Өнеге сағат тақырыбы

Өнеге сағатының тақырыбы

«Менің анам — Алтын!»

Мақсаты

Ана туралы көркем сөздер, өлеңдер, әндер және бейнематериалдар арқылы аналарды, сыныптас қыздарды мерекемен құттықтау; оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу; ұстазға және ата-анаға деген құрметті арттыру; ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Шарлар
  • Бейнефильмдер
  • Презентация
  • Мақал-мәтелдер

Барысы

(Музыка әуені ойнап тұрады.) Ана туралы монолог.

Анаға арналған сөз

1-оқушы (Әлішер)

Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі — аналар, Ана деп бас иеді күллі халық. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар, Аналардан туған небір даналар. Ана деген — тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қош келдіңіздер, аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! «Менің анам — Алтын!» атты өнеге сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Хор

«Менің анам — Алтын!» әні орындалады.

Кіріспе (мұғалім)

Құрметті аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар, әжелер мен әпкелер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келген төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Бұл көркем мерекенің мәні әрқашан ерекше. Өйткені аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді. Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Осы мерекеге орай 1-сынып оқушылары «Менің анам — Алтын!» өнеге сағатын ұсынады. Сіздерді шақырудағы мақсатымыз — өз махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді, сыйластығымыз бен ілтипатымызды, шексіз алғысымызды жеткізу.

Бала — ана үшін ең қымбат. Ананың махаббаты — ең пәк, ең қасиетті. Ана — баланың алғашқы мұғалімі әрі ең жақын досы. Әлемде анадан жақын, анадан ыстық жан жоқ.

Мереке тарихына қысқаша шолу

Бұл мерекені алғаш атап өтуді ұсынғандардың бірі — неміс саясаткері Клара Цеткин. Ол 8 наурызда Францияда өткен әйелдер шеруімен тікелей байланысты. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні 1910 жылдан бастап кеңінен мерекелене бастады.

Өлеңдер мен құттықтаулар

2-оқушы (Зерда)

Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша, аяулы ана, тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

3-оқушы (Мейрамбек)

Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден Аналарға сыйлаймыз.

(Гүлдерді аналарға ұсыну рәсімі жүргізіледі.)

4-оқушы (Диас)

Сенен өскен балалар — Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті біздің аналар!

5-оқушы (Руслан)

Ақ анашым, аппақым, Өзің жайлы тақпағым. Өзің жайлы әнімді Арнадым саған, жаттадым.

Сұхбат: «Ана» деген кім?

Мұғалімнің сұрағы

Балалар, айтыңдаршы: АНА деген кім?

Ортақ жауаптар

  • Нұр, өмір сыйлаушы
  • Дана, данышпан, кемеңгер
  • Ұстаз, тәрбиеші
  • Жылу беретін күн

«Ана» — бұл біз күн сайын айтатын ең ерекше әрі ең аяулы есім. Ана — бізге жарық пен жылу сыйлайтын Күн.

Тілдің жылылығы

«Мама» сөзі әр халықтың тілінде бар, әрі барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.

Ана қандай?

Ана — ақылды, сұлу, нәзік, мейірімді, ардақты, аяулы жан.

Өнеге сағатының бөлімдері

Ақылды да сұлу аналарға арналған өнеге сағаты 5 бөлімнен тұрады:

  1. 1) Таныстыру

    Бала анасын, ана баласын таныстырады: әнмен, қарасөзбен немесе шағын көрініспен.

  2. 2) «Ақ мамам» әні

    Балалар аналарымен бірге «Ақ мамам» әнін орындайды.

  3. 3) «Ас — адамның арқауы»

    Үйден мерекелік тағам әкелінеді. Балалар әр тағамның құрамымен таныстырады.

  4. 4) Ойындар

    «Анама гүл сыйлаймын» (көз байлау)

    Баланың көзі байланады: ол анасын тауып алуы керек.

    Шармен ойын

    Аналар шар жарады. Шардың ішіндегі сұраққа жауап береді.

    Ойын: «Анаңды даусынан таны»

    Алты ана балаларымен ортаға шығады. Балалар аналарынан теріс бұрылып тұрады да, біркелкі дауыспен: «Құттықтаймыз, ана!» — дейді. Жетекші нұсқаған ана: «Рахмет!» — деп жауап береді. Бала қайсысы өз анасының дауысы екенін тауып айтуы керек.

  5. 5) Өнер көрсету

    Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салады: ән, би, тақпақ немесе көрініс.