Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Горный ЖББОМ КММ
Мұғалім: Жағыпарова Арай Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану арқылы білімді тиянақтау; есеп шығару дағдыларын дамыту, жетілдіру және шыңдау.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Өз бетінше және топпен жұмыс істеуге, алған білімді жүйелей білуге дағдыландыру.
Оқыту әдістері мен көрнекіліктер
Оқыту әдістері
- Топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Іздендіру
- Ойын түрлері
Көрнекіліктер
Сабақтың жоспары
- I Ұйымдастыру
-
II Білімдерін тиянақтау
- «Бәйге»
- «Теңге ілу»
- «Ханталапай»
- «Ақсүйек»
- «Арқан тартыс»
- III Қорытындылау
- IV Үй тапсырмасын беру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Білімді тиянақтау
Сабақта ұлттық ойын элементтері арқылы ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы бекітіледі. Тапсырмалар толық нұсқада беріледі.
1) «Бәйге»
Бұл ойынның шарты бойынша жүйрік сәйгүліктер жарысады. Сендердің барлығың білімдісіңдер, ендеше аламан бәйгеге қатысайық. Әр оқушы берілген есептерді шығарып, жауаптың дұрыстығын дәлелдейді.
2) «Теңге ілу»
Бұл ойын ептілікті шыңдайды: ат үстінде шауып бара жатып, жердегі теңгені іліп алады. Сабақта оқушылар «алтын теңгелердің» бірін таңдап, оқулықтағы соған сәйкес мысалды талдап, тақтада орындайды.
3) «Ханталапай»
Ойын шарты бойынша шашылған асықты кім көп жинаса, сол ұтады. Мұнда мұғалім асықтарды «шашады»: кімге қандай нөмірлі асық түссе, сол нөмірге сәйкес есепті шығарады.
4) «Ақсүйек»
Бұл ойынды айлы түнде жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған. Біз де осы тәсілді «жауапты іздеу» қағидасымен қолданамыз: есепті шығарып, дұрыс нәтижені табамыз.
5) «Арқан тартыс»
Ойынның негізгі шарты — екі топтың күш сынасуы. Бұл сабақта топтар күшті емес, білімді сынайды: тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған топ ұпай жинайды.
III. Қорытындылау
Оқушылардың жұмыс нәтижелері талданып, негізгі тәсілдер мен қателер қорытындыланады. Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолданудағы ережелер қысқаша қайталанады.
IV. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы сабақта қарастырылған тақырыпты бекітуге бағытталады (тапсырмалар толық нұсқада көрсетіледі).