Алшақ будандастырудың Мичуиндік әдістері

Ашық сабақ туралы мәлімет

Ашық сабақтың тақырыбы «Агрономия және шарап жасау технологиясы» пәндер кафедрасының мәжілісінде қаралып, мақұлданды. Кафедра меңгерушісі: Аханов Д. Д.

Сабақтың тақырыбы

Алшақ будандастырудың Мичуриндік әдісі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Әр студенттің және бүкіл топтың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімін тексеру, Мичуриндік әдістердің мәнін түсіндіру.

Дамытушылық

Ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, өздігінен ойлауды дамыту, өз жетістігін бағалауға үйрету.

Тәрбиелік

Білімді күнделікті өмірде қолдануға баулу, ғылымға қызығушылықты ояту, өзіндік ізденіске дағдыландыру.

Ұйымдастыру және ресурстар

  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, филворд, «Сөз ілгек» ойыны.
  • Сабақтың түрі: аралас сабақ.
  • Әдістері: әңгімелесу, жылдам ойлау дағдыларын дамыту, мәселе қоя білу, деңгейлік тапсырмалар.
  • Пәнаралық байланыс: биология, валеология.

Сабақты өткізу жоспары

  1. I Ұйымдастыру.
  2. II Өтілген тақырыпты пысықтау.
  3. III Жаңа материалды түсіндіру.
  4. IV Білімді бағалау.
  5. V Үй тапсырмасын беру.
  6. VI Сабақты аяқтау, қорытындылау.

Сабақтың барысы

I кезең. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, қатысушыларды түгендеу, студент назарын сабаққа аудару және аудиторияның жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету.

II кезең. Өтілген тақырыпты пысықтау

Үй тапсырмасы сұралып, тексеріледі. Қайталау жұмысы «Кім жылдам?», филворд және «Сөз ілгек» ойындары арқылы жүргізіледі.

Қайталау сұрақтары

  1. 1. Мутагендердің үш түрі қандай?
  2. 2. Селекция дегеніміз не?
  3. 3. Селекцияның теориялық негізін қалаған кім?
  4. 4. Алғаш рет қырыққабат пен шомырды будандастырған орыс ғалымы кім?
  5. 5. Жасушадағы хромосома санының өзгеруінен туындайтын геномдық мутация қалай аталады?
  6. 6. Радиоактивті, ультракүлгін, лазер, гамма сәулелері және жоғары/төмен температура әсерінен болатын мутагендер қай топқа жатады?
  7. 7. Зәйтүн ағашы, орманжапырақ, көптеген көкөністер мен мал азықтық дақылдардың шығу орталығы қай аймақ?
  8. 8. Жылқы мен есекті шағылыстыру нәтижесінде алынатын ұрпақ қалай аталады?
  9. 9. Темекі мен махорканы алғаш будандастырған ғалым кім?
  10. 10. Колхицин, этиленамин, никотин қышқылы әсерінен болатын мутагендер қай топқа жатады?
  11. 11. Геномда мутация тудыратын вирустар қалай аталады?
  12. 12. Сорт немесе тұқым дегеніміз не?
  13. 13. Мутация тудыратын фактор қалай аталады?

Филворд тапсырмасы

Филвордтан будандаспаушылықты жою әдістерінің атауларын табыңдар.

В О Р К Д Б Е П И Г Л Ц Т П А Н

Жауабы: вегетатив, биотик, реципрок, плоид, генетика.

«Сөз ілгек» ойыны

«Будандастыру» тақырыбынан бір сөз айтылады. Келесі студент алдыңғы сөздің соңғы әрпінен бастап жалғастырады.

Мысал тізбек: беккроссСоланаумэкаулеегістікконвергенттозаңдандыру → …

III кезең. Жаңа материал: алшақ будандастырудың Мичуриндік әдістері

И. В. Мичурин жасаған будандастыру принциптері мен әдістерін қолдану және оны әрі қарай дамыту — селекция тәжірибесі үшін маңызды бағыт. Ол адамға пайдалы белгілер мен қасиеттерді тиімді ұштастыратын будандар алу үшін ұрықтану процесін басқарудың жолдарын жүйелі түрде іздестірді.

Негізгі идея

Мичурин жеміс ағаштары селекциясында әріден (алшақ) будандастыру тәсілін кең қолданып, будандасушылықты арттыру және алшақ будандардағы ұрықсыздықты жою әдістерін ұсынды. Ол ата-ана өсімдіктерінің жасын, жалпы физиологиялық күйін және аналық өсімдіктегі тозаңданатын гүлдердің орналасуын міндетті түрде ескерді.

1) Вегетативтік жақындастыру

Әдетте өзара будандаспайтын түрлерді будандастыруға мүмкіндік береді. Әдістің мәні — будандастырылатын өсімдіктерді алдын ала телу. Бірінші гүлдегенде телінген аталық өсімдіктің тозаңымен теліген аналық өсімдік тозаңдандырылады.

