Қуанатын күн бүгін

Сабақ тақырыбы

О дыбысы және әрпі

Мақсаты

а) Танымдық мақсат

  • Балаларды «О» дыбысы және «О» әрпімен таныстыру.
  • Сөз ойлатқызу, сөйлем құрату, сөз ішіндегі орнын анықтатуды үйрету.
  • Дыбыстық талдау жасату және сөзді буынға дұрыс бөлуді қадағалау.

ә) Дамытушылық мақсат

  • Ойлау қабілеті мен дүниетанымды кеңейту.
  • Шығармашылық жұмыс арқылы сөздік қорды молайту.
  • Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өріс пен тіл дамыту.

б) Тәрбиелік мақсат

  • Қаламды дұрыс ұстауға дағдыландыру.
  • Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бір-біріне қамқор болуға және жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі

Сұрақ-жауап Түсіндіру Топтастыру

Көрнекілігі

  • Кеспе әріптер
  • Суреттер
  • Әліппе дәптері
  • Электронды оқулық

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту Математика

Барысы

I

Ұйымдастыру

Сабақты жылы көңіл-күймен бастау және оқушылардың назарын шоғырландыру.

Шаттық шеңбері

Армысың, ардақты Аспан ата!

Армысың, мейірімді Жер ана!

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қуанатын күн бүгін.