Кестедегі етістіктерді анықта
Сабақтың тақырыбы
Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты (білімділік)
- Етістіктің сөйлемдегі қызметтері туралы түсінік қалыптастыру және өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру.
- Сөйлемдегі етістіктерді түрлеріне қарай ажырата білуге, олардың сөйлемдегі қызметін анықтауға үйрету.
Сабақтың мақсаты (дамытушылық)
- Ойлау мен тіл мәдениетін дамыту.
- Сөздік қорды молайту.
- Шығармашылық қабілетті дамыту.
Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)
- Өнер-білімге, еңбекке және адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау сабағы
- Сабақтың әдісі
- Дәстүрлі сабақ
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Көрнекілігі
- Кесте, кеспелер, слайдтар, өлең шумақтары
Негізгі идея
Есімше мен тұйық етістік тек қимыл-әрекетке қатысты емес, есім сөздерге тән басқа да сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады.
Демек, етістік сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқара алады. Мұны төмендегі кесте арқылы нақтылайық.
Негізгі тұжырым: етістік сөйлемде әртүрлі тұлғада келіп, әртүрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі: кесте
| Сөйлем мүшесі | Ережесі | Мысалдар |
|---|---|---|
| Анықтауыш | Етістік есімше тұлғасында немесе тұйық етістік ілік септігінде келіп, зат есімдермен тіркесіп анықтауыш болады. |
Білетін жанға айтылған сөз алтынмен тең. Еркелеудің де шегі болады. |
| Бастауыш | Есімше және тұйық етістік тұлғалары атау септікте келіп, заттанып, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. |
Жол қуған қазынаға жолығар. Үлкенді сыйлау — адамгершіліктің көрінісі. |
| Толықтауыш | Есімше не тұйық етістік тұлғалары септеліп келіп, атау мен іліктен өзге септіктерде толықтауыш қызметін атқарады. | Білгенге — маржан, білмеске — арзан. |
| Пысықтауыш |
Етістік көсемше тұлғасында келіп, қимылдың сипатын білдіріп пысықтауыш болады. Тұйық етістік септеліп, кейбір шылаулармен тіркесіп те сөйлемде пысықтауыш қызметін атқара алады. |
Қоңыр үнмен ақырындап ән басталды. Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған. |
| Баяндауыш |
Етістік рай, шақ тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде баяндауыш болады. Тұйық етістік те әртүрлі тұлғада тұрып, сөйлемде баяндауыш қызметін атқара алады. |
Біздің мақсатымыз жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау. |
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Тұйық етістіктің емлесін қайталау.
- Тұйық етістікке 4 сөйлем құрастырып келу.
III. Жаңа сабақ
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғалары сөйлем ішінде әртүрлі қызмет атқаратынын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Мақал-мәтелдермен жұмыс
Төмендегі мақал-мәтелдерден етістікті тауып, оның қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар:
- Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетер.
- Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.
- Білген адам тауып айтады, білмеген адам қағып айтады.
Кітаппен жұмыс
214-жаттығу
Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдап, етістіктердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтаңдар.
215-жаттығу
Етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.
216-жаттығу
«Етістік сөйлем мүшесі болғанда» тақырыбында басталған әңгімені аяқтаңдар.
Ойнайық, ойланайық!
- «Мына сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар» — төрт түрлі себепті атаңдар.
-
Кестедегі етістіктерді анықтаңдар: сұрағы, етістік түрі, атқаратын сөйлем мүшесі.
Етістік Сұрағы Етістік түрі Атқаратын сөйлем мүшесі Естіген — — — Ұмытпастыққа — — — Байлаулы — — — Болмақ — — — -
Сөйлем қай шығармадан алынған? Авторы кім?
… екінші сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибратлану керек.
-
Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім? (ауызша)
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
-
Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім?
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
-
Кестені толтырыңдар: етістіктің түрін анықтап, жұрнақ пен жалғауын ажыратыңдар.
Етістік Етістік түрі Жұрнағы Жалғауы Табар — — — Қашқанға — — — Қуғанға — — — Жарасар — — —
IV. Сабақты қорытындылау
Өтілген тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жинақтау және қорытынды жасау.
Бекіту сұрақтары
- Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?
- Мысал келтіріңдер.
V–VI. Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау: сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай.
Үйге тапсырма
- 217-жаттығу.
- «Өнерлі өрге жүзеді» тақырыбында еркін пікір жазу.
- Сөйлемдерге талдау жасап, етістіктің рай, шақ тұлғаларын ажыратып, дәлелдеу.