Есептік және реттік сан есім. Сабақтың тақырыбы

Сабақ тақырыбы

Есептік және реттік сан есімді бекіту

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сан есім туралы түсінікті кеңейту; есептік, реттік, дара, күрделі түрлерін ажырата білу; сөйлем ішінен сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық

Ой-өрісті кеңейту, танымды арттыру; жылдам ойлауға, пікірін анық жеткізуге, дұрыс шешім қабылдауға бағыттау; өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беру; логикалық ойлауды дамытып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, өз бетінше ізденуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Бекіту сабағы (білімді меңгеру деңгейін байқау).
Сабақтың әдістері
Сайыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, сынақ сұрақтары, топтастыру.
Көрнекілігі
Сандарға қатысты тірек сызбалар, семантикалық карта, тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс
Математика, ана тілі.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Көк Аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Әр адамның алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсатқа жету үшін адам аянбай еңбек етеді. Сендердің де мақсаттарың бар деп ойлаймын. Кім айтады, мақсаттарың қандай?

Күтілетін жауап: Білім алу.

Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді. Топтар ұрандарын айтып, топ басшыларын сайлайды. Сигналдық карталар арқылы оқушылардың сабаққа дайындығы анықталады.

II. Үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы екі нұсқада берілді:

  • 1) Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып, жаттап келу.
  • 2) Сан есімдері бар жұмбақтар мен жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу.

III. Өткен тақырыпты қайталау

Ойын

«Кім көп біледі?»

1 минут ішінде әр топ берілген тапсырманы орындайды. Жазылған сөздер саналып, ұпайға қосылады.

1-топ

Дара сан есімдерді жазу.

2-топ

Реттік сан есімдерді жазу.

3-топ

Есептік сан есімдерді жазу.

IV. Жаңа сабақ

Тақырып: есептік және реттік сан есім. Жаттығулар: 423–426.

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын жазу.

Шағын диктант

Мен үшінші сыныпта оқимын. Сыныпта жиырма төрт оқушы бар.

Тапсырма: сан есімдерді тауып, олардың қай түрі екенін анықтау.

Оқулықпен жұмыс (423-жаттығу)

  • Зат есімнің астын бір рет, сан есімнің астын екі рет сызу.
  • Сөйлемдегі тыныс белгілеріне назар аудару (бастауыш пен баяндауыш қызметін атқарады).

1-топ

Парта — он екі.

Оқушы — жиырма төрт.

2-топ

Қол — екеу.

Саусақ — он.

3-топ

Кітап — бесеу.

Дәптер — жетеу.

Релаксация

Музыка ырғағымен дем алу (қонақтарға да ұсынылады). Ыңғайланып отырыңыздар, көзді жұмып, денені бос ұстаңыздар.

Көктемнің жайма-шуақ бір күні. Сен табиғат аясына дем алуға шықтың. Айнала қандай әсем! Құлпыра өскен қызғалдақтар, түрлі-түсті көбелектер айнала ұшып жүр. Сен ағаш басында отырған бармақтай құсты көрдің. Оны шошытып алмау үшін ағаш түбіне жақындап, құстың дауысын тыңдадың. Ол — бұлбұл. Сен бұлбұлдың әуенін жадыңда сақтап қалдың.

(Құстың дауысы қосылады, соңында шапалақ соғылып, көз ашылады.)

424-жаттығу

Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау:

бес екеу бірінші

(Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.)

Топтық жұмыс: «Кім шапшаң?»

Әр топқа мозайка үлестіріледі. Оқушылар ақылдаса отырып, мозайкадан ертегі құрастырады.

  • Ертегіге қанша кейіпкер қатысатынын айту.
  • Ертегінің мазмұнын қысқаша баяндау.

Өзіндік жұмыс (425-жаттығу)

Берілген сөздерді дұрыс айтып, қатесіз жазу:

Үшеу, төртеу, тоғыз, он бір, он бес, үшінші, төртінші, жүзінші, сексен үш, жетпіс тоғыз.

Ой толғаныс: киелі сандар

Қазақ танымында 3, 5, 7 — киелі сандар. Осы сандар туралы не білеміз?

Қосымша тапсырма: ребус/мақал-мәтелдер

Оқушылар жауап бергенше, топ басшыларына ребус үлестіріледі. Төмендегі мақал-мәтелдер сан есімдердің мағынасын бекітуге көмектеседі:

1-топ
«Елуінде — ер дана, елуінде — ел жаңа».
2-топ
«Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі».
3-топ
«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды».