Антонимдер туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы

Антонимдер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Антоним туралы түсінік беру, жасалу жолдарына тоқталу.

Тәрбиелік

Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға және сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың өз ойын еркін жеткізуін қалыптастыру, тіл байлығын дамыту және шығармашылыққа баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, сызбалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыптарды қайталау және білімді тексеру үшін сұрақтарға жауап беру.

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Сөздің мағыналарына нелер жатады?
  3. Омоним дегеніміз не?
  4. Көп мағыналы сөз бен омонимнің айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
  5. Синоним дегеніміз не? Мысал келтір.

III. Жаңа сабақ

Тапсырма

Тақтада берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табыңдар. Әр оқушы жұбын тауып, олардың қай сөз табына жататынын анықтайды. Осы жұмыс арқылы оқушылар өздері антонимге қатысты ереже құрастырады.

Ереже

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним дейміз.

Шығу төркіні

«Антоним» сөзі грек тілінен енген: anti — «қарсы», onoma — «атау».

Шартты белгісі

A — A

Жаттығу: қарама-қарсы сөздерді теріп жаз

Ағаш кессең, ұзын кес,
Қысқартуың оңай.
Темір кессең, қысқа кес,
Ұзартуың оңай.

Сүйкімді болат қанжар, тұрсын жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.

Жоғары – төмен үйрек, қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.

Жаттығулар

  • 87-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз. Әсем, тез, шебер сөздерінің антонимдерін тауып жаз.
  • 88-жаттығу Мәтіннен синоним және антоним сөздерді тауып, жеке-жеке топтастырып жаз.
  • 89-жаттығу Құпия, жас, шық, үйір, тіл, ер сөздерінің омонимдес, синонимдес, антонимдес сыңарларын тап.
  • 90-жаттығу Ауызша орындау.
  • 91-жаттығу Жазбаша орындау.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Антонимдерге қатысты мақал-мәтел, жұмбақ немесе жаңылтпаш айту арқылы білімді бекіту.

V. Оқушыларды бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлдігі бойынша бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

  • 1) Антонимдер туралы түсінікті қайталау.
  • 2) 91 және 92-жаттығуларды орындау.