Мәтінді қызыл түске боя

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді және мәтінге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.

Дамытушылық

Логикалық ойлауын кеңейту, сабаққа қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Өз бетінше жұмыс істеуге, тапсырманы мұқият әрі тиянақты орындауға үйрету. Пәнге және мамандыққа қызығушылығын күшейту.

Сабақ жоспары

  1. 1

    Ұйымдастыру бөлімі

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    • Перфокарта
    • Кім жылдам?
    • Қатесін тап!
  3. 3

    Жаңа сабақ

    WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

  4. 4

    Практикалық жұмыс

  5. 5

    Жаңа білімді бекіту

    • Сәйкестікті анықта
    • Кестені толтыр
    • Техникалық диктант
    • ActivVote арқылы тест: «Не үйрендік, не білдік?»
    • «Өзің таңда!» деңгейлік тапсырма
    • «Кім білімпаз?»
  6. 6

    Білімді бағалау

  7. 7

    Үй тапсырмасын беру

  8. 8

    Қорытынды

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпты сабаққа дайындау, қатысымды белгілеу.
  • Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

A) Перфокарта

WordPad редакторының құралдар тақтасындағы батырмаларды қаншалықты есте сақтадың? Оқушылар перфокартаны толтырады.

B) «Кім жылдам?»

Оқушылар карточкадан сұрақ нөмірін таңдап алып, жылдам жауап береді.

C) «Қатесін тап!»

Пернетақта пернелерінің қызметіне қатысты қате тұжырымдарды түзету.

«Кім жылдам?» сұрақтары

  1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы қандай?
  2. WordPad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата.
  3. Құралдар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
  4. Мәзір жолағындағы мәзір атауларын ата.
  5. «Файл» мәзірінде қандай командалар орналасқан?
  6. Тақырып жолағында не көрсетіледі?
  7. WordPad терезесінде қалып-күй жолағы қайда орналасқан?
  8. Мәтінді беттің ортасына туралау үшін қай батырма қолданылады?

Қате нұсқа

  • Enter — бас әріппен жазу
  • Shift — жаңа жолға көшіру
  • CapsLock — бас әріптер режиміне ауысу
  • Backspace — меңзердің сол жағындағы таңбаларды өшіру
  • Delete — меңзердің оң жағындағы таңбаларды өшіру

Дұрыс нұсқа

  • Enter — жаңа жолға көшу
  • Shift — бас әріптерді теру
  • CapsLock — бас әріптер режиміне ауысу
  • Backspace — меңзердің сол жағындағы таңбаларды өшіру
  • Delete — меңзердің оң жағындағы таңбаларды өшіру

III. Жаңа сабақ: WordPad мүмкіндіктері

Негізгі ұғым

Мәтін үзіндісі — мәтіннің белгіленген (таңдалған) бөлігі.

Үзіндімен жұмыс

  • Үзіндіні көшіру: құралдар тақтасындағы көшіру батырмасы немесе Өңдеу → Көшіру (Правка → Копировать).
  • Үзіндіні қиып алу (жылжыту үшін): Өңдеу → Қиып алу (Правка → Вырезать).
  • Үзіндіні қою: қою батырмасы немесе Өңдеу → Қою (Правка → Вставить).

Іздеу, ауыстыру, дата/уақыт

  • Күн мен уақытты кірістіру: батырма арқылы немесе Кірістіру → Күн мен уақыт (Вставка → Дата и время).
  • Іздеу: Өңдеу → Іздеу (Правка → Найти).
  • Ауыстыру: Өңдеу → Ауыстыру (Правка → Заменить).

WordPad құжатына сурет кірістіру

Құжатқа суретті Paint графикалық редакторынан немесе басқа дереккөздерден енгізуге болады.

  1. Суретті белгілеп, Правка → Копировать командасын таңда.
  2. WordPad құжатын ашып, Правка → Вставить командасын орында.

Практикалық жұмыс

Тапсырма

  1. Мәтінді тер.
  2. Мәтінді қызыл түске боя.
  3. Мәтіннің астына күн мен уақытты кірістір.
  4. «а» әрпін «о» әрпіне ауыстыр.
  5. Қаріпті Times New Roman, өлшемін 14 етіп орнат.

Терілетін мәтін

ИНТЕРНЕТ

Интернет — миллиондаған компьютерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізуге және түрлі тәсілдермен байланыс жасауға мүмкіндік беретін әлемдегі ең үлкен әрі ең танымал желі. «Интернет» сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. Интернеттегі ақпарат көбіне веб-сайттар түрінде ұсынылады.

Жаңа білімді бекіту

A) Сәйкестікті анықта

Тапсырмалар

  • Мәтін үзінділерін көшіру
  • Күн мен уақытты кірістіру
  • Мәтін үзінділерін қою
  • Мәтінді іздеу

Командалар

  • Правка → Вставить
  • Правка → Копировать
  • Правка → Найти
  • Вставка → Дата и время

Ескерту: Оқушы тапсырмалар мен командаларды дұрыс жұптастырады.

B) Техникалық диктант

.................................................. — бұл шағын .................................................. редактор. Оның көптеген мүмкіндіктері бар. Мысалы: мәтінді енгізуге, құжат құруға, мәтін үзінділерін .................................................., .................................................., .................................................., .................................................., .................................................., .................................................. болады.

Қажетті сөздер

WordPad мәтіндік жылжытуға көшіруге күн мен уақытты кірістіруге мәтінді іздеуге ауыстыруға суреттерді кірістіруге

C) Тест (ActivVote)

«Не үйрендік, не білдік?» тақырыбында ActivVote арқылы қысқа тест жұмысы орындалады.

D) «Кім білімпаз?»

Сөздерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту (үштілділік дағдысын бекіту).

E) «Өзің таңда!» деңгейлік тапсырма

6 оқушыға тапсырма беріледі: өлең жолдарын дұрыс ретке келтір.

5-деңгей

А. Құнанбаев

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Дүниеге алған сайын тоя ма екен.

Қанша тірі жүрсе де өлген күні,

Бірдей-ақ өзге көзбен болады екен.

Оқушы берілген жолдарды реттеп, дұрыс нұсқаны құрастырады.

4-деңгей

Бұхар жырау

Ер жігітке жарасар қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар халқына тиген пайдасы.

Жолдардың орнын ауыстырып беруге болады (деңгейге сай).

3-деңгей

С. Торайғыров

Сүйемін туған тілді, ана тілді,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Оқушы өлең жолдарын дұрыс ретке келтіреді.

Бағалау және үй тапсырмасы

Білімді бағалау

Әр тапсырманы орындау барысында оқушылардың ұпайлары Excel бағдарламасына енгізіледі. Сабақ соңында ұпайлар есептеліп, баға автоматты түрде қойылады.

Үй тапсырмасы

«Интернет» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

Қорытынды

Сабақ соңында WordPad редакторында мәтін үзінділерімен жұмыс істеу, іздеу және ауыстыру, күн мен уақытты кірістіру, сондай-ақ сурет енгізу дағдылары қорытындыланып, негізгі ұғымдар қайталанады.