Қазақ тілі қай тілер қай тілдер

Кіріспе

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Тәрбиенің ең тамаша мектебі — отбасы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі мен оның жан-жақты дамуы туралы ой бөлісеміз.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам дүниеге келген сәттен бастап, сол ортаның ыстығы мен суығына бейімделіп, ықпалын қабылдап, осында ер жетеді.

Әке — шаңырақ иесі, отбасы жауапкершілігінің салмағын көтеретін тірек. Ана — отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп-тәрбиелеу — ата-ананың ортақ міндеті: бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті әрі тәрбиелі ұрпақ — отбасы мен мектептен алған үлгі-өнегенің жемісі.

Өту барысы

I. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Ата-аналар мен оқушыларды екі топқа бөлу.

I бөлім. Таныстыру

Топтар: «Алтын ұя» және «Берекелі отбасы». Әуелі әр топ атауын таныстырып, қысқаша мағлұмат береді. Кейін әр отбасы өзін таныстырады.

II бөлім. «Білімдіге дүние жарық»

Бұл бөлім топтардың шапшаңдығы мен білімін байқатады. Викториналық сұрақтар ата-аналарға және оқушыларға жеке беріледі.

Ата-аналарға — I топ

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікті қашан алды? (1991 ж., 16 желтоқсан)
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
  3. Шоқанның әжесі кім? (Айғаным)
  4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері кім? (Құрмаш)
  5. Қандай ұлттық тағамдарды білесіз? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат)
  6. Үстеудің неше түрі бар? (7)
  7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
  8. Күй атасы кім? (Құрманғазы)
  9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес)

Ата-аналарға — II топ

  1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989 ж.)
  2. Абайдың туған жылы? (1845 ж.)
  3. Қазақ даласының «жарық жұлдызы» кім? (Шоқан)
  4. «Ақылды» сөзінің түбірі қандай? (ақыл)
  5. Қазақ әліпбиін жасаған кім? (А. Байтұрсынов)
  6. Ұлттық киімдерге нелер жатады? (тақия, бешпет, қамзол, сәукеле, тон, кимешек, т.б.)
  7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде)
  8. Тұңғыш кемеңгер деп кімді атаймыз? (Ыбырай)
  9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз. (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату, т.б.)

Оқушыларға — I топ

  1. Балдан тәтті не? (бала)
  2. Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
  3. Балаға кім сыншы? (ата)
  4. Әкеден балаға берілетін дүние? (мұра)
  5. Үйдегі «алтын адам» кім? (ана)
  6. Бес дұшпанды атаңдар. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
  7. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
  8. ҚР «Баланың құқықтары туралы» заңы қашан қабылданды? (2002 ж., 8 тамыз)
  9. Жасөспірім неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)

Оқушыларға — II топ

  1. Тәрбие мен білімнің ордасы? (мектеп)
  2. 18 жасқа толмаған адам? (бала)
  3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С. Назарбаева)
  4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы? (достық)
  5. Қазақстанда міндетті білім беру деңгейі қандай? (орта)
  6. Бес асылды атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
  7. Үш арсызды ата. (ұйқы, тамақ, күлкі)
  8. Үш қуаныш. (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
  9. Мемлекеттік рәміздерді ата. (елтаңба, ту, гимн)

III бөлім. «Болашағымыз білімді жастардың қолында»

Сурет салу байқауы. Екі топ сурет салғанша, шағын көрініс көрсетіледі (кейіпкерлер: Бүлдірген, Күлдірген, Бастауыш). Көріністен кейін топтар өз жұмыстарын қорғап шығады.

IV бөлім. «Тығырықтан шығу»

Жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлеріңізді білдіресіздер.

Ата-аналарға арналған жағдаяттар

  1. Балаңыз озат оқушы, бірақ үй шаруасына араласқысы келмейді. Қызықтыру үшін не істейсіз?
  2. Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы тиіс, алайда теледидар қарап отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
  3. Бала сырттан қатты ашуланып келіп, бөлмесіне кіріп алып шықпай қойды. Не істейсіз?
  4. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келеді. Бұл жағдайды қалай шешесіз?
  5. Үй шаруасына бола баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
  6. «Қарны тоқ, көйлегі көк болса болды; тәртібі мен оқуына уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға көзқарасыңыз қандай?

Оқушыларға арналған жағдаяттар

  1. Жақын, адал досың бар, бірақ ата-анаң ол достыққа қарсы. Не істейсің?
  2. Көктемде жолдасың сабақтан тыс дүниеге көп алаңдап, үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
  3. Үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені тек біліміңмен бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді байқамайды. Не істейсің?
  4. Мұғалім ертеңге жұмыс тапсырды, бірақ белгілі себептермен орындап үлгермедің. Не істейсің?
  5. Тәртіп бұздың, мұғалім қатты ескерту жасады. Не істейсің?
  6. Сыныпта себепсіз көп қалатын оқушы бар. Оған көзқарасың қандай?

V бөлім. Тіл өнері — мақал-мәтелдің жалғасын табу

Қай топ бірінші қол көтерсе, сол топ жауап береді.

  1. Атаға қарап — ұл өсер, анаға қарап — қыз өсер.
  2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
  3. Ата-ананың қадірін — балалы болғанда білерсің.
  4. Атаның баласы болма, халықтың баласы бол.
  5. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
  6. Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
  7. Ата көрген — оқ жонар, ана көрген — тон пішер.
  8. Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.
  9. Туған үйдің түтіні жылы, туған ананың күтімі жылы.
  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, артыңа ауыр жүк артпа.
  11. Бала — ананың бауыр еті, көз нұры.
  12. Әке — асқар тау, ана — шалқар көл.

VI бөлім. Пікірталас

Тақырыбы: «Қазіргі таңда жастардың батысқа еліктеуі дұрыс па?»

I топ

Дұрыс емес.

II топ

Дұрыс.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Еліміздің келешегі — бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты» деген пікірі бұл бөлімнің маңызын айқындай түседі.

VII бөлім. «Сөз тапқанға…»

Берілген әріптерден басталатын сөздермен жылдам жауап бересіздер (ауызша ойын форматы).

I топқа сұрақтар

  1. Тілді қадірлейсіз бе?
  2. Орысша сөйлеуге қызығасыз ба?
  3. Мерекеге қандай киім киесіз?
  4. Кітап оқығанды ұнатасыз ба?
  5. Лотереядан ақша ұтсаңыз, не істейсіз?
  6. Достарыңыз кімдер, көп пе?
  7. Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?
  8. Түнде аспанда не болады?
  9. Баланың бас ұстазы — ата-ана ма?
  10. 16 желтоқсанда қандай мерекені тойлаймыз?

II топқа сұрақтар

  1. Тіл сүйектен өте ме?
  2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
  3. Мектепке немен келесің?
  4. Көршіңмен татусың ба?
  5. Ауа райы салқын ба?
  6. Дүниедегі ең қымбат жан кім?
  7. Түлкі неліктен қу аң?
  8. Су — тіршілік көзі ме?
  9. Бақыт дегеніміз не?
  10. Ит — жеті қазынаның бірі ме?

Қорытынды

Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылай отырып, қатысқан ата-аналарға алғыс айтамын. Отбасыларыңызға қуаныш пен береке тілеймін. Балаларыңыз күннің шуағындай жайнап, әрдайым қуанышқа бөлей берсін!

Балалар, сабақты жақсы оқып, үлкендерді тыңдап, сыйлай білейік. Қорытынды сөз тәрбие ісі меңгерушісіне беріледі.