Матадан тігу әдісі арқылы гүлін орындау
Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде:
«Сәлеметсіздер ме!» — деп
Сәлемдесіп аламыз.
Мұғалім оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, сабақтың сәтті өтуін тілейді. Сабақ аптаның сәтті күні — сәрсенбіде өтетінін атап, «шаттық шеңберіне» шақырады.
«Шаттық шеңбері»
Оқушылар тәрбиешімен бірге шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтып, А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.
Жақсы бала еңбекшіл,
Таза бала мұнтаздай —
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл досым-ай, болайықшы осындай.
Психологиялық дайындық
Гүл ексең терлеп — мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп — мұның аты еңбек.
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
Назар аударту тәсілі
«Қоржын алу» ойыны арқылы өткен тақырыпты қайталап, сұрақтарға жауап берген сайын қоржынның аузы ашылады.
«Қоржын алу» ойыны
- Оқушылар қоржыннан алынған сұрақтарға жауап береді.
- Сұрақтарға сенімді жауап бергенде қоржын ашылады.
- Ішінен вазадағы гүл шоғы шығып, оқушылар оны сипаттайды және алған әсерімен бөліседі.
Гүлдің құндылығы
Табиғи гүлдер адамның көңіл күйіне қуаныш сыйлайды. Гүл тұқымдас өсімдіктердің құрамында хош иісті заттар, дәрумендер, эфир майлары және бояу заттары болады. Олар медицинада дәрі-дәрмек жасауға да қолданылады.
Ой-толғау
«Жер бетінде гүлден асқан нәзік те әсем нәрсе жоқ».
— Данте
Жаңа сабақ: еліміздің гүлге толы табиғаты
Еліміздің табиғаты бай әрі ғажайып. Көктем мен жаз мезгілінде Қазақстанның әр өңірі әсем гүлдермен көмкеріліп, айналамызға ерекше сән береді.
Бақылау
Слайд арқылы гүлге оранған қалалар мен өңірлердің көріністері ұсынылады.
Әңгімелесу
Оқушылар гүлдердің түрлерін атап, өздері білетіндерін бөліседі.
Таныстыру
Мұғалім Қазақстанда өсетін гүлдерді сипаттап, қасиеттерін түсіндіреді.
Сарамандық жұмыс: раушангүл тігу
Тапсырма
Түрлі-түсті матадан (ленталардан) раушангүлдің бөлшектерін қиып, тігу арқылы гүл бейнесін құрастыру.
Қауіпсіздік
- Инемен жұмыс кезінде абай болу.
- Қайшыны дұрыс ұстау және орынсыз сермеуге болмайды.
- Жұмыс орнын жинақы ұстау.
Топтық ойын: мақал-мәтелді жалғастыр
Екі топ мақалдың алғашқы жолын айтады, қарсы топ жалғастырады. Әр дұрыс жауап үшін ұпай ретінде қатты қағаздан қиылған гүлдер топ қорапшасына салынады.
Үлгі мақалдар
- Еңбек мұратқа жеткізер, жалқаулық абыройды кеткізер.
- Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
- Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме.
- Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
- Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
Жалғастыруға арналған тапсырмалар
- Еңбегің қатты болса,татқаның тәтті болар.
- Еңбек түбі —береке.
- Істегенің еліңе жақсы,үйренгенің өзіңе жақсы.
- Ексең егін,ішерсің тегін.
- Берген — алар,еккен — орар.
- Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
Сергіту сәті
«Гүлдер тау басында тұр. Жел соқты — гүлдер ырғалды. Жаңбыр жауды — жаңбыр саябырсыды. Күн шықты. Көбелектер алдымен оң жағынан, кейін сол жағынан ұшып келіп қонды».
Оқушылар қимыл-қозғалыс арқылы бой сергітіп, назарын қайта шоғырландырады.
Екінші сарамандық кезең
Матадан тігу әдісі арқылы гүлді аяқтау. Бейнеклип көрсетіліп, орындау жолдары кезең-кезеңімен түсіндіріледі.
Ой қорыту және бағалау
Тілек айту
Екі топ бір-біріне жасаған гүлдерін табыстап, жылы сөздер мен игі тілектер білдіреді.
«Құмыраны толтыру»
Әр топ өздері тіккен гүлдерден ортақ құмыраны безендіріп, нәтижені бірге тамашалайды.
Бағалау
Ұпайлар есептеліп, белсенділік пен ұқыптылық ескеріледі. Көп ұпай жинаған топ мадақталады.
Қорытындылау: «Еңбекқорлар еліне саяхат»
Сабақты қорытындылау үшін «Не үйрендік? Не білдік?» сұрақтарына жауап беріледі. Әр дұрыс жауап еңбекқорлар елінің «картасын» әртүрлі суреттермен безендіруге көмектеседі.
Жүректен — жүрекке
Сабақ сәрсенбі күні өткендіктен «Сәрсенбі — сәтті күн» деген ырымды жалғастырып, оқушылар кішкентай жүрекшелерге тілек жазып, бір-біріне бата береді.
Тілек үлгілері
- Керім, еңбегің жемісті болсын!
- Айым, «еңбек етсең емерсің» дегенді жадыңда сақта.
- Қуат, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Әділ, өмірдегі тірегің еңбек болсын.
- Ерлан, Абай атамыз айтқандай: «Еңбек — қуаныш, жалқаулық — айырылмас азап». Ешқашан жалқау болма.
Сабақтың идеясы
Гүл жасау — тек қолөнер емес. Бұл ұқыптылықты, шыдамдылықты, бірлесіп әрекет етуді және еңбектің қадірін түсінуді үйрететін тәжірибе.
Есте сақтайтын ой
Еңбек — адамның көркем мінезін қалыптастыратын ең сенімді жол.