Мынау мектеп

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Мектеп

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

  • Мәтіндер мен тапсырмалар
  • Суреттер, слайдтар
  • Смайлдар (ынталандыру үшін)
  • Сөзжұмбақ

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық

Оқушыларға мектеп туралы, оның жұмысы мен мектептегі үйірмелер жайында түсінік беру; достары туралы әңгімелеуге бағыттау.

2) Дамытушылық

Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, бір-бірімен тілдесуге және диалог жүргізуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

Өздері білім алып отырған білім ордасын құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу Диалог құрау Түсіндіру Сұрақ-жауап Тапсырма орындау Ассоциация құру Дидактикалық ойын

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және сабақтың кіріспесі ретінде М. Мақатаевтың өлең жолдарын бірге оқу ұсынылады:

Мектебің мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

Кезекшімен қысқа диалог (жұмыс ырғағын қалыптастыру):

  • Бүгін нешесі?
  • Сыныпта кім жоқ?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қазір қандай мезгіл? (Көктем)
  • Көктем айларын ата (наурыз, сәуір, мамыр)
  • Қазір көктемнің нешінші айы? (бірінші)
  • Көктемде ауа райы қандай? (күн жылынады, құстар ұшып келеді)

Ынталандыру

Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыға смайл беріледі.

Топқа бөлу

Оқушылар түстер арқылы 3 топқа бөлінеді: Сары, Көк, Жасыл.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Тақырыбы: мектеп және білім туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
  • 1–2 оқушы жауап береді; белсенді оқушыларға смайл беріледі.

3) Жаңа сабақ

Тақырыпты анықтау: сөзжұмбақ

Орысша сөздердің қазақша баламасын табу арқылы сөзжұмбақ шешіледі (дұрыс жауапқа смайл беріледі).

  1. Учитель
  2. Школа
  3. Книга
  4. Доска
  5. Тетрадь
  6. Предмет

Қорытынды: бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Мектеп».

Ой қозғау

  • Мектеп туралы не білеміз?
  • «Мектеп» сөзін естігенде қандай ассоциациялар пайда болады?

Осы бөлімде мектеп туралы слайд көрсету ұсынылады.

Диалог құрастыру (үлгі)

Сұрақтар

  • Мектебің қай көшеде орналасқан?
  • Мектебің неше қабатты?
  • Мектебің қандай?
  • Мектебің саған ұнай ма?
  • Мектеп директоры кім?
  • Мектепте қандай кабинеттер бар?
  • Тағы нелер бар?

Жауап үлгілері

  • Менің мектебім Панфилов көшесінде орналасқан.
  • Мектебім үш қабатты.
  • Мектебім үлкен, жарық, әдемі, кең.
  • Иә, әрине.
  • Мектеп директоры — А. П. Плотко.

Қорытындылау сұрағы: диалог дегеніміз не? Диалог — екі адамның бір-бірімен пікір алмасып, әңгімелесуі.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау ұсынылады.

4) Тапсырмалар орындау

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар мәтінді оқып, аударып, мәтін негізінде диалог құрайды. Әр топ жеке тапсырма орындайды.

Мәтін

Мынау — мектеп. Ол үш қабатты.

Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика т.б. кабинеттері бар. Олар кең, жарық.

Мұнда асхана, спорт залы, емдеу кабинеті бар.

Оқушылар кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады.

Мектеп — білім ордасы. Біздің мектепке қош келдіңіздер!

1-топ (сұрақ-жауап)

  • Мынау не? — Мынау мектеп.
  • Мектеп неше қабатты? — Мектеп үш қабатты.
  • Қандай кабинеттер бар? — Қазақ тілі, орыс тілі, математика кабинеттері бар.
  • Олар қандай? — Олар кең, жарық.
  • Тағы нелер бар? — Асхана, спорт залы, емдеу кабинеті бар.
  • Оқушылар не істейді? — Кітап оқиды, дәптерге жазады, сурет салады.
  • Мектеп дегеніміз не? — Мектеп — білім ордасы.

2-топ (сөйлемді толықтыру)

  • Мынау ________?
  • Мектеп неше ________?
  • Қандай кабинеттер ________?
  • Олар ________?
  • Тағы нелер ________?
  • Оқушылар не ________?
  • Мектеп дегеніміз ________?

3-топ (үлгі бойынша құрастыру)

  • Мынау ________?
  • Мектеп ________ қабатты.
  • Мектепте ________, ________, ________ бар.
  • Олар ________, ________.
  • Мұнда ________, ________, ________ бар.
  • Оқушылар ________ оқиды, ________ жазады.
  • Мектеп — ________ ордасы.

Негізгі сөздер

Мәтіннен негізгі сөздерді табу: білім, мектеп.

1-топ: «мектеп» сөзін септеу

  • Атау: мектеп
  • Ілік: мектептің
  • Барыс: мектепке
  • Табыс: мектепті
  • Жатыс: мектепте
  • Шығыс: мектептен
  • Көмектес: мектеппен

2-топ: «мектеп» сөзін тәуелдеу

  • Менің мектебім
  • Сенің мектебің
  • Сіздің мектебіңіз
  • Оның мектебі

3-топ: сөйлем құрау

«Мектеп» сөзімен 3 сөйлем құрастырыңыз.

Өзара тексеру

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Бағалау критерийі

  • 5 — 1 қате
  • 4 — 2–3 қате
  • 3 — 4–5 қате

Дұрыс орындаған оқушының жұмысын дауыстап оқыту және смайл беру ұсынылады.

5) Дидактикалық ойын

Тапсырма: сөздерді дұрыс ретпен орналастырып, сөйлем құраңыз.

  1. Барды, мектепке, балалар, таңертең.
  2. Сабақта, өтті, жаңа, тақырыптар.
  3. Екі, қабатты, мектеп.
  4. Көп, оқиды, оқушылар, мектепте.

6) Қорытынды

  • Бүгін біз не туралы әңгімелестік?
  • Біздің мектебіміз қандай?
  • Мектеп неше қабатты?
  • Мектепте нелер бар?

7) Үй тапсырмасы

«5» деңгей

«Мектеп» тақырыбына 5 сөйлем құрау.

«4» деңгей

«Мектеп» тақырыбы бойынша 3–4 сөз тіркесін құрау.

«3» деңгей

«Мектеп» тақырыбы бойынша сурет салу.

8) Бағалау

Оқушылар смайл санына сәйкес бағаланады.

9) Қоштасу

Сабақ ұнаса, тілектеріңізді жазып қалдырыңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.