Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін бекіту
Тақырып
«Ләйлігүл». Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты
- 1 Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
- 2 Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін бекіту.
- 3 Диалогтік оқыту арқылы ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
- 4 Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру.
- 5 Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже
Нәтижеге бағытталғанДағдылар
- Оқу және жазу дағдылары дамиды.
- Ауызша сөйлеу және есте сақтау қабілеті артады.
- Топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
Түсінік және ойлау
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.
- Заттың қимылын білдіретін сөздерді ажыратып, қолдана алады.
- Тақырыпқа байланысты сұрақтар қоя алады.
- Шығармашылық қабілеттері дамиды.