2) Делдал (аралық) әдіс

Бұл — үш түрді қатыстыру арқылы жүргізілетін будандастыру. Бір түр алдын ала екінші түрмен будандастырылып, одан алынған будан кейін үшінші түрмен будандастыруға қолданылады.

Мичурин бұл тәсілді жабайы шабдалыны мәдени шабдалымен будандастыруда пайдаланған. Кей жағдайларда мәдени картопты жабайы түрлерімен будандастыруда да тиімді: алдымен олар Соланаумэкауле өсімдігімен будандастырылады, кейін алынған будан-делдал мәдени картоптың алдын ала таңдалған сорттарымен будандастырылады.

3) Тозаң қоспасымен тозаңдандыру

Аналық өсімдіктің аналық аузына әртүрлі түрлердің, тіпті туыстардың да тозаңы қоспа түрінде салынады. Осы тәсілмен Мичурин алма–алмұрт, сары өрік–қара өрік, шие–мойыл, айва–алмұрт будандарын алған.

4) Географиялық алыс формаларды будандастыру

Мичурин географиялық тұрғыдан алыс популяциялар мен сорттарды будандастыруға ерекше мән берді. Мысалы, алмұрттың қысқы «Берре» сорты жабайы уссури алмұрты мен оңтүстікте өсетін француздың «Берре» сортын будандастыру арқылы алынған.

Ментор әдісі және қанықтырушы будандастыру

«Бельфлер–Қытайка» сортын шығару барысында Мичурин буданда қолайсыз белгілерді әлсіретіп, құнды белгілерді күшейтуге мүмкіндік беретін ментор әдісін ұсынды.

Мәдени түрлерді жабайы түрлермен будандастырғанда жабайы түр белгілері жиі басым келеді. Сондықтан мәдени түрге тән құнды қасиеттерді күшейту үшін қанықтырушы будандастыру қолданылды.

Будандардағы ұрықсыздық және оны жою

Будандардың нашар өсімталдығы немесе толық тұқымсыздығы маңызды мәселе ретінде қарастырылады. Бірінші ұрпақ буданның тұқымсыздығын төмендету үшін қайыра будандастыру (беккросс) және өсімдіктегі хромосома санын екі еселеу тәсілдері қолданылады.

Ұрықсыздық деңгейі будандастырылатын түрлердің филогенездік жақындығына, сондай-ақ бірінші ұрпақта гомологиялық хромосомалар немесе тұтас геномдардың бар-жоғына байланысты. Кей жағдайларда толық сәйкестік (асинтез) болғанда будандар тұқым бере алады (мысалы, қара бидай–бидайық, бидай–жауқияқ және т.б.).

Алшақ будандастырудың кең мағынасы

Алшақ будандастыру адамның жаңа түрлер мен формаларды құрастыруына жол ашып, оларды қайыра будандастыру (беккросс) арқылы тиімді бағыттауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар генетикада транслокациялар мен жасуша культураларын пайдалану арқылы гендердің хромосомадағы орналасуын нақтылау мүмкіндігі артты (транслокация — хромосома бөлігінің басқа хромосомаға ауысуы). Әртүрлі транслокациясы бар жасушаларды жасанды түрде алып, хромосоманың жеке бөліктерін кезекпен алып тастау арқылы жеке гендердің дәл орналасуын анықтауға болады.

Генетикалық картаны толықтыру — тұқым қуалайтын ауруларды ерте болжауға және болашақта генетикалық аппараттағы ақауды сау жасушадан алынған немесе зертханада синтезделген бөліктермен алмастыруға негіз қалайды.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

  1. 1. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі дегеніміз не?
  2. 2. Генетикалық сұрыптау әдісінің тұжырымы және буданның бірінші ұрпағының біркелкілік ережесі неде?
  3. 3. Басымдылық (доминант) дегеніміз не?
  4. 4. Буданның екінші ұрпағындағы жіктелу және гаметалардың тазалық заңдылығының ережесі қандай?
  5. 5. Мутация дегеніміз не? Оның эволюция мен селекциядағы маңызы неде?
  6. 6. Полиплоидия дегеніміз не?
  7. 7. Өзгергіштіктегі гомологиялық қатар заңдылығының мәні неде?
  8. 8. Будандастыру дегеніміз не және ол не үшін қолданылады?
  9. 9. Будандастырудың қандай түрлері бар және олар қалай қолданылады?
  10. 10. Өсімдіктерде қолдан будандастыруды қалай жүргізеді?

Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы

Қорытынды талқылау

  • Бүгін қандай тақырыпты қарастырдық?
  • Нені түсініп, нені меңгеруіміз керек?
  • «Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?»

Білімді бағалау

Студенттердің жауаптары мен тапсырмалар орындауы негізінде білім деңгейі бағаланады.

Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқып келу және глоссарий құрастыру.

Сабақ аяқталды. Уақыт бөліп қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз.