен жұмыс жасап, ой қорытады.
4) Сергіту сәті
Оқушылармен бірге қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
5) Талдау: тапсырмалар
1-тапсырма
Кез келген көпбұрыш сыз. Оны ата және неге бұлай аталатынын түсіндір. Периметрін жазып көрсет.
2-тапсырма
Машина құрастыру үшін қандай фигураларды қолданар едің? Геометриялық фигураларды пайдаланып, машина құрастыр.
3-тапсырма
Төртбұрыш және бесбұрыш сыз. Олардың бұрыштары қандай екенін сипатта.
II деңгей тапсырмалары
Оқулықпен жұмыс: 4-есеп. Шартын және сұрағын оқып, қысқаша жазып, шешуін тап.
Мысал 1
Салынғаны — 6 (қабат)
Салынбағаны — 5 (қабат)
6 + 5 = 11
Жауабы: барлығы 11 қабат.
Мысал 2
II күні — 14 (отбасы)
III күні — 20 (отбасы)
Барлығы — 59 отбасы
I күні — ?
59 − (14 + 20) = 25
Жауабы: 25 отбасы.
Мысал 3
Қаланғаны — 10 (қабат)
Қаланбағаны — 5 (қабат)
10 + 5 = 15
Жауабы: барлығы 15 қабат.
6) Жинақтау
- Тік төртбұрыштардың нөмірлерін теріп жаз. Тік төртбұрыштың қасиеттерін ата.
- Логикалық тапсырма: суретте неше үшбұрыш және неше төртбұрыш бар?
- Математикалық өлең есепті шығару.
7) Бағалау
Әр топқа бағалау парақтары таратылады. Оқушылар тапсырмалар бойынша өзара және өзін-өзі бағалауды жүргізеді.
8) Рефлексия
Оқушыларға сабақ бойынша қысқаша пікірін жазу үшін стикер толтыру ұсынылады